«Тоқалмен жату денсаулыққа пайдалы» – «Ватсапта» хит болған масқара аудио

Қазір екінің бірі WhatsApp-та отырады. Талай-талай топтарға кіріп алған. Сондай бір топтардsң бірінде болған мына бір аудио-әңгіме қазір қолдан-қолға тарап, таза хит болуда: 

Бір еркек аудиожазбада бүй дейді:

– Негізі, мына тоқал алу денсаулыққа пайдалы ғой… Енді «тоқал тоқсан түрлі ауруға ем болады», деген екен қазақ. Тоқал алған адамның көзі нұрланып, көру қуаты бұрынғыдан үш пайызға жоғарылайды екен.

Және тоқал алған адамның бүйрек қуаты артып, еркектікті жеделдеткіш гормондар бөлініп, ерлік қуаты тасиды екен.

Және сперманың тіршілік қуаты жоғарылап, ұрпақ алу жоғары көтеріледі. Тоқал алған адамның асқазандағы жарасы жазылып, ішектері жақсарып, рухтанып, бауырдағы ыстықтары кетеді. 

Тоқал алған адамның шашы мен тырнағы тез өсіп, жасару ықтималдығы жоғарылайды. Сосын тоқал алудың денсаулыққа пайдалы екенін ғылым да дәлелдеген. Тоқал алғандарыңызға қосыламын!

Мұны тыңдаған топтағы бір әйел оған былай деп жауап қатады:

– Соны айтам ғой. Осы мына тірлік, тірлік емес, негізінде. Мен ер адам болсам – үш әйел алар едім. Үшеуін үш жерге қойып, үшеуіне жағдайын жасап, барып тұрар едім ара-тұра.

Енді әйелдеріңізден қорықпай, былай сырт жаққа бармайсыздар ма, некелесіп. «Атаңнан мал қалғанша тал қалсын», дейді ғой. Мына қазақтың санын көбейтіп дегендей…

Енді, бұйырса, Алла жеткізсе, Қытайдың да заң-саясаты түзелетін күн болып, ол жақтағы бауырларымыз да бұ жаққа келетін күн туар. Әй, қайдан енді, олар келіп болғанша саналарына бір нәрсенің сіңіріп болады ғой сол Қытай енді. Дегенмен, жүрек ауыратын жағдай. Қарап отырсаң, қолдан кетіп жатыр. Кейде телевизордан, фейсбуктардан қарасаң, кәдімгідей жүрегің ауырады.

Содан кейін айтып жатқаным ғой, ер-азаматтар ақырын, ептеп сөйлесіп сол, қыздарды жібермей, алып қалса, жағдайы болса егер, дегенім ғой. Екеу-үшеу емес, біреу болса да. 

Тоқал алғанда өзі, мысалы, бір итті алып, аш қойып қойсаң, ол да күнә ғой.

Сол тоқал болған адам да өзі сәйкесуі керек, өз күнін, өз жағдайын көретіндей. Сен енді сыртқа кетпей, мен болайын осы деп…

Сыртқа кетіп, жат елге барып көзімізді жәутеңдеткенше осы қазақтың қарагөз жігіттерімен болайын дейтін қыздар бар шығар. Соның санасын отятатын осы сіз сіз сықылды топтағы жітіггер ғой. Сондай ой ғой, менікі енді…

kaz.365info.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста