Тұңғыш сәбиімді ұзақ күттім

 Мен 22 жасымда өте ауқатты, көп балалы үйге келін болып түстім. Жарым ақылды, үлкенді құрметтеп, кішіге ізет таныта білетін, сөзінде тұратын ер азамат. Екеуіміздің арамыз 5 жыл. 2 әпкесі және 1 қарындасы бар еді. Әпкелері тұрмыста, қарындасы 17де болатын. Үйдің еркетайы. Менің ісіме араласа беретін, үйді жинап қойсам шашып тастайтын, ыдыстың барлығын пайдаланып, ыдыс жуатын жерге тастап кететін. Мен оған ашуланбаймын, себебі өзімнің 1 ғана сіңілім бар. Ол да ерке. Қайын сіңілімді өз сіңілімдей көріп, көмектесіп жүрдім. Бірақ сонда да жақпадым. Ананы былай, мынаны былай деп айтып жіберсем: барып жұмысыңды істеші, ақыл айтпай,- деп көңілімді қайтаратын. 3 жыл бала көтермедім. Жан жарым: қашан кішкентай періштеміз болады?- деп көп сұрайтын.Мен Алла Қаласа болады ғой деп күлімсірейтінмін. Күліп тұрсам да жүрегім алай-дүлей болатын. Енем күйеуім екеуімізді дәрігерге көрсетті. Күйеуіме де маған да бәрі жақсы деп айтты дәрігер. Тек сабырмен күтіңіздер деп кеңес берді. Сонда да үмітіміз үзілген жоқ. Енем алтын адам. Қызы екеуіміздің де, күйеуім екеуіміздің де арамызға түспейтін. Қайын атам жақсы жерде жұмыс жасап, бізге қарайтын. Жүрегім айныса, басым айналса жүгіріп тест алып қарайтынмын. Бәрі таза шығатын. Тек Құдайдан сұраумен болдым, басқа ешқандай дәрі-дәрмек қабылдаған емеспін. 29 жасымда бір өзім ауруxанаға барып, дәрігердің қабылдауында болдым. Суық тиген, біраз емделіңіз, өзіңізді күтіңіз деп көп уколдар жазып берді. Уйге барсам күйеуім күтіп отыр екен. Маған жылап:" Жаным, қашан өзіміздің бөпеміз болады, қашан өз баламды құшақтап, еркелетіп отырамын, менің сәбилі болғым келед"і,- деп жылады. Осы кезде өзімді қоярға жер таппадым, еркектің жылағанын бірінші рет көріп едім өмірімде. Бір бөлмеге кіріп, қатты жыладым мен де. Жүрегім ауырды, ана болғым келді, неге ондай бақыт бұйырмады екен,- деп тағдырға өкпелеген кездерім де аз болмады. Ертесіне тағы бардым бірақ тексерілген жоқпын, қан тапсырдым, бірден ана бола алмайтынымды айтты. Барып енеме айтып бердім, жан жарыма айта алмадым. Үй ішінің көңіл- күйі жоқ. Қайын сіңілім жалғыз, бір ғана ағам бар еді, оның өзі бала сүйген жоқ деп айтатын. Кейін маған да үйдің жалғыз баласына перзент сыйлау қолымнан келмеді, ажырасайық деп ұсыныс тастадым. Ол ашуланып, ажырасу ең үлкен, ауыр күнә,- деп мені жұбатты. 50-ге келіп, бір қыз не бір бала тусаң да ырзамын деп айтатын. Ақыры қайын сіңілімді тұрмысқа бердік. Оның да сіңілісі бар ол жақта. Менен кешірім сұрап, енді сол кездегі қылықтарына өкінетіндігін айтып ренішімді басатын. Мен оған мүлде ренжімегенімді, туған сіңілімдей жақсы көретінімді айттым. Біздің арамыз қазір жақсы. Өзінің 1 қыз 1 баласы бар. Бір күні төркініме шығып бара жатқаным да, жолдан өтіп, енді жолдың шетіне шығайын дегенім де денеме қатты заттың тигенін сездім де талып қалдым. Көзімді ашсам енем, қайын әпке, сіңлілерім, атам, күйеуім, төркінім қасымда тұр екен. Бетіме қарап барлығы күліп тұр. Мен жол апатына ұшырағаныма қуанып тұр ма деп ойладым. Қалың қалай, жақсысың ба, ішің ауырып тұрған жоқ па?- деп сұрап қояды. Жоқ, еш жерім ауырмайды, тек басым ауырып, жүрегім айнып тұр дедім. Олар тырқылдап күледі. Менің сөйлеуге әлім жоқ. Мамам: білдің ғой, иә?-деп сұрады. Мен нені десем. Кішкентай періштенің анасы болатыныңды деген кезде не күлерімді, не жыларымды білмедім. Тіпті сенбей жүрдім. Үйге жіберді, таңертең тұрып, тест қарадым шынымен де аяғым ауырлапты. Күйеуім асты, үстіме түсіп, жұмыстан асығып келіп, баласымен сөйлесетін. Енелерім күлетін тырқылдап. Ауыр жұмыс істеткізбей, жағдайымды ойлап, барлығын қадағалап жүретін енем. 9 ай тез өтсе екен деп тіледік. Аллаға сансыз раxмет айттым. Айтып қана қоймай, баламның тура жолмен жүргенін, аман-сау туылғанын тіледім. 35 жасқа келіп, ана боламын деген ой үш ұйықтасам да ойыма келмепті. Ақыры ұл бала босандым, өзі әкесінен аумайды. Есімін енем мен атам қойды. Ақберен деп. Өзі аппақ. 7 айдан кейін тағы көтеріп, ұл босандым. Оның есімін күйеуім екеуіміз қойдық. 2 балаға бірдей қарап, үлгере алмадық. Бүкіл туысқандарым біздің үйден шықпай жүрді. Балалы үй базар, баласыз үй мазар осы екен ау дедім осы кезде. 38 жасымда қыз тудым. Есімін енем қойды. Алтын енемнен аумайды. 13 жыл қиналған, әрбір жылаған күндер, түндер, ай, жылдарым жақсылықпен қайтып келді деп түсіндім. Балаларымыз өздерінің тәп-тәтті, сүйкімді қылықтарымен бізді күлдіртіп отырады. 42 жасымда шекесі торсықтай, 4 келі ұл баланы дүниеге алып келдім. Алдыңғы балаларым 2,5 келіден аспаған. Қартайған шағымда тағы бір баланы дүниеге алып келемін деп ешкім ойламаған. Осы 4 баланың өзіне шүкір айтып, жетеді деп жүргенімде 45,46 жасымда қатарынан ұл мен қыздың анасы болдым тағы да. Өмірім ертегі сияқты болып кетті. Бұл да бір Алланың құдіреті шығар деп білдім. Сабыр түбі сары алтын. Құдайдың құдіреті шексіз ғой. Барлығы алланың қолында, үміттеріңізді үзбеңіздер.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста