Жардан бағым ашылған жанмын

 Мен оқу бітіріп бір ауылға мұғалім болып жұмысқа тұрдым. Маған және тағы бір қыз екеуміге жас маман ретінде мектепке жақын жерден баспана берді. Қазақ мектебі жоқ көбі орыстар тұратын ауыл еді. Бізден басқа көрші ауылдан бір жас жігіт дене шынықтыру мұғалімі болып күнде келіп-кетіп жұмыс істейтін. Бірінші күннен маған көңіл бөле бастады. Өзі менен екі жас кіші еді. Сөйтіп екеуміз кездесе бастадық. "Екеуміз Шахзода мен Шахрух сияктымыз, баламыз мінезі саған, келбеті маған ұқсағанын қалаймын" деген сияқты жүрекке жылы тиетін әсерлі де үміттендіретін сөздер көп айтатын. Сөйтіп жүріп арамызда жақындық болды. Мен ол екеуміздің болашағымызға сенімді едім. Сөйтсем қатты қателесіппін.

Бір күні жүкті екенімді білдім. Ол "мен әлі жаспын, үйлене алмаймын" деп шықты. Ол кезде ол 19-да, мен 21-де едім. "Мен сені күштеп үйлендірмеймін. Бірақ баламды туып өзім өсіремін. Бірақ бас тарттың ба, демек ешқашан менің балам деп көз қырыңмен де қараушы болма" дедім. Сөйтіп отпускқа өз үйімде болып 1 жарым айдан кейін келіп жұмысымды жалғастырдым. Сол кездегі менің ішкі жан дүниемде болып жатқан күйзелістен тек менімен бірге тұратын жан құрбыма айналған қыз ғана хабардар еді. Сөйтіп жүргенде сол жерде туратын, үнемі бізге жеңгетай болып жүретін бір мұғалім бізді үйіне қонаққа шақырып өз туысқан інісімен таныстырды. Содан кейін ол үнемі сол ауылға келіп тұратын болды. Бізбен жақсы араласып кетті. Өзімнің оған ұнайтынымды сезетін едім. Бірақ өзі айтпайтын. Сөйтіп ол менің туған күніме үлкен қонжық ойыншық құшақтап келді. Құрбым үшеуміз шағын дастархан жайып шай іштік. Кетерінде ернімнен сүйіп алды. Бірақ мен оған барлық шындықты айтып маған уақытыңды өткізбе дедім. Ол үндемей кетіп қалды. Ертеңінде жұмыста отырғанда қоңырау шалды. Сабақ өткізіп жатқандықтан көтермедім. Бір кезде құрбым сүріне жүгіріп келіпті. "Ол келіп тұр, "маған тұрмысқа шыға ма?" деп сұрады. "Қазір асығып барамын, қалаға қайтуым керек, кешке келем жауабын айтсын" деді"-деп мәз болып тұр. Мен осылай тұрмысқа шыққым келмейтінін айттым. Құрбым оның мені шын сүйетінін айтып мені көндіріп әлек. Кешке келді. Ұзақ сөйлестік. Ол "бәрін алдын-ала білемін сондықтан да сені қорқытып алмайын, маған үйренсін, бауыр бассын дедім. Және асықпай бәрін өзің айтқаныңды күттім. Мен өз баламдай өсірем, ешқашан бетіңе баспаймын. Маған балаңның және өзіңнің тағдарыңды сеніп тапсыруыңды өтінем" деді. Мен келістім. Екі күннен кейін келіп алып кетем деді. Мен әпкеме айттым. Ол үйдегілерге айтты. Сөйтіп ол мені алып кетті. Өкінішке орай бақытыммен бірге қайғым да қатар келіп, сол күні анам инсульт болып ауруханаға түсті деп хабар келді. Жолдасым мені алып үйіме келдік. 2 аптадан кейі анам қайтты. Қырқын өткізіп әкем құдалығымды өткізді. Барлық марекем қайғыға ұласып жылаумен өтті. Күйеуіме той жасамайық дедім. Қатты күйзеліске түсіп, өзімді кіәлап күні-түні жылай бердім. Жан жарым мың алғыс үнемі қолдап отырды. Міне 8 жыл өтті. 1ұл 1 қызымыз бар. Жолдасым ешқашан бетіме басқан емес. Ұлымды қатты жақсы көреді. Өзі бір үйдің жалғыз ұлы. 1 әпке, 2 сіңлісі бар. Мінездері шатақтау, тілдері ащы. Өздері орыс жерінде өскен, орысша өскен. Бірақ күйеуім олардың біріне де не маған не ұлыма ауыз ашқызбайды. Мені айналып толғанып жүреді. Күйеуімнің істегені көп еркектің қолынан келе бермейді деп ойлаймын! Аллаға оған жолықтырғанына мың алғыс! Жарыма мың алғыс!
Айтпақшы құрбымды күйеуімнің туысы біздің құдалығымызда алып қашты. Сөйтіп екеуміз абысын болдық. 

Аноним 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста