Қазақ қыздарының шетелдік еркектермен көңіл көтеріп жүргенін көрсем қаным басыма шығады. Сол қыздың да, ана шетелдік келімсектің де тұмсығын бұзғым келіп тұрам. Сондай әрекет үшін бір рет опық та жедім. Бірақ бәрібір қаным қайнайды. Ал сол қыздардың анасы «менің қызымның кіммен жүретінінде шаруаң болмасын» деп өзіңді кінәлағанда, өзегің өртеніп кетеді екен.
Негізі менің мінезім сәл қызбалау. Сол мінезден талай таяқ та жедім. Бірақ мінез қойсын ба. Әйтсе де жасым отызға таяған соң ептеп басылғам. Бала кездегідей болмашы нәрсеге жаға жыртыса бермеймін. Бірақ қазақ қыздарының шетелдік еркектермен көңіл көтеріп «ырбыңдап» жүргенін көрсем, қаным басыма шығады. Бәлкім оған туысқан қарындасымның қылығы да түрткі болған шығар.
Алматыда жұмыс істеп жүргеніме үш жыл болды. Оған дейін Астанада төрт жыл жұмыс істедім. Жұмысым да тәуір еді. Табыс та көңілден шығып жүрген. Бірақ сол қызба мінездің кесірінен Астанадан кетуге тура келді. Бірде қасымдағы екі досыммен кафеден шығып келе жатқанбыз. Дәл кафенің алдында, көше бойында бір қазақ қызының шетелдікпен сүйісіп тұрғанын көргенде өзімді ұстай алмай қалдым. Үшеуміз жаңағы жексұрынды тепкінің астына алдық. Қыз «полиция, көмектесіңдер» деп айғайлап жатты. Оған көңіл аударып жатқан біз жоқ. Ана жексұрынды тепкілеп жатып полицияның келіп қалғанын байқамай да қалыппын. «Полиция, қаш» деген дауыс естілгенде ғана басымды көтердім. Қасымдағы екі досым анадай жерде қашып барады екен. Мен де солардың соңынан қаша жөнелдім. Үйлердің арасына кіргенде екі досымды көзден таса қылып алдым. Арқама бұрылып қарасам «тоқта» деп екі полицей қуып келеді екен. Жастайдан шеккен шылымның әсері боса керек, өкпем өшіп кетті. Полиция қуып жетті. Сөйтіп полиция бөлімінен бірақ шықтым. Ана түрік пен қазақ қыз екеуі бірігіп «жайдан-жай жабылып соққыға жықты» деп үстімнен арыз жазды. Тергеуші «жалғыз өзім төбелестім дегеннен танба» деді. Тергеушінің айтуымен мен солай деп түсініктеме жазып бердім. Ең сорақысы қыздың әке шешесі мені кінәлап, «түрмеге отырғызбай қоймаймыз» деп сес көрсетті. Бір күннен кейін қаладан кетпеу туралы қолқатпен босатты. Бірақ әр екі-үш күнде полиция бөлімшесіне шақырып, жұмыс істеуге мұрша бермеді. Сөйтіп жұмыстан да шығып қалдым. Бір күні тергеуші «істі сотқа өткізем, айыппұл төле де бұл қаладан кет. Әйтпесе ана қыздың әке-шешесі саған да, маған да маза бермейді» деді. Содан Алматыға кетуге мәжбір болдым.
Алматыда туысқан ағам бар. Ол қалаға ертеректе келген. Бастапқыда, пәтер тапқанша сол ағамның үйінде үш-төрт күн тұрдым. Ағамның бірі институт бітірген, бірі мектепте оқитын екі қызы бар. Екеуі де еркетотай. Тәрбиесі де орысша. Орысша сөйлейді. Әрине менің үйінде тұрғанымды жеңгем ұната қоймады. Сондықтан ол үйде көп кідірмей, ауылдас жігіттердің қасына пәтерге шықтым. Жеңгем ұнатпаса да, ағамның көңілі үшін ол үйге екі-үш айда бір рет барып тұрам. Қыздары да жат. Маған туысқан деп қарамайды. Мен бара қалсам, бөлмелерінен шықпайды. Ауыздарын жыбырлатып амандасқан болмаса, сөйлеспейміз. Содай кездерде ағам қыздарына «бұл сендердің ағаларың» деп жатса, жеңгем «прямой туысқан емес қой, аталас» десейші деп жағаласып отырады. Жеңгемнің сондай қылықтары көп. Кейде жыным келеді. Бірақ амал жоқ.
