Тоқал болғаным үшін өкінемін
Мен өзімнің бұрынғы ақымақтығым үшін өкініп, ішіме жазып отырмын. Жасым 29-да, оңтүстің тумасымын. Мен ата- анамды жерге қараттым. Мен олардың үміін ақап, өзіммен ең жанға тұрмыс құрудың орнына тоқал болдым, сол үшін өкінем қазір. Өтініш, қыздарға айтарым біреудің куйеуіне қызығып қажеті жоқ. Босқа өз өмірің құриды.
Қазір балалы-шағалы адамның екінші әйелі болу сәнге айналды ғой. Мен де сондай ақымақтықпен өзімнен 21 жас үлкен адаммен жүрдім, әлі де жүрем. Қазір одан кеткім келеді, ол жібермейді. "Сені менің тоқалым екеніңді жұрттың бәрі біледі, ешкім сені алмайды да, керек емессің ешкімге, менсіз бұзылған әйел аанасың" деген сөздерді көп айтады.
Ол менің артымнан 1 жыл жүгірген жас баладай Ол кезде мен 22-де болдым, әйел, бала-шағасы бар екенін біле тұра, 23-ке толғанымда екі айдан соң қосылдық, мен оған қыздай берілдім. Мойындаймын, ол маған ақшалай көмек те берді, ол да қатты қиналған кезінде мен болдым қасында, әйелі бөлек тұрады, қызы шетелде жүреді, жұмыс істемейді, кішісі оқиды, анасымен тұрады.
Уақыт өте келе ол маған кейін көп иттік жасады. Айтсам, бәрі сыймайды бұл жерге. Соңғы жаныма қатты батқаны, баламды түсірді. Сонда да әлі жүрмін. Жақсы көрдім, әлі де сүйем, өмірімде жалғыз адам болған соң қимаймын, кете де алмай жүрмін. Қазір қарап отырсам, жап-жас қыздар ақшасы бар үлкен адамдарға өздері жабысады. Егер осы жазбамды оқып жаса, оларға айтарым, айфон ұсап, мейрамханаларда шалқып жүргенге қызықпаңдар, олардың беті ғана жылтыр. Кейін мен секілді сыры бүін, іші үсін болып, өкінішпен өмір сүресіңдер. Тоқал болудың қажеті жоқ. Өтініш, мені сөкпеңіздерші. Мен де сіздер сияқты тоқал дегенге қарсы болғанмын, бірақ алдымда не күтіп тұрғанын білмеппін бірақ ол кезде.
Анонм