Темекі қойғым келмейді...

Темекі қойғым келмейді...

Қазір жасым алпысқа таяп қалды. Темекі шеккеніме қырық жылға жуықтады. Жора-жолдастан "Темекені қоймайсың ба" деген ақыл-кеңесін жиі құлағым шалады. Бірақ, өзім темекені қойғым келмейді. Бұл жерде мен темекені насихат еткім келіп отырған жоқ. Оны жас ұрпаққа да үгіт еткім келмейді. Лажы болса, мұндай жат әдеттен бойын аулақ ұстағанын қалаймын. Дегенмен, мен темекені шеккеннен ондай зиян шегіп жүрген жоқпын. Дәрігерлер оның денсаулыққа өте зиянды екенін айтады. Қазір темекінің сыртында оның зияндылығы жөнінде көзге бірден түсетін үлкен әріптермен жазылатын болы. Осының салдарынан кейбір жігіттер темекісін тастап кеткенін де білемін. Мен ол туралы ойланып та көрмеппін. Темекіні құшырлана шегіп, ойға берілгенді жақсы көремін. Өз ойым жеткен жерге дейін «Алаш айнасындағы» жаңа айдар арқылы осы сөздерімнің туралығын дәлелдеп көрмекпін.
Мен алғаш рет темекі шеккенде небәрі 14 жаста едім. Үлкендерге еліктеп темекі шегіп көргенді қаладым. Сөйтіп жүріп жасырынып темекі шегіп көрдім. Маған бірден ұнап кете қойған жоқ. Сосын оған біраз уақыт жолай қойған жоқпын. Ал жасым 17-ге келгенде мектептегі сыныптас балалар барлығы темекіге әуестене бастады. Мен де солардың қатарына қосылдым. Осылайша темекіні тұрақты түрде тұтынатын адамдардың санатына еніп кеткенді байқамай қалыппын. Алғашқыда оны ағаларымнан ұрлап шегіп жүрдім. Уақыт өте келе оған түрлі желеумен ата-анамнан ақша алатын болдым. Басқа мақсатқа ақша сұрап дүкенге келгенде темекі сатып алатын едім. Әрине, мектеп бітіргенше темекіні үйдегі үлкендерге көрсете қойған жоқпын. Әскер қатарына барып келдім. Сонда да темекі шеккенімді үйдегілерге бірден көрсетуге батылым жетпеді. Дегенмен, күндердің күнінде менің темекі шегіп жүргенімді әкем аңғарып қойды. Үстімнен темекінің иісі шығып тұрғанын аңғарып "Темекі шегіп жүрсің бе" деп сұрады. Өзі темекі шегіп көрмеген кісі еді. Ол кезде әкенің қас-қабағынан жасқанып өскен ұрпақ едік. Үндемей құтылдым. "Өзіңе жақсы болса, шеге бер" деді. Басқа ештеңе деген жоқ. Темекіні қоя салайын десем, бірнеше жылдан бері тұрақты түрде тұтынып жүргендіктен ол оңай болған жоқ. Осылай жүріп темекіні тұрақты түрде тұтынуға көштім.
Сөйтіп жүргенде ауыл әкімі басшысы қызмет атқаратын азаматпен жолықтым. Өзі менен 4-5 жас үлкендігі бар екен. Ол кісі күніне 4-5 қорап шегіп тастайды екен. Бір темекіні шегіп болғаннан кейін екіншісін бірден езуіне қыстыра бастайды. Оның себебін сұрағанда жас кезінен сондай әдет болып кеткенін жасыра қойған жоқ. "Денсаулығыңызға зиян емес пе" дедім. Ешқандай зиян тигізбейтінін айтты. Дәрігерлерге денсаулығын тексертіп көргенде ешқандай ауру емес екенін айтқан екен. Ол кісі қанша жылдан бері темекіні шегуін тоқтатқан емес. Осындай жайлар мені ойлантып тастады. Базбіреулер айтқандай темекі адам денсаулығына зиян емес шығар.
Темекі қай кезде пайда болған деген сауал төңірегінде ойланамыз. Шынында, қай кезде пайда болған? Қолдағы деректерге сүйенсек, еуропалық жиһанкездер Америка құрлығын ашқан сәтте сондағы жергілікті тайпалар темекі тәрізді дүниені тартып жүрген екен. Беріде ол Еуропаға таралып, одан кейін әлемнің барлық өңіріне таралып кеткенге ұқсайды. Естуімізше, біздің қазақ даласына өткен ғасырдың бастапқы кезеңінде келген көрінеді. Бұл жайында нақты ештеңе айта алмаспыз. Білетініміз, жаз жайлауда, қыс қыстауда көшіп жүрген халқымыз темекі шегіп көрмеген. Өткен ғасырдың алғашқы кезеңінен оған құмарлық кеңінен етек ала бастағандай. Не керек, біздің буын темекі шегуге құмар болып өсті. Біздің кейінгі буын оны әбден үйреніп алды деуге болады.
Дәрігерлер темекі адамның ағзасына өте зияндылығын айтады. Әрине, оған негіз боларлық дәлелдер де бар шығар. Бірақ, менің осы күнге дейін еш жерім ауырып көрген емес. Темекі өкпеге әсер етеді дегенді естіген едім. Соны тексерейін деп дәрегерге де көріндім. Олар түрлі медициналық құрал-жабдықтармен тексеріп көрді. Ешқандай ақау жоқтығын айтты.
Айтпақшы, ұмытып барады екенмін, менің бір туысқан ағам тоқсан жасқа таяп дүние салды. Ол кісі де бала кезінен темекі шеккен. Бақилыққа өтерінде де ондай сырқаттанған жоқ. Тек кәрілік салдарынан дүниеден өтті. Ол кісі темекінің салдарынан ешқандай ауруға ұшырамағанын маған айтты.
Адам ағзасы да бірдей емес шығар. Біреу сәл нәрсеге сырқаттанып қалады. Болмашы нәрседен ауру жамап жатады. Құдайға шүкір, менің денсаулығыма айтатын кінәратым жоқ. Талай мәрте суықта да қалып қойдым. Аптап күннің ыстығында да жұмыс жасағанмын. Соған байланысты төсек тартып жатпақ түгілі жәй әшейін де сырқаттанып көрген емеспін.
Дәрігерлер темекінің адам денсаулығына байланысты зерттеуін қайта жүргізсе деймін. Өйткені, біз секілді адамдар оның зиянын көрген жоқ қой. Бұл тұрғыда әлі де ойланатын жайлар баршылық секілді.
Жалпы, темекіні біз не үшін шегеміз? Кейде көңілің төмен түсіп, бір нәрсеге алаңдап жүреміз. Сонда құшырлана тартып, темекі түтінін будақтатып жібергенде барлығы орын-орнына түсіп кететін тәрізді. Осыдан кейін оның дәрілік қасиеті бар ма деп қаламын. Өйткені, ол адам жүйкесін тыныштануына оң әсерін тигізеді емес пе?
Біздің бала кезімізден «Темекі зиян» деген қағида санамызға шегеленіп қалған. Әрине, оны теріске шығара қоймаспыз. Менің айтпағым, темекі туралы қайтадан зерттеу шаралары жасалса деймін. Қайта темекінің адам денсаулығына пайдалы тұстары да баршылық шығар. Оны кім білген? Бір қызығы, осы тақырып бойынша әлі күнге дейін ешкім зерттеу жасап көрмеген секілді. Негізінде тек бір қағидаға сүйене беруге болмайды ғой. «Айнаның да екі жағы болады» деген бар емес пе? Сондықтан бұл тұрғыда жан-жақты зерттеу жүргізіліп көрсе деген тілегім бар. Негізінде бұл ойланарлық жайт.
Тастанбек, Қызылорда

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста