Сүймеген жанмен өткен әрбір күн азап
Қайырлы күн, қыздар, құрбылар, келіншектер. Ақыл-кеңестеріңіз қажет.Тұрмысқа шыққаныма 8 жыл болды, 3 балам бар. Студент кезімде 4 жыл бір жігітпен жүрдім, бір-бірімізді қатты жақсы көрдік, ата-анамызды да танитынбыз. Уақыт өте ол басқа қалаға жұмысқа кетті, сол кезде мені өзім танитын жігіт алып қашты. Жыладым, көнбедім, жігітіме хабарласып, алып кет деп айттым. Ол тура сол түні жолға шыға алмайтынын айтты.
Сонымен не керек, басыма орамал салынып, келін атандым. Күйеуім өте ызақор, ашушаң, өзі әскери адам, қатын құмар, онымен қоймай маған жұмыс істетпейді. Әбден шаршап кеттім, күнде бір тірлік. Сол баяғы жігітімді алғашқы махаббатымды əлі де сағынамын.Тұрмыс құрғалы əлі кездеспегенбіз. Көріп қалсам, қандай күйде болар екенмін. Ол жігіт жақында үйленді деп естідім, бір қызы бар екен. Өмірдегі бар бақытты, жақсылықты тілеймін. Өзіме келсем, бала-шағам үшін өмір сүріп жүрмін. Бастарыңыздан өтпегендер түсінбейтін шығарсыздар. Бірақ бұл шын, мен ол жігітті əлі күнге дейін сүйемін қатты сағынамын.