Жаныма жақын тұтар жанның жылы құшағын аңсаймын

 Сәлеметсіздер ме оқырман қауым! Неден бастарымды да білмеймін! Маған психолог маман керек еді мазақ етпей көмек берсеңіздер екен. Аллаға шүкүр 3 баланың анасымын. Бірақ өмірден қатты түңілдім. Жаным жабырқаулы сырлас, не таныс не құрбым жоқ. Жападан жалғыз қалғандаймын!

 

Жұбайыма бәрібір, отасқанымызға 5-6 жыл болып қалды. Осы аралықта бірге отырып не сөйлесіп не болашаққа жоспар құрған емеспіз. Жүрісі де көп. Мейлі, жүрсін қарсы емеспін, тек мені әйелі ретінде өз махаббатына бөлемегеніне ренжимін. Мен оған бөтен адам секілдімін.

 

Осы уақытқа дейін оны құрметтеп, атын атап мүлдем шақырған емеспін. Әкесі деп шақырам. Кеш батқанда қайырлы түн айтып бетінен сүйіп қоям. Таңертең бетінен сүйіп оятам. Тамағы дайын, үсті таза, үйім жинақтаулы. Күнде болмаса да күн ара тәтті пісіруге тырысамын. Балаларға да қарауым жаман емес сияқты, үстілерін күнде 3-4 рет ауыстырып дереу жуып қоямын. Сонда да қай жерім жақпайтынына таңым бар. Осы уақыт аралықта той-томалаққа бармаппын тіпті базарға шығып киім сатып алмаппын. Осы үй болсын, біріміз екі болсын деп жүргенде ауырғанымды да байқамаппын.

 

Аяқ астынан ауруханаға түстім. Күйеуім тіпті іздеп келмектүгілі телефон соғып жағдайымды да білген жоқ. Не себептен екені белгісіз,міне бір апта болды ауруханадан шыққаныма әлі маған қабағын түйіп жүр. Өзімнен мін іздеп қанша өзімді кіналайын десем де соңғы кездері жұбайымдікі тым артықтық болып барады. Түр десе түрім бар толықта емеспін неге жақпайтыныма таңым бар. Ия кінам бар шығар, бірақ тым қатал болудың қажеті қанша. Мейрім дегенді мүлдем ұмытқан сияқтымын. Соңғы кездері жаныма жақын тұтар жанның жылы құшағын, тәтті сөзін, мейірімге толы көздерін сағынып жүрмін.

 

Ал жұбайымнан мүлдем көңілім қалды. Сол себепті де сіздердің араларыңыздан психолог маман іздедім. Ал ақылыға барғым-ақ келеді, әттең қалтамда шыны керек мүлдем ақшам жоқ онсыз да дәрілерге ақша әрең табудамын. Әр 2 сағатта дәрі қабылдаймын. Кейде өлгім келеді, тек 3 балапанымды қимаймын. Ұзақ балса кешірім өтінемін!

 

 

Аноним
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста