Мен өмірде жолы болмаған сорлы қыз болдым.Менің жігітіммен жүргеніме 4 жыл болды. Жасым 21-де. Көктемде үйленеміз деп жүрген едік. осы уақытқа дейін мені алдап келіпті. Әке-шешем бар (туған әкем өгей шешем), үйдің жалғыз баласымын деген. Бар шындықты түнде білдім, онда да мен оның достарынан, таныстарынан отбасын сұрастыра бастағасын өз аузымнан есті деп айтып берді.
Әке-шешесі 2011 жылы қайтқан, жетім бала болып шықты. 5 апасы, 1 ағасы бар екен. Олармен онша араласпайтын көрінеді, қасында мен жүрсем болды, туыстарын іздемейді де. Осы шындықты естіп, қатты күйзеліске ұшырадым. Менің үйімдегілер оның жетім екенін естісе не болады, көрсетпе дер ме екен, әлде оны ұмытып жаңа өмір бастайын ба?
Көп адам ол сенің теңің емес дейтін екеумізді көргенде. Бірақ ол менің айтқанымның бәріне көніп, бәрін істеп жүргесін, жүре беріппін еріп қасында. Көзім соқыр болыпты. Өмір сүргім келмей кетті, сүйгенім, сенгенім 4 жыл бойы қасымда әдемі ертегі айтып жүрген екен.
Псиxологқа барып едім, жаңа өмір баста, ол жігітті ұмыт дейді, алдында зорға отырдым жылап жіберейін деп. Үлкен әпкелер, сіздер өз қыздарыңызды жетім балаға берер ме едіңіздер? Менің орнымда өзіңіз немесе қыздарыңыз болса қандай ақыл-кеңес айтар едіңіздер. Қалай жол көрсетер едіңіз?Маған қатты қиын болып тұр, көмектеріңізді ақыл- кеңестеріңізді беріңіздерші оны кешіре алар емеспін. Шындықты енді айтқанына, неге танысқанда айтпағанына өкінем. Өзінен сұрасам, әке-шешем жоқ десем, мені тастап кетеді деп қорықтым дейді.
Аноним