Ыстық құшақты, махаббатты сезіне алмадым...

Бір үйдің жалғыз қызымын. Менен кейін жалғыз бауырым бар. Ата анам бізді елдің алды етіп өсірді.Əсіресе мен.Ешқандай қыздар мені ұнатпайтын. Меніңше тəкəппарлығымнан. Ата анам беделді кісілер болды. Үнемі қызмет бабымен алыс жақын елдерде сапарда жүретін. Ол кезде мен мектеп оқушысымын. Бірақ үйде жалғыз қалсақта еш қайда қаңғырмайтынмын. Өйткені ауылдасыма қатты ғашық едім.

 

Ол да... Ол менімен құрдас. Бала махаббат қой. Бірақ киген киімін, жүрген жүрісін көріп бірден онымен сөйлескім келмей қалатын.

 

Мен есік алдының шөбін жұлып көрген қыз емеспін. Нашарлау тұратын ауылдың келіншектері кеп жинап, шөптерін жұлып бергені үшін ақшасын төлейтінбіз. Мінезім өте нашар. Əбдан ата анамның менің айтқанымды істеп шыр көбелек жүгіргендеріне үйреніп қалғанмын. Бірақ мектепте үздік едім. Жақсы оқитынмын сабақты. Білім грантын ұтып алып Астанаға оқуға кеттім.

 

Тəкəппəр, қырсық мінезіммен жоғары оқу орнында да ешқандай қызбен құрбы бола алмадым. Бірақ жалғыз группаласыммен сөзіміз жарасты. Мүмкін жерлес болғандықтан. Сабағымды өте жақсы оқыдым. Соңымнан жүрген жігіттер өте көп болды. Жүрдім де, сүйістім де... Бірақ қырсық мінезім жігіттерге ұнайтын. Болмашы нәрсеге тартысып сөз таласып қалсақ мен қырсық қарамай, жалынған сайын қырсығып, кешірмей кетіп қалатынмын. Талайы жылап қасыма келді. Мен болсам кешірмедім. Əттең солардың көз жасы шығар менің бақытсыздығым... 

 

Маған тек мені еркелетіп, менің айтқаныма көне беретін жігіт ұнайтын сыңайлы сол кездерде. Солай жасым 24 ке келгенде таңдай таңдай тазыға жолықтым. Бұл өмір маған Алланың берген сынағы еді бəлкім. Мен тұрмысқа шықтым. Ешкім зорлаған жоқ. Құлақпен сүйіп қалдым. Тəтті сөздер мен бағалы сыйлықтарға ұштым. Өзімнен 4 жас үлкен жігіт мені қарамағына түсірді. Беделді жұмыста оргнда істейтінмін ол кезде. Солай пəк қыз болып ұзатылдым. Барған жерім кәдімгі ауы. Мен өмірімде ошаққа тамақ істеуге болатынын, ыстық нанды үйде жабуға болатынын сол кезде көрдім алғаш рет.

 

Бірақ барған күнімнен жігітімнен көңілім қалды. Өйткені ол маған көңіл бөлмеді. Ақ төсекте мені аялап өппеді... Мен ыстық құшақты сезініп,махаббатты сезіне алмадым. Мен ол үйге жай ғана қызметші сыңайлы барған сияқты едім. Қолмен кір жууды, газге су жылытып, үйдің ішінде шомылуды үйрендім. Үйде сиыр сауып, құрт жасауды да. Мен бəрін үйрендім. Көндім. Тек махаббатты сезіне алмадым.

 

Жолдасым жұмысының ауысуына байланысты Астанаға кеттік. Ол жақтан ең арзан деген пәтерді əрең тауып орналастық. Менің жұмысқа орналасуымда оңай болмады. Жалақым өте аз. Жолдасым той жасаймын деп несие алған екен. Соны төлеп, пəтер ақыны төлеп қалған ақшаны үйге тамағымызға жеткізуді де өмір үйретті. Ақшаның қадірін білдім. Нанның қадірін білдім. Көзім ашылды. Бірақ ата анама ешқашан білдірген емеспін қиналғанымды. Айтсам ата анамның маған үй алып беруге қауқары жетіп тұр.

 

Жолдасым мінезі ашық жарқын. Маған бір қабағын шытқан емес. Не айтсам соны орындап жүгіріп жүреді. Ол да үйінің кішкентайы. Алдында 2 əпкесі, бір ағасы бар. Мен ауырсам қасымнан табылады. Бірақ мен оны сүймеймін. Бізде төсек қатынасы жоқ деп айтуға да болатын еді. Бір бірімізге деген ынтықтық жоқ еді. Күліп ойнап тамақ жеп боламыз бірақ төсекке жатқанда екеуміз екі жақ қарай жатамыз. Əріптес құрбыларым күнде күйеулерімен қалай қосылғанын айтса сүйсінетінмін. Неге бізде жоқ екен деп ойлайтынмын. Жолдасыма айтсам жұмыстан шыға сала саған ынтығып келем де сені көрсем сенімен болғым келмей қалады дейтін. Ол сөзді маған есіту өте ауыр еді.Мен қанша əсемденсем де қанша киінсемде ол менімен болғысы келмейтін. Бірақ ешкіммен де жүрмейді. Түзу барып жұмысынан уақытылы қайтатын. Бір тойға немесе отырысқа барсақ үнемі мені əдемі етіп ертіп алатын. Міне менің келіншегім деп мақтанатын. Жолдастарының келіншектерінің бəрі 2-3 баладан туғасын ба əбіржіп, шаршап қалған. Достары маған үнемі қызығатын. Бірақ мен қанша əдемі болып жүрсем де əйел ана бақытын сезіне алмадым.

 

Соңғы кездері көп ұрсатын болдық. Мен жылап алатынмын неге баламыз болмайды деп. Ол ішпейді шекпейді. Мінезі жап жақсы. Тек бала мінезі бар еді. Отырған жерде үнемі түртіп аяғын шымшып отыратынмын. Тексеріліпте көрдік менде бəрі жақсы ақау жоқ. Бірақ жолдасымды өте көп емдеу керектігін айтты врачтар. 3 жылдан аса емделді. Нəтиже жоқ. Үнемі ұрысып қалсақ ол маған тіпті қарамайтын. Мен де сол.Біз бірімізден қатты суып кеттік. Аяғы мен шаршағанымды оны сүймейтінімді, кеткім келетінін айттым. Ол мені жұбатудың орнына өзі шығарып салды.

 

Мен солай төркініме қайта келдім 3 жарым жыл дегенде... Əкем де Анам да құшағын жая қарсы алды. Қызым сенің қайтып келеріңді сезген едік деп өксіп өксіп жылап алды. Іштей іштері күйіп жатқанын сездім. Ата анамның қасында қандай бақыт жүру деген. Бұл қуанышым 3-4 айға ғана созылды. Мен шынымен ата-анам болса да жалғыз сезінудемін өзімді.

 

Бауырым үйленді. Бауырымның қызын сүйіп еркелетіп аламын. Кеш болса бəрі бөлмелеріне кіріп кетеді ал мен жалғыз қаламын. Жолдасым артымнан келмеді іздеп. Ол да сүймейтіні рас екен. Осы вк дан неше түрлі страница ашып аламын тауып алады. Номерімді сұрайды. Хабарласуымды өтінеді. Бірақ өзі келмейді. Анасы ырымын жасап бір келіп кетті.

 

Осылай жалғызсырап жүргенде сол баяғы алғашқы махаббатымды кездестіріп қалдым. Шынымен махаббаттың тылсым күші бар екен. Жылап алдым оны құшақтай. Оның қалтыраған қолдарын ұстап əптен өксіп-өксіп жладым. Оның да біраз жыл бұрын үйленіп ажырасқанын сырттай есіткен едім. Ол да жалғыздықтан жабырқап жүргені маған сезілді.

 

Солай күнде кездесетін болдық. Үнемі жұмыстан үйге алып кеп тастайды. Бір қолы рульде болса бір қолымен менің қолымды ұстап алады. Мен шынымен бақытты махаббатты қайта сезгендей болдым.

 

Осылай 3-4 ай кездесіп, сезімге беріліп біз некесіз 1 рет жақындасып қойдық. Алланың өзі кешірсін некесіз болғанға шайтан араластыма бəлкім мен төсек лəззəтін алғаш сезіндім. Ол рақатты да, сүйгенімнің денесін де ұмыта алар емеспін. Ол темекі тартады. Сүйгенім соншалық темекі тартқанына да сүйсініп қарап отырамын. Оны жоғалтудан қатты қорққаным соншалық қатты қызғанамын. Оның адал екенін білсемде болмашы нәрсеге ұрыс шығара беремін. Оны жалықтырыпта алған сияқтымын. Мінезімді дұрыстай алар емеспін. Оның үйі біледі мені. Үйлендіреміз деп отыр. Менің анам да біледі. Бəрі шынайы. Бірақ мен болмашыға оны кіналап ұрыс іздей беремін. Өз өзіме түсіне алар емеспін.

 

Бірінші күйеуімнің мамасы мен жұмыс істейтін мекемеге келіп кетіп жүр. Түсінбеймін неге келіп жүргенін. Менің кабинетімді де сұрапты əріптестерден. Есігім алдына келіп біраз тұрып кеткенін де көргендер бар. Мені баласына қайтарғысы келіп ескішілік істеп жүрген жоқпа екен деп қорқып отырмын. Өйткені, мен соңғы кезде күйеуімді қатты сағынып жүрмін.

 

Жігітме жаңа хабарласып мені мазалама деп ұрыстым. Өзімде білмеймін неге олай айтқанымды. Ол шынымен хабарласпай кетсе не істеймін. Күйеуімді де сағынып болмашы қорқынышты түстерді көріп жүрмін. Шайтан қыздарды. Күйеуімді сүйген емеспін. Бірақ неге бұлай болып жатыр екен. Өз өзімді түсіне алар емеспін. Қатты ашуланшақ болып кеттім.

 

Негізі ескішілікке сене бермейтін едім. Молдаға оқытылмай, бойымды, ойымды қалай тазаласам болады? Ақыл айтсаңыздар екен....

 

 

Аноним

Alashainasy.kz 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста