Жасырын болсыншы. Сəлеметсіздер ме? Мен ер адаммын жасым 25те. Сіздерге басымдағы қайғымен бөліскім келеді. Мен 19 жасымда үйлендім. Содан 6 жылдан аса уақыт өтті, баламыз болмады. Əйелім 2 рет түсіріп алды6 3-шісінде қатты таксикоз болып тамақ іше алмай, бүйрегі тоқтап қалып комаға түсті. 10 күндей комада болды. Содан реанимацияда 3 айдай жатты жүре алмай. Үйге шыққасын да 6 айдай жүре алмады. Содан бері 3 жыл өтті. Стрестен етеккір де тоқтап қалды. Енді іштей өзін-өзі жеп келеді. Баласыз маған да оңай емес.
Бірақ ең бастысы əйелімнің денсаулығы болып тұр. Күйзелістен дым тамақ жемейді. Салмағы 40 кг. Бұрын толықтау болатын. Жаным ашиды қатты. Мені таста, басқа əйел ал дейді. Мен қалай тастаймын, 6 жыл бірге тұрғаннан кейін қимаймын. Білем əрине. Қазір ажырасып ертең басқа қыз алып əке болып отыруға болар еді, бірақ сезіммен үйленген соң қиын екен ажырасу. Мен сіздерден ажырасайын ба, жоқ па деп сұрайын деген ойым жоқ. Менің білгім келетіні, тамаққа тəбетті қалай ашуға болады? Не істесем жарымның өмірге құштарлығын арттырып, қалай көңіл-күйін көтере аламын? Мүмкін біреулеріңіздің басыңызда осындай жағдай болған шығар. Бұндай жағдайдан қалай шықтыңыздар? Мүмкін араларыңызда жақсы дәрігер бар шығар. Үнемі стрессте жүреді. Бұл жағдайдан қалай шығу керек екенін білсеңіздер айтыңыздаршы. Және əйеліме жақсы сөздер жазып, қолдап қойыңыздаршы, өз өзін қолына алсын. РАХМЕТ! САУ БОЛЫҢЫЗДАР. АУЫРМАҢЫЗДАР. БАҚЫТТЫ БОЛЫҢЫЗДАР