Төсектес болмағаным үшін айыпты едім

Төсектес болмағаным үшін айыпты едім

 Баршаңызға сəлем!Мен сіздердің пікірлеріңізді білгім келеді! Жасым 23-те.16 жасымда бір жігітке ғашық болдым.Ол меннен 5 жас үлкен еді.Бірақ,ол мені алғаш көргенде аса мəн бермеді.Танысқаннан соң,4 сағаттан кейін көз жазып қалдым.Ол Алматыға оқуына кетті. Кейін 1 жылдан соң ,ортақ таныстар арқылы ол мені тауып екеуміз кездестік.Солай махаббат хикаясы басталған еді. Екеуміз 5 жылға жуық жүрдік. Арамызда көп нəрсе өтті.Жүріп жүрген кезде,арасында түсініксіз жоқ боп кететін.Кейін айналып қайта келеді.Өзім сүйгендіктен ештеңеге мəн бермедім.Үйленеміз дейтін.

 
Соңғы уақыттарда ол екеуміздің төсек қатынасында болуымызды қалады.Мен бас тарттым. "Несін қорқасың,мен қыз,қыз емеске қарамаймын" дейтін.Ол мені сүйген жоқ, оны сезетінмін.Керісінше, мен оны сүйдім. Бір отбасы болсақ сенің махаббатың екеумізге жетеді дейтін сөздерін көп естідім.Солай уақыт өте берді. Бір күні кешкісін келіп,"мен бұлай жүре алмаймын,не жатамыз,не мені ешқашан көрмейсің"деп шарт қойды.Менің тəрбием мүлде басқа,анамның неке қиылмай тұрып төсек қатынасына барушы болма деген сөздері қашанда ойымда тұратын.Мені тастап кетер немесе аяғым ауыр боп қалса, əке - шешеме не бетімді айтам деген ойлар санамды жеп қойды.Өз-өзімді аттап кете алмадым, оны өз еркіне жіберіп, арамызды үздім. Одан соң,қатты қиналғаным өзіме жəне Аллаға ғана аян! Кейін 3 айдан соң ол маған телефоныма хабарласып, үйленетінін айтты. Артық сөз айта алмай ,"Бақытты бол, сен үшін қуаныштымын" дедім.Кейін,ешбір жанға қарай алмадым.Үйленсе де,ойымнан кеткен емес.Жұмыс бабымен көп орын ауыстырғандықтан,2 жылдың қалай өткенін ұқпай қалдым.Осы аралықта сөз салғандар болды,"үйленейік "деп ниет білдіргендер де табылды.Бірақ,өзім жақсы көрмегендіктен Біреудің баласының,туған туысының обалына қалғым келмеді.Ол жігіттің шаңырағын бақытты ете алмаспын деп бетін қайтардым.
Енді міне 2 жылдан соң ол хабарласып тұр бұрынғы жігітім. Дауысын бірден таныдым.Үйімнің алдында тұрғанын айтты.Шықтым.Біраз өзгеріпті,бұрынғыдай өзіне сенімді жанды көрмедім.Өкінетінін айтты.Сені қаншалықты бағаламағанымды енді түсіндім - дейді. Жүрегімнің ауырғанын-ай. Балаларым бар,тастап кете алмаймын - дейді. Кішкене шер тарқасқан соң,бар айтқаным "Əркім өз таңдауын кезінде жасады, бəрі кеш,сау бол, - деп хош айтыстық. Ең құрымағанда дос ретінде сөйлесіп тұрайықшы дейді. Мен келіспедім. Сонымен,ол кетті .Біреудің некелі жарын, отбасын бұзғым келмейді. Алладан қорқамын. Онсыз да осы күнге дейін өзімді кінəлаумен болған едім.Өз бағымды кезінде жіберіп алдым ба деп! Қалай ойлайсыздар,сол күні оны жібермей,қалауын орындағанда, бəлкім бəрі басқаша болар ма еді? Қалай ұмытсам екен? Жаңа өмірдің парағын аша алмай əлекпін. Өз пікірлеріңізді қалдырсаңыздар!Ұзақ болса кешірім сұраймын!

Лунара

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста