Туған бөлем қолымды байлап, зорлады

Күні кеше біздің редакцияға Аида (өз өтініші бойында есімі өзгертілді) деген қыз хабарласты. Бүгінде өзі туған қаладан Алматыға қашып келген бойжеткен туған бөлесінен зорлық көргенін айтып, сыр бөлісті. Аиданың сөзіне сенсек, бұл жағдай оның туған күн кешінде орын алыпты. Ішімдікке сылқия тойып алған жігіт бөлесінің аяқ-қолын байлап, ойына келгенін істеген. Оқиғаның бастан-аяқ қалай болғанын Аиданың өзі ERNUR.KZ тілшісіне айтып берген, - деп хабарлайды Alashainasy.kz.

«Он сегізге толған күні құрбыларыммен бірге тойлаттық. Негізі менің кәмелет жасқа толғанымды ата-анам үлкен етіп үйде тойлап беретін болған. Бірақ дәл сол күні әкемнің Балқаш жақта тұратын нағашысы қайтыс болды да, олар түнделетіп жол жүріп кетті.

 

Кетерде анам үйге Дархан деген бөлемді шақырған. «Аидаға бас-көз бол. Бүгін оның туған күні. Достарымен тойлайды, қарайлап, үйге аман-есен алып кел» деп тапсырып еді.

 

Ертеңіне кешкісін үш құрбым, екі группалас жігіт, бесеуміз караоке-барға бардық. Түн ортасына дейін ән айтып, би билеп, жақсы көңіл көтердік. Таңертең жұмысқа кетерде Дархан «Кешке отырысың бітер кезде айтарсың, өзім алып кетем» деген.

 

Уәде бойынша мен оған телефон соғып, караоке-бардың мекен-жайын айттым. Екеуміз үйге келдік. Бірақ Дарханның аздап ішімдік ішкенін байқадым. «Достармен футбол көріп едік, аздап сыра іштім» деп ақталды. Сосын «Сенің туған күніңді тойламаймыз ба? Кел, тілек айтып, бірге коньк ішейік» деп тұрып алды. Достармен әбден билеп, сілем қатып тұрған-тұғын. «Кеш боп кетті, жата берейін. Туған күнді ертең, мамамдар келген соң жалғастырамыз» деп бөлмеме кіріп кеттім.

 

Сөйтсем Дархан ас бөлмеде тұрған бір шөлмек коньякты бір өзі ішіп тауысыпты. Таңғы бестер шамасы-ау, біреу төбемнен төніп, көрпемді ашып жатқанда оянып кеттім. Дархан есін білмейді, удай мас. «Мен сені бұрыннан ұнататынмын, бір көрейік» деп сүйе бастады. «Есің дұрыс па, біз туыспыз ғой. Сен менің ағамсың, жоғал ары» деп біраз уақытқа дейін қарсыласып көрдім. Бірақ оның қарулы қолына қарсы тұру мүмкін емес еді. Айқайлағаныма да, жылағаныма да, жалынғаныма да қараған жоқ. Жерде жатқан трикомның беліндегі бауын суырып шығарды да, қолымды диванға байлап тастады. Сосын адамның ызасын тудыратын, өте жиіркенішті әрекеттер жасады. Ойласам әлі күнге дейін көзімнен жас тоқтамайды. Қолында қалған коньякті аузыма құйды, одан қалғанын денеме жағып, соны жалап шықты. Адам төзгісіз нәрсе болды... Дархан тірлігін тындырып болғасын қолымды шешті де, түк болмағандай ұйықтап қалды.

 

Екі тіземнен әл кетіп, жылай-жылай тамағым қарлығып қалған. Сонда да бойыма бар күшімді жинап, көшеге атып шықтым. Бұл уақта таң атып қалған еді. Жұмысына кетіп бара жатқан бір әйелге болған жағдайды айтып, көмектесуін сұрадым. Ол дереу телефонымен полицияға хабар беріп, олар келгенше жанымда болды.

«Мынандай сұмдықты істеген адамды ешқашан кешірмеу керек. Туысың болса да аяма, өз бөлесіне мұндай сорақы тірлік істеген адам ертең басқа қызды да аямайды» деп ақыл айтып, мені барынша жұбатты.

 

Полициямен үйге кірсек, Дархан әлі ұйықтап жатыр екен. Оны сол сәтте тұтқындап, бөлімшеге алып кетті. Мен де артынан барып, арыз жаздым.

 

Бірақ полиция менің кәмелетке толған адам ретінде қабылдап, Қылмыстық кодекстің 120 және 121 бабы бойынша іс қозғады да, Дарханды кепілмен үйіне босатып жіберді. Оның басқа да сексуалды әрекеттерін, менің қолымды байлап, еркімнен тыс лас тірлік жасағанын есепке алған жоқ.

 

Тергеу барысында бөлем өз кінәсін толық мойындапты. Бірақ екі-үш күннен соң «Мен мына баппен түрмеге түсе алмаймын. Ол жаққа барсам мен тірі шықпайтынымды түсініп тұрмын. Сондықтан түрмеге отырғанша басым ауған жаққа қашып кеткенім дұрыс. Кешіре алсаң, кешір, бәрі мастықпен болды» деп жазып жіберіпті.

 

Сол кеткеннен Дарханды көрген-білген адам болмады. Полиция іздеу салып, екі айдан соң Өскемен жақтан тауып алыпты. Сот болды. Сотта бөлем түк болмағандай «Аида туған күннен мас болып келді. Келгесін үйде тұрған коньякті ішіп, маған өзі жабысты» деп түсінік берді.

 

Ең сорақысы, мұны Дарханның анасы, нағашы әпкем қолдады. «Аида өте ерке, жігітшіл қыз. Бала күннен мұның қыдырымпаз екенін білетінмін» деп көпшіліктің көзінше жала жауып жіберді.

 

Сот Дарханның кінәсін дәлелді деп тауып, үш жылға бас бостандығынан айырды. Ол қазір түрмеде отыр.

 

Бірнеше күн бұрын таныс заңгерлерден мынадай жаңалық естідім: ол рақымшылыққа ілініп, жуық арада бостандыққа шығайын деп жатыр екен.

 

Осы оқиғадан кейін мен анамды мүлдем танымайтынымды түсіндім. Жалғыз қызын қорғаудың орнына «Қызым, жастықпен қателік жасаған ғой. Кешірім беріп, уақытынан ерте босап шығуына көмектесейік» деп миымды жеп отыр.

 

Ал әкемнің ойы басқаша. «Осыдан босап шықсын, өз қолыммен буындырып өлтірем» деп кіжініп отыр.

 

Анамның тірлігіне миым жетпейді. Сіңлісімен түк болмағандай араласып жүр. Менің абыройымды, ар-намысымды, алдағы өмірімді ойлап та отырған жоқ. Сонда оған менен жиені артық болып тұр ма?

 

Бір түнде бүкіл өмірімді өзгерткен осы бір оқиғаның кесірінен түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден қалдым. Өз туысым осылай қорласа басқа жігіттер не істемейді?

 

Қазір бәріне күдікпен қараймын. Біреу маған қолын тигізсе жаным шығып кете жаздайды. Бұл қашанға дейін жалғаспақ? Не істерімді білмеймін, адамдар, көмектесіңдерші маған.

 

Осы саланы жетік меңгерген заңгерлер болса, Дарханның толық мерзімін өтеп шығуы үшін не істеу керегін түсіндіріп берсе деймін. Ондай оңбағанның жазасыз қалмауы тиіс!»

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста