Жас айырмашылығымыз төсекте біліне бастады...

Осы мәселе туралы жазсам ба, жазбасам ба, деп көп оқталдым. Бірақ, жақындарыма да, құрбыларыма да, тіпті күйеуімнің өзіне де айта алмайтын сырым менің жан жарама айналды.

 

Күйеуім менен 17 жас үлкен. Алғаш үйленген жылдары жас айырмашылығымыз еш байқалмайтын. Қайта «неғұрлым үлкен болса, соғұрлым семьямыз берік болады, түсіністікте ғұмыр кешеміз» деп ойлап, солай болғанына қуанғанмын.

 

Шынында да екеуміз бір-бірімізді қабағымыздан ұғамыз, ешқашан бет жыртысып ұрсысып, қатты сөз айтысып көрмеппіз. Күйеуімді қатты жақсы көремін. Бірақ арамызда бір шешілмейтін мәселе бар. Сол мені іштей қинап жүргелі көп болды.

 

Ашып айтуға ұялып-ақ отырмын. Бірақ ақыры бастаған соң, айтқаным да дұрыс шығар. Мәселе екеуміздің жақын қатынасымызға қатысты.

 

Менің жасым отыздан жаңа асты. Ал жолдасым елуге аяқ басты. Қазір оның төсектегі қажеттілігі менің қажеттілігіммен сәйкес келмейді. Қатынасымыздың арасы тым ұзап кеткенде менің жүйкем жұқара бастайды. Ішкі сырымды ешкіммен бөліспеген соң ба, оңашада көз жасымды төгіп-төгіп аламын, сөйтсем жеңілдеп қалатындаймын. Әр нәрсеге ашуланып, қабағым да ашылмай қояды. Қанша солай жасамайын десем де, үнемі еркімнен тыс солай болады да тұрады. Тіпті өңімде аңсаған нәрсені түсімде көретін болдым.

 

Өмірдің қызығы сол ғана ма, онсыз да қызық тірлік кешуге болады ғой деп өзімді қанша алдаусыратуға тырыссам да, болар емес. Ақылым көнгенмен, ағзам көнгісі келмейді екен.

 

Ол маған «өкпешілсің» деп кінәлайды. Сондайда барлығын ашып айтқым келеді де, көңіліне қаяу салып аламын ба деп қорқамын.

 

Өз-өзіммен арпалысып жүріп, осы қиындықтан қалай құтылуға болады деп шығарға жол іздедім. Ғаламтордан «Сексті не алмастыра алады» деп біраз іздедім. Спортпен айналысу септеседі, сүйікті ісіңмен шұғылдан, күлкі де ем деген сияқты бірнеше кеңестерді шығарып алдым. Сосын сол кеңестерге құлақ түріп, бірқатарын шамам келгенше орындап жүрмін.

 

Дегенмен мәселенің шешімі толық табылды дей алмаймын.

 

Менің жақын араласатын құрбымның бірі өзінен 28 жас үлкен ер адамның үшіншісі болып отыр. Бірақ олар бірге тұрмайды. Құрбыммен екеуміздің өмірге деген көзқарастарымыз әр түрлі, ол көбіне барлығына материалдық тұрғыда баға береді, ал менің танымым мүлде басқа. Бірде мүмкін менің басымдағы жай оған да таныс шығар, бәлкім құрбым бір кеңес берер деген оймен мәселенің шет жағасын айтып көріп едім. Ол маған бірден: «Сен қызық екенсің. Сол үшін өз-өзіңді неге қинап жүрсің? Одан да менің айтқанымды тыңда. Мен бір адамға ғана қарап жүр дейсің бе?! Оның өзі қазір алпысты алқымдап қалды. Жұмыс орнымда өзім қатарлас жігіттер баршылық. Ішінде мені ұнататындары да бар. Солардың ішінде өзімнің де көңілім кет ары емес болып жүрген бірімен жолығып қоямын ара-тұра. Ол басқа әйелдеріне барғанда, мен жалғыз соған қарап отыра беруім керек пе?! Оның үстіне мен жаспын, оны ұза-а-ақ күтіп жүре алмайды екенмін» деп «ақыл-кеңесін» айтты. Онымен қоймай танысамын десең, бізде небір мықты жігіттер бар, таныстырайын дегендей ұсынысын білдірді. Оған сырымды ашқаныма өкініп қалдым, тіпті соңында ол мені түсінбек тұрғай, қорлап отырғандай сезіндім.

 

Мен ондай кеңестерді қажетсінбеймін, егер тыңдай берсем, нәпсімді жеңе алмай қалуым да мүмкін ғой. Сосын бұдан былай сырымды айтуды қойдым. Ол маған қандай жол меңзесе де, ар жолынан аттамайтыныма сенімдімін.

 

Енді барынша ер адамның күш-қуатын арттыратын, қабілетін шыңдайтын әдіс-тәсілдер мен өмір салты туралы көбірек ақпарат алуға тырысып жүрмін. Тапқан мәліметтерімді әңгіме арасында күйеуіме жайлап жеткізіп қоямын.

 

Бұрын «Оны менің күйім, өзінің қазіргі мүмкіндігі неге мазаламайды?» деп ішімнен ренжіп жүруші едім. Қазір байқасам, ол да өзінің осындай күйіне қиналатын болуы керек, бірақ маған білдірмейтін сияқты.

 

Қазір демалыстарда жайлауға барып, атқа мініп, қымыз ішіп, біраз демалып келеді. Қалаға келген соң да, мүмкіндігінше бассейнге жүзуге барып, арасында стадионда жүгіріп те келеді. Сол кездерде «Осының бәрін екеуміздің жеке қатынасымызды сақтау үшін, оған сызат түсірмеу үшін жасап жүр ғой, жаным», - деп елжіреп кетемін.

 

Осы жазбаларымды оқып, пайдалы кеңес айтатын адамдар болса, кәдеме жаратуға дайынмын. Мүмкін, кәсіби мамандар, психология саласының майталмандары ой қосса тіпті қуанар едім.

 

Әзірге бар қолымнан келетіні, Алла Тағаладан «Екеуміздің мүмкіндігімізді теңестіре көр! Шайтанның азғыруынан сақта! Өмірімнің соңына дейін адал жар болуға нәсіп ет» деп тілеп жүру ғана.

 

 

АЙНАРА

Alashainasy.kz 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста