Ұмыта алар емеспін...

  • 17
Ұмыта алар емеспін...

Сәлеметсіздер ме әпкелер мен сіңілдер және оқырман қауым. Менің сіздерден ақыл-кеңес сұрайын деп едім. Өтінемін сөкпей ақылдарыңызды айтыңыздаршы.

 

Мен 2014 жылы тұрмысқа шыққанмын, бақытты едім бірақ Аллам ол бақытымды ұзақға сүйіндірмеді. Тұрмысқа шыққан сон 4 айдан кейін арқа сүйер азаматым жол апатынан өмірден озды. Күйеуім өмірден озғанда мен баламызға жүкті едім. Балам 3 айлық кезінде әкесіз қалды.

 

Қатты қиналдым, жыладым, 6 жыл қыз жігіт болып жүрген кездерімді еш ұмытпадым. Өте ауыр болды оның қазасын көтеру. Мамам (енем) екеуміз де қайғыдан қан жұтып есімізді әзер жинадық. Балам үшін ерік жігерімді жинадым. Солай толғағымд а келіп аман-есен босандым.

 

Ұлым әкесінен аумайды, қайғымыз сәл де болсын жеңілдегендей болды. Маматайым екеуміз қатты қуандық. Босанғасында қайын жұртыма бардым. Енемді жалғыз қалдырғым келмеді. Аллаға шүкір мамамның да жүзіне күлкі үйірілді.

 

Сүйген жарым мәңгілік сағынышым болып жүрегімнің түбінде қалады. Қатты сағынамын оны орнын ешкім баса алмайды. Жаны жаннатта болғай асыл жарымның Ин Ша Аллах. Бүгінде баламыз 2-0ге толады бұйыртса. Қылықтары тәтті құлынымның. Өзім мемлекеттік жұмыстамын. Ендігі мәселем өзімнің мамам да, енем де қайын апкемдер, ағамдар менің басқа адамға тұрмысқа шыққанымды қалайды. Менің бақытты болғанымды көргілері келеді.

 

Не істесем екен? Қалай ойлайсыздар? Әлі күнге дейін қайын жұртымдамын. Мамам (енем) жассың қыдыр жұмыс үй демей төркініңе бара ғой дейді. Ал мен мамамды қалдырғым келмейді. Қайын әпкем қолқалап бір жігітбен таныстырды, ол үйленбеген маған сені сүйемін мүмкіндік берші деп мазалап жүр. Ұзақ болса кешірім сұраймын. Ақылдарыңызды айтсаңыздар екен әпкелер. Жасым 24-те. Аллах тағалам барлықтарыңыздың отбасыларыңызды бақыттан айырмасын. Балапандарыңыздың дені сау болсын. Рахмет алдын ала.

 

 

Аноним

Alashainasy.kz 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
  • 189
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
  • 237
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Лучшие легальные букмекеры
1xbet
Бонус до 200 000 тенге
Winline
Бесплатная ставка до 20 000 тенге
Tennisi
Бесплатные 5 000 тенге
Fonbet
Бонус до 200 000 тенге
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста