Мен – таксопаркте диспетчермін. Рация арқылы жүргізушілерге түрлі нұсқаулар мен тапсырыстар беріп тұрамын.
Таксопарктегі жалғыз әйел заты мен болғандықтан, мені киноға, театрға, кафеге шақыратындар көп. Мүмкін, келісіп қалатын шығар деген оймен үйленген еркектер де қырындайды. Бірақ, ажырасқандар, үйленбегендер де жоқ емес. Аптасына бір рет таксистер түскен қаражатты тапсыруға кеңсеге келеді.
Кезекті бір дүйсенбіде кабинетке қарапайым киінген жігіт кірді.Есімі Рашид. Әйелінен ажырасқан, бір баласы бар екен. Менің де басым бос, күйеуім кетіп қалған, екі балам бар. Рашид киноға шақырды. Сол күннен бастап телефонмен күніне бірнеше рет хабарласып, әңгімелесіп жүрдік. Оның үстіне, оны намаз оқиды деп естігенмін, яғни «таза» болар, түрлі жұқпалы аурулардан аулақ болар деген оймен араластым.
Жұмыстан кейін ылғи үйге апарып тастайтын. Сөйтіп жүріп жақындасып кеттік. Оны күнде көргім келіп тұратын. Бір айдан соң таныстығымыз махаббатқа ұласып, пәтер жалдап, қосылып жүрдік.
Содан бастап мен үшін бір тозақ басталғандай. Телефонмен сөйлессем, «ол кім, сенен не керек. Оған неге күліп жауап қатасың?» дегеннен бастап, «жұмыстан кейін бір сағат қайда болдың, кіммен болдың, ол кім, қандай құрбың?» деген тергеулері басталды.
Жұмыс барысымен таксопарктің жүргізушілері ақпарат алу үшін күні бойы хабарласады. Мен де смс арқылы қысқа хабарламалар жіберуге міндеттімін. Ал Рашид болса минут сайын звондап, «қоя тұр, қолым босамай жатыр, өзім хабарласамын» дегеніме қарамастан қайта-қайта қоңырау шалып, әбден мазамды алып, зықымды шығаратын болды.
Мен біреумен бірге түскі асқа кетіп қалмасын деп, тамақты өзі әкеліп беріп жүрді. Мінезі қызба, жауап бермесем, айқайлап, көлігінің рөлін қолымен ұрғылап, айқайлай жөнеледі. Сабасына түскен соң, кешірім сұрап, жалына бастайды. Шынтуайтқа келгенде, сұраған кешірімдерінің саны көп болса, мәні де кетіп қалады екен.
Ессіз сүйгені, сезімін мойындауы әркезде асқан қызғаншақтық «ұстамасымен» алмасып отырады.
Ешқандай жаман қылық жасамасам да үнемі Рашидтың алдында өзімді кінәлі сезінетін болдым. Жан жылуын сезінгеніммен, жан тыныштығы жоқ.
Басында қызғаншақтығын қатты сүйеді ғойға балап, қызық көретінмін. Бірақ мұндай қарым-қатынас тез арада төзімімнің шегіне жеткізді. Айналдырған бір айдың ішінде жүйкем жұқарып, Рашид хабарласса, телефонды көтергім келмей, кертарпта жауаптар қайтаратын болдым. Ол да менің суынып, көңілім қалғанын сезіп, одан сайын бастырмалатып, жалынып, «кешір, енді олай істемеймін, түзеймін мінезімді, уақыт бер деп», үйдің алдынан кетпей тұрып алады. Әзірге мүмкіндік беремін деп оған айтқаным жоқ.
Себебі, маған назар аударып жүрген тағы бір адам бар. Өте салмақты, орнымен сөйлеп, орнымен жауап беріп, айтқан сөздеріме сеніммен қарап, жымиып қана жүретін жігіт өзге ұлт өкілі. Бір қызы бар, өзімен тұрады. Әйелі ішкілікке салынып, тастап кетіпті. Өзің сүйгенге емес, өзіңді сүйгенге, демеуші ме еді халық.
Не істесем екен? Сіздер қалай ойлайсыздар?
Дереккөз: el24kz