Жас жұбайлар арасындағы жыныстық қатынастың маңызы зор! Тіпті төсекте тіл табыса алмаған жастар ажырасып та кетіп жатады. Сондықтан әсіресе жас жұбайлар төсекте барынша түсінісіп кеткені дұрыс. Сондықтан да олар көп жағдайда үйленгеннен кейін бөлек шығуды армандайды. Бұл ерлі-зайыптыларға жеке тұрмысын емін-еркін құрға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бөлек тұратын жұптар жыныстық қатынасқа қалаған кезде түсе алады. Ал туысқандармен бірге бір үйде тұратын адамдар бұл жағдайдан қалайша шыға алады? Аздаған кеңестерге көңіл бөлсек:
Бір бөлмелі үй
Әрине, бірнеше отбасының бір бөлмелі үйде тұрғаны ыңғайсыздықтың ыңғайсызы. Бұндай жағдайда жыныстық қатынасқа түсу үшін, үйде жалғыз қалған сәтті күткен абзал. Болмай бара жатса, қолайлы шешім ретінде жуынатын бөлмені қарастыруға болады. Душты қосып қойыңыз. Сарылдап ағып жатқан су сіздердің дыбыстарыңызды басуға көмектеседі. Бірақ, соның өзінде де дыбысты қатты шығармай, жуынатын бөлмені ерте босату керек екенін ұмытпаңыз.
Балалы үй
Бала шамамен 2 жасқа толғаннан кейін оның көзінше жалаңаш жүрмеген дұрыс. Сонымен қатар, бұл кезде балалардың көзінше жыныстық қатынасқа түспеу керек. Ол үшін бөлмені перденің көмегімен екіге бөліп қойсаңыз болады. Бөлмені бөлетін жағдай болмаса, толығымен шешінбеуге тырысыңыз. Біреудің көзіне түсіп қалу қаупі ағзадағы адреналинды көбейтіп, жыныстық құмарлықты арта түседі. Ал бұл өз кезегінде ұмытылмас секске қол жеткізуі мүмкін.
Балалы үйде жыныстық қатынасқа түсудің тағы бір амалы — «қасық» позасын қолдану. Бұл поза кез-келген адамдардың қалыпты ұйқы позасына ұқсас болғандықтан, кішкентай балалар түгіл ересек адамдарды да шатыстып жіберуі мүмкін.
Дыбыс изоляциясы нашар үй
Үйде бірнеше бөлме бола тұра, қабырғалардың дыбыс өткізу қабілеті жоғары болатын кездер де жиі кездеседі. Бұндай жағдайда не істеу керек? Сенімді амалдардың бірін қолданыңыз: қабырғаға кілем іліп қойыңыз, төсекті көршілес бөлменің қабырғасынан алшақ орналастырыңыз, және т.б. Егер төсегіңіз сықырлайтын болса, матрасты ауыстырыңыз, немесе еденге жатып жыныстық қатынасқа түсіңіз. Дыбыстарыңыз естілмеу үшін теледидар немесе радионы қосып қоюға болады. Егер үй тұрғындарында есікті тоқылдатпай кіретін әдеті бар болса, есікке құлып орнатып қоюдың еш ұяты жоқ.
Қарап отырғандай тығырықтан шығудың жолдары өте көп. Тек қолайлы сәтті тауып, жұптар өзара жарасым тауып жыныстық қатынастан ләззат алудың жолдарын тапса болғаны.