Жақындасып қойдық: Жігітім туысқан ағам болып шықты...

Жақындасып қойдық:  Жігітім туысқан ағам болып шықты...

Сәлеметсіздер ме? Менін жасым 21-де. Жігітіммен жүргенімізге үш жылдан асты. Биыл оқуымды бітірген соң жігітім үйленеміз деп отыр. Бір бірімізді қатты жақсы көреміз. Жігітім де мен дегенде шығарға жаны бөлек. Бірақ... Руымыз бір. Қазақта руы бір болса, үйленуге болмайды, жеті атаға толмай тыйым салынған деп жатады ғой. Тексертіп те көрдік, арамыз жеті атаға толмаған екен. Бірақ жігітім «ештеңе етпейді үйлене береміз» деп отыр.

 

Жігітімнің алған бетінен қайтпайтынын да біліп отырмын. Мен бұл жайлы әкеме айтуға мүлдем қорқам. Әкем жүретінімізді де білмейді. Бір рет сөз арасында әңгіменің реті келгенде, «бір рудан болса не істейді, баяғының түсінігі ғой» деп көріп ем, әкем қатты ашуланды. Байқаймын әкем бұл мәселеге қатаң қарайтын секілді. Басқа рудан табылмағандай деп бастап, біраз ауыр сөз айтты. Менің жағдайымда да қарсылық танытатынын содан-ақ ұқтым.

 

Негізі мен үйде жалғыз қызбын. Үш ағам бар. Сондықтан әкеме жақынмын, еркемін. Бірақ осы бір мәселе әкем екеуіміздің арамызды алыстатып жібере ме деп қорқамын.

 

Жігітіме де қатты бауыр басып қалғанмын. Қимаймын тастап кетуге. Айтпақшы жақында құбы қызым, «бәрібір екеуіңнен туған бала ауру болады» деп те қорқытты. Алғашқыда шынымен қорықтым. Балаларымның ауру болғанын қаламаймын.

 

Шынымды айтсам не істерімді де білмей жүрмін. Арамызда жақын қатынас та болып қойған еді. Құрбым «ағаңның қасында жатқан біртүрлі емес пе» деп тіпті жыныма тиді. Шынымен бұл сыртқа сондай сорақы көріне ме? Не істесем болады? Ол жігітке ғашықпын қатты. Бірақ жұрттың сөзі арамызға сызат түсіре ме деп те қорқамын.

 

Қорқыныш пен сезім араласып, әбден басымды қатырды. Жігітіңнің өзіңнің қыз алыспайтын руласың болуы соншалықты сорақы ма?

 

 

Айнаш, Талдықорған қаласы

alashainasy.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста