Сүйіктіме қайта оралғым келеді, бірақ...

Құрметті «Алаш айнасы» интернет сайтының оқырмандары мен көптен бері «Отбасы – ошақ қасы» айдарындағы материалдарды үзбей оқып жүрмін.Кейбір оқиғаларды оқығанда тіпті көзіме жас келеді. Мен бүгін көптен бері ешкімге ашылып айтпаған сырымды қалам алып жазып отырмын.
Осыдан тура 10 жыл бұрын мен өзімнің алғашқы махаббатымды кездестірдім. Ол кезде жасым небәрі 17-де еді. Жаздың жаймашуақ күндерінің бірінде саябақта құрбымды күтіп отырдым. Біраз уақыттан соң жаныма бір жігіт келді де «қарындас, танысып қояйық» деді. Мен оған бір қарадым да өз жайыма отыра бердім. Алайда әлгі жігіт жанымнан айналшықтап кетпей қойды. Ол қанша өтінсе де мен оған де есімімді айтпадым. Бір кезде ол мен сіздің атыңызды білемін Айсұлу ғой дегенде таңғалғаным соншалық, жұлып алғандай «қайдан білесің» деппін. Сөйтіп тұрғанда бағанадан күтіп отырған құрбым да келді. Баян менің жанымдағы жігітті көре сала ашық-жарқын амандасты. Олар бір-бірін танитын болып шықты. Үшеуміз саябақта біраз қадырдық. Мұрат Баян екеумізді үйге дейін шығарып салды. Осыдан кейін Мұрат менің соңымнан қалмайтын болды. Ал Баян болса, ылғи да Мұраттың қандай жақсы жігіт екенін айтып мақтайтын. Ол менен 5 жастай үлкен еді. Сол кезде жоғары оқу орнын бітірген болатын. Екеуміз жақсы дос болып жүріп, соңы махаббатқа ұласты. Үнемі жұбымыз жазылмай жүретінбіз. Мұраттың ата-анасы ауқатты тұрады. Оған су жаңа көлік алып берді. Екеуміз күнде кешкісін көлікпен қыдырамыз. Алайда пәле деген аяқастында екен ғой. Бірде Мұрат маған келе жатқанда көлік апатына түсіп басынан қатты жарақат алды, жамбасы сынды. Мынандай жаңалықты естігенде есімнен тана жаздадым. Жүгіріп ауруханаға бардым. Ол жерде Мұраттың ата-анасы жүр екен. Сондағы Мұраттың мамасының маған соншалықты жекөрінішті көзқараспен қарағаны есімнен кетпейді. Ол кісі қатты ашуланып, жылап тұрып «Сен қыздың кесіріңнен балам ауыр халде жатыр, баламның басын айналдырып алдың, күнде саған кетіп қалады» деп аурухананы басына көтеріп айғайлады. Мен оған ләм дей алмастан үндемей тұра бердім. Ол маған екінші көзіне көрінбеуімді өтінді, Мұраттың жанына жолаушы болма деді. Ол кісі сүйіктімнің анасы болған соң ол кісінің жаны ауырып, ашуланып тұрғанына түсіністікпен қарадым. Бірақ ол кісі кешкісін үйге телефон шалып, менің анама айтпағанды айтты. Қызың менің баламнан аулақ жүрсін деп айқайлады. Осы жағдайдан кейін мен не істерімді білмедім. Мұратты көргім келіп, қиын кезде жанынан табылғым келді. Бірақ, амал қанша. Кейін естідім, Мұрат біраз тәуір болған соң оны ата-анасы Қытайға емдетуге алып кетіпті. Ал мен болсам күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылдым. Бірақ ата-анамның көңілі үшін өзімді өзім ұстауға тырыстым. Оқуға түстім. Бірақ қанша тырыссам да Мұратты ұмыта алмадым. Уақыт емші деп жатады ғой, бірақ мен уақыт өткен сайын Мұратты қатты сағынатынмын. Университеттің үшінші курсында оқып жүргенімде сүйіктімнің үйленгенін естідім. Ішімдегі шерім көзімнен жас болып ақты. Басқа не істей аламын?
Оқуымды бітіріп, Астана қаласынан жақсы жұмыс табылған соң сол жаққа бардым. Біраз уақыт жұмыс істеп жүріп уақыттың қалай өткенін де байқамай қалыппын. Араласатын достар да таптым. Талай жігіт сөз де салды. Бірақ олардың ешқайсысына қарай алмадым. Өйткені жүрегімде басқа адам тұрып, өзге жанның жүрегін жаралағым келмеді. Осылай өмір кешіп жатқанымда бір-ақ күнде өмірім өзгеріп шыға келді.

Бірде жұмыс барырысымен қалалық әкімдікке бардым. Сол жерде кездесуге тиіс адамымды күтіп дәліздегі орындықта терезеге қарап отыр едім, біреу иығымнан ұстап «Айсұлу» дегенде жалт қарадым. Өз көзіме өзім сенер емеспін. Алдымда Мұрат тұр. Орнымнан ұшып тұрып оны қалай құшақтап алғанымды өзім білмей қалдым, көзімнен аққан жасты тоқтата алмадым. Ол да мені қатты қысып құшақтап, бетімнен алма кезек сүйіп жатыр. Мен бұл жерге неге келгенімді де ұмыттым. Екеуміз сыртқа шығып жаяу жүре бердік. Ол жол апатынан кейін толық айығыпты, бірақ бір аяғын сәл сылтып басады екен. Екеуміз ұзақ әңгімелестік, оған ата-анасы мені тұрмысқа шығып кетті деп айтыпты. Шындықты естігенде ол қатты таңғалды. Ал өзі болса осыдан екі жыл бұрын отбасын құрғанын айтты. Бірақ араларында әлі бала жоқ екен. Ол маған: «Мен әлі күнге тек сені ғана жақсы көрем, бір сәтке де сені есмінен шығарған емеспін. Қазіргі келіншегім де сен туралы біледі. Егер мен оған бар мән-жайды түсіндірсем, ол бізді түсінеді. Ол да мені дәл сендей сүйе алмады. Мен әйеліммен ажырасамын, мен тек сенімен болғым келеді» деді.
Мұратты қанша сүйсем де мен оның отбасын бұзғым келмейді. Мен оған осыны түсіндіруге тырыстым, оның үстіне оның ата-анасы мені ешқашан қабылдамайтын анық. Бірақ Мұрат маған күнде хабарласады, келіп тұрады. Онымен кездеспеуге тырысып-ақ бағамын, бірақ ол менің қашқақтағаным үшін қатты ренжиді. Кеше ғана ол мен туралы әйеліне айтыпты. Бүгін Мұраттың әйелі маған телефон шалып, маған деген еш өкпесі жоқ екенін, Мұратты сүймейтінін, бізге бақыт тілейтінін айтты. Шын мәнінде Мұраттың келіншегінің еш кінәсі жоқ қой. Мен оған ештеңе дей алмадым. Біреуді отбасынан ажыратып ары қарай бақытты бола алам ба, мен мазалайтыны осы. Қайтсем, дұрыс шешімге келе аламын, басым әбден қатты. Өтінемін, маған ақыл-кеңестеріңізді айтыңыздаршы...

Айсұлу, Астана

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста