Танымал сатирик өзінен 32 жас кіші бойжеткенді қалай жар еткенін айтып берді (фото)

Танымал қазақ сатиригі Мұхтар Шерім өзінен 32 жас кіші жұбайымен қалай өмір сүріп жатқанын айтты. Арадағы жас айырмашылығына қарамастан 60 жастағы сатирик пен жары үш баланы тәрбиелеп отыр. Бұл туралы ол "Замана" газетіне берген сұқбатында айтты.
Жуырда 60 жасқа толған танымал қазақ сатиригі Мұхтар Шерім өзінің отбасылық өмірі туралы айтып берді. Өзінен 32 жас кіші бойжеткенді жар еткен ол 28 жастағы жұбайымен арадағы қарым-қатынасы туралы ашық айтты.
"Құдайға шүкір, бәрі жақсы. Әйелім, үш балам бар. Балалар өсіп жатыр. Әйелім менен 32 жас кіші болса да жағдайымды, жай-күйімді жақсы түсінеді. Шығармашылығымды сүйіп оқиды. Әрда­йым демеу болып жүреді. «Ақыл – жастан» дегендей көп нәрсені біледі, ақыл қосып отырады", - дейді ол.
Сатириктің айтуынша, бастапқыда оның жас келіншегі екеуінің арасына от салғандар аз болмаған.
"Қазақта «Үш күннен кейін көрге де үйренесің» деген сөз бар ғой. Біз бір-бірімізге әбден үйренісіп кеткенбіз. «Сіз» дегені болмаса кәдімгі құрдастарша қалжыңдасамыз. Қызғаныш деген атымен жоқ. Жеңгелеріңіз ағайын-туыспен де сондай қарым-қатынаста.
Туыстардың тойы онсыз өтпейді. Абысындарымен де ақылдасып, бар ша­руаны ұршықша иіріп отыр. Меніңше, бұл адамның өзіне байланысты болса керек. Болмады демеймін, алғаш­қы кезде бізде де қиыншылық болды.

Арамыз­ға от салғысы келетіндер де табылды. Бірақ жеңгелерің оның бәріне түсіністікпен қарады. Төзе білді. Себебі тұрмысқа шығуды ол саналы түрде қабылдады. Анасының ақ батасын алып, сол кісілердің ризашылығымен босағамнан аттады", - деді ол.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста