Сүю мен жеккөрудің арасы бір ақ қадам екен...

Сәлеметсіздерме құрметті оқырмандар! Менде қалмайын деп сырымды ақтаруға бел будым. Ақыл айту оңай ғой, көбіміз сол өзгеге айтқан ақылымызды өзімізге келгенде дәл уақытында дұрыс қолдана алмайтынымыз да бар.

 

Жасым 22-де, осыдан бес жыл алдын тұрмысқа шығып, енемізбен келіспей 7 ай жүріп соңында өз үйіме оралған жағдайым бар. Кəзір шүкір өз жағдайымды кішкене де болса жасап, анам мен інілеріме қарасып отырмын. Кейде төрт ініме əке орнына əке шеше орнына шеше болып (анам əкем қайтқан соң қатты науқастанып қалған) жүріп өзімді ұмытқаным да есіме түседі. Еркектен бір көңілім қалған соң еш зауқым соқпаған күйі, куйбең тіршілікпен жүргенде міне 5 жылда болып қалыпты. Əлі де бай іздеп өліп тұрғаным жоқ, бірақ сонда да кейде шаршағанда осындайда арқа сүйер тірегім болғанда ғой деп жылап та алатын сәттер болады.

 

Əйел болған соң біреу сені еркелетіп, сенің жүгіңді желіңдетіп інілеріме əке орнына қамқор болар жан болғанда ғой деп де ойлайсың. Куйеуімді алғашында сағынып, бүйрегім бұрып тек соны ойлап жүруші едім. Кейін жайлап көңілім қалып суыи бастады. Кезінде сүйіп қосылсақ та, қазір мүлдем жек көремін. Сүйіспеншілік пен жек көрудің арасы бір ақ қадам екен ғой. Еркекке енді сене де, сүйе де алмаспын.

 

Қыздар сендерге айтарым: аңқау болмаңдар, өз-өздеріңе берік болыңдар.

 

Сүйіп қосылсаңдар сол үйден өлсең де кетпеуге тырысыңдар. Ажырасып келсеңдер жағдайларың керемет болып кете салмайды. Жастай тұрмысқа шыққан соң некенің қадірін көбіміз дұрыс түсінбейміз. Неке ойыншық емес. Қазір ақыл тоқтатқан соң жас қыздарға қарап жаным ашиды, гүлдей өмірлерін аңқаулықпен қор қылғандарына. Өтініш, қыздар аналарыңның мен əпкелеріңнің ақылын тыңдаңдар.

 

Сонымен не айтпақшысың дейтіндер де табылар, айтарым, кішкене де болса жастарға сабақ болса екен, менің қателігімді қайталамаса екен деймін.

 

Ажырасқан себебін жазбады, демек өзі кінəлі дейтіндерге: реанимацияда жатқанда əкеме бару ушін телефон арқылы хабарласып қана рұқсат сұрағаным үшін енем шу шығарып үйіне кіргізбей қойып еді. (Бізден 3-4 ай алдын ғана қайнымды да ажыратып алған болатын ). Сүйемін деген жəй сөз ғана екен. Күйеуім отбасымызды сақтауға тырыспады.

Қыздар сезімге емес ақылға ерік беріп, мимен шешім қабылдаңдар!!!

 

 

Аноним

Alashainasy.kz 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста