Сәлеметсіздерме қыз-келіншектер, қымбатты оқырман қауым! Атым құпия болсыншы. Тұрмыс құрғаныма он жыл болды, үш перзентіміз бар. Осы он жылда бастан не өтпеді дейсіздер. Жолдасым ішімдікке салынып кетті, күнде үйдің берекесі қашатын, балалар жылап мазасы кеткен отбасы болдық. Ата-енеммен тұрдық. Енем мінезі қиындау кісі болды. Қақаған қыста далада аяғым ауыр жылап жүретінмін. Аштық та өтті бастан. Бар ойым балапандарым тоңбаса, ашықпаса екен деп өмір сүрдім. Күш-жігерді балаларымнан алдым.
Күнде үйде ұрыс керіс бітпеді. Ақыр соңында ата-енем шыдамай басқа үйге шықты, ұлының ішіп мазасын қашырғандарына шыдамады. Ата-анасына да обал. Мен психологиялық күйзеліске түстім. Ашулану дегеннің не екенін тіпті білмей өскен едім. Қатты күйзелдім, өзіме қол жұмсамақ болған сәттер де болды. Бірақ Алладан үміт үзбедім.
Күйеуімді өз бетімше емдедім, ішімдікке қарсы дәрілер бере бастадым, тамағына салып жүрдім білдіртпей. Оған дейін істемегені жоқ, көзімше қыздарменде жүріп, көрсетпегені қалмады. Солай дәрі беруді тоқтатпадым. Бәрін жазсам кітап жазып кетермін. Оны қатты сүйдім. Сүйген сон оны дұрыс жолға салуға тырыстым. Оған қайтсем де арақты қойдырам, шатан суды жеңес деп өзіме уаде еттім. Сол күш-жігеріммен оны толықтай арақтан шығардым.
Отбасымыз қайтадан қуанышқа толды. Балалар да бақытты, тұрақты жұмысы да бар. Екі жыл бақытты өмір кештік. Бірақ ол жұмыстан кейін, үйден қашуды шығарды. Әлбетте мен оған барлық махаббатты сыйладым, тамағы тоқ, үйі таза, киімі жуулы. Бірақ қай жерден қателескенімді білмеймін. Күнде түнім жалғыздықпен өтіп жатты. Менде әйелмін ғой. Маған еркек адамнын жылулығы керек қой. Солай күндер жалғасты. Бір қуанары арақ ішпейді, бірақ уақытының басым бөлігі сыртта жалғасты. Әлі солай. Ашық сөйлестім, басқа біреуің болса, маған көңілің толмаса айт дедім. Әр нәрсенің бір шешімі бар, менімен бөлісуін өтіндім, үнсіз. Қазіргі таңда менің де оған деген сезімім суып кетті, оны тіпті іздемейтін болдым. Жесір әйел сияктымын. Жалғыздық жаныма батты. Еркек адамнын жылулығынсыз өмір кешкен бекер екен. Мен де әйелмін ғой. Не істесем болады? Ары қарай қалай өмірімді жалғастырсам болады? Маған апкелер, аналар, сіңілдер ақыл қосыңыздаршы. Өтінемін, менің өмірге деген ынтам өшіп барады.
Аноним