Ал жеңгемнің мына қылығы мені қатты қынжылтты. Бірде жалақы алған соң жігіттермен кафеге бардық. Ептеп сыра ұрттап отырғнбыз. Кафеге түрік жігітін қолтықтап алған қазақ қызы кірді. Түріктің құшағында тайраңдап келе жатқан қыз көзіме таныс көрінгендей болды. Анықтап қарасам, туысқан ағамның институт бітірген қызы. Ағам «қызым түріктердің фирмасында жұмыс істейді» дейтін. Дәл сол. Алғашында «бірге жұмыс істейтін қызметтесі шығар, жай бірге тамақтануға кірген болар» деп ойлағам. Бірақ олай болмай шықты. Біраз отырған соң қарындасым түріктің мойнына асыла бастады. Сүйіскенін көргенде қаным басыма шығып, шыдай алмадым. Орнымнан атып тұрып бардым да түрікті соққының астына алдым. Айғай-шу басталып кетті. Кафенің күзетшілері келіп ажыратты. Кім хабарлап үлгергенін бес минут болмай полиция жетіп келді. Мені потрульдік көлікке отырғызып, полиция бөліміне апарды. Сол жерге түрік пен қарындасым да келді. Көп ұзамай жеңгем де жетті. Шамасы қызы хабар берген болса керек. Ағам келген жоқ. Сөйтсем, ол демалысқа шығып, ауылға кеткен екен. Қызының қылығынан ұялған жеңгем болмады. Қайта маған «менің қызымды жолға салатын сен кімсің, бұдан кейін үйімнің табалдырығын аттаушы болма» деп айғайлап, аузына келгенін оттады. Полициядағылар «туыс болсаңыздар арыз жазбай-ақ қоярсыздар» деген. Түрік «жарайды» деп келіскенмен, жеңгем «соттатам» деп, алған бетінен қайтпай, түрік пен қызына арыз жазғызды. Олар кеткен соң полиция мені де босатты. Бірақ «туыс екенсіңдер ғой, сөйлес, арызын қайтып алсын» деді.
Ертеңінде телефон арқылы жеңгеммен сөйлесіп арызын қайтып алуын өтіндім. Қызының түрікпен сүйсіп отырғанын айттым. Сөйдесем, жеңгем «ол жігіті. Соған тұрмысқа шығады. Ол да мұсылман. Қазаққа тиіп, қайыршы болып жүргенше, түрікке тиіп адам сияқты өмір сүреді» дегенде одан әрі сөйлесудің қажеті жоқ екенін ұқтым. Ағаммен сөйлесіп едім екі күннен кейін келетінін айтты. Ағам келген соң арызды қайтарып алғызды.
Содан бері бір жыл өтті. Ағамның қызы сол түрікке тұрмысқа шықты. Тойына шақырған жоқ. Шақырса да бармас едім. Өйткені барсам бүрдеңе бүлдірерім анық еді. Жеңгемнің қызы түрікке тұрмысқа шыққанын қолдаған қылығы қатты қынжылтты. Анасы солай деп тұрса, қыздан не қайран. Ағамды да аядым. Неге соңғы кезде қазақ қыздары шетелдікке тұрмысқа шыққанды қалап тұратын болды? Бұл сезім бе, сән бе? Жоқ әлде есеп-қисап па? Не болса да, мен үшін бұл дұрыс емес.
Ермұрат, Алматы-Шымкент