«Таяққа сұранып тұратын әйелдер көп»: психолог күйеуімен жиі ұрсатын әйелдердің үш түрін айтты

Танымал психолог Серікгүл Сали отандық бағдарламалардың бірінде зәбір көрген әйелдерге қоғам болып  қанша көмек қолын созса да еш нәтиже болмайтын жағдайлар көп екенін айтты, деп жазды KYN.KZ.

Оның  айтуынша күйеуінен таяқ жеген әйелдерді дағдарыс орталығына орналастырып, барлық жағдайын жасап, мамандар ақыл кеңестерімен бөлісіп, психологтармен жұмыс жасайды.  Біраз уақыт өткеннен кейін ондай келіншектер өзіне келіп, қайта мамандардан тығылып, күйеуіне  баруға асығады екен.

«Оның да бірнеше себебі бар . Мәселен,  мұндай әйелдердің бірінші түріне тоқталсақ. Олар өзінің отбасында зорлық-зомбылық көріп өскен. Мұндай жағдай әйелге бала күннен  қалыпты болып кеткен.

Екіншісі өзін шыдамды, батыр адам сезінгісі келеді. Төзеберсем барлығы бір күні бітеді деп іштен тынатындар.

Келесі кезекте өмір бойы таяқ жеп өсіп, соған өзі сұранып тұратын, ер адам өзіне қол көтермейінше тынышталмайтын  әйелдер бар.  Олар жанжалды өзі бастайды, өзі ұрысады, өзіне қол көтермейінше қоймайды. Таяқ жегеннен кейін өзін жәбірленуші сезінеді. Жылайды, айналасына айтады. Содан жеңілдеп өмір ағысын сондай бір әдетке айналдырып алады. Олар бейсаналы түрде осындай жағдайды өздері жасайды. Өмірінің соңына дейін бейсаналы түрде. Бұл өте қауіпті. Ақылға емес эмоцияның күшіне мінген адам, өзін басқара алмаса соңы тіпті өте қауіпті»,-дейді психолог.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста