Сүйгеніме қосылатын күн туар ма екен?

Қайырлы күн, құрметті оқырман!  Жасым 22-де. 17- жасымда алып қашудың құрбаны болдым. 3-4 рет сөйлескен жігітім алып қашып кетті. Танып-білмеген адамымның табалдырығын аттадым. Қатты қиналдым. Дүркіретіп той жасады. Аллаға шүкір, ата-енем керемет жандар боп жолықты. Бірақ... күйеуім ішіп, аздап (анаша) да шегетін. Таяқтан көз ашпадым. 1 айдан кейін аяғым ауыр екенін білдім. Ішіп-шеккенін қояр деген үмітпен бəріне шыдап бақытты болуға тырыстым. Күйеуімнің қоймайтынын білдім, 7айында мерзімімнен бұрын босандым, баланы ота жасап алды.

 Небір күндер өтті басымнан. Эпилепсия "қойаншық" деген ауырумен ауыра бастадым. Бастан көп соққы алғаннан. Əке-шешеме ауыз ашып ештеңе айтқан емеспін! Уайымдамасын деп. Бұрын күйеуім тиіссе, атам араша түсіп сөзімді сөйлейтін. Баламды ауыр босандым сүтім де жоқ болып емізе алмадым. Тағы да аяғым ауыр екен. Ол кезде қызым 2 айлық еді. 4-ай болғанда балама, атам қайтыс болды. Əкемдей көрген адамым еді. Өлімге қимадым. Басқа салған соң оған да көндім. 40-ы өткен соң қатты ауырдым. Күйеуім тіпті ішкенін үдете түсті. Сондай бір ішкен сəтінде ішімнен теуіп 4-айлық егізімнен айырылдым. Оған да қанша қиналсам да шыдадым. Атамнның 100-і өткен соң күйеуім аяқ асты ауырып көрген түстей ол да өмірден өтті. Балам əлі жасқа шықпаған еді ол кезде. Сол кездегі қайғымды ешкімге айтып жеткізе алмаспын.

Уақыт зымырап өтіп жатты. "Маңдайыма жазылған осы шығар" деп бəріне көндім. Жыл өткен соң үлкендер рұқсатын беріп шығарып салды. Қимай-қимай өз үйіме оралдым. Əлі де жақсы араласып тұрамын. Жаман келін болдым деп айта алмаймын. Мақтанғаным емес, әлі күнге дейін қайын апа, абысындарым бірдеңе жасайтын болса, мені шақырып алып менімен ақылдасып отырады.

Үйге оралған соң вк-да бір жігітпен достасып,  сөйлесіп жақсы араласып кеттік. Ештеңе жасырмадым. Басымнан өткен жағдайдың бəрін айттым. Бəрін біле тұра достықты махаббатқа жалғастырсақ деп ұсыныс жасады. Ұзақ ойландым. Ол үйленбеген. Мен есік көргем деп бас тарттым, бірақ қоймады. Өзі де жанашыр, қамқор, ақкөңіл жігіт. Өзім де іштей ұнататынмын. Солай жүре бастадық. Балама еш құр алақан келмейтін. Өзі балажан. Айналып-толғанып баламды еркелетіп ойнататын. Балам да соған үйреніп алған. "Папа" дейді. Арада жыл өтті. Ол үй ішімен мені таныстыра бастады. Үйінің іші менің бұрын босаға аттағанымды білмейтін. Мені апарып анасымен таныстырған күні барлығын жəйіп салды. Анасы қатты ренжіді. "Қыз құрып қалғандай бір баласы бар жесір еді енді жетпей тұрғаны" деп. Еш ренжімедім. Қандай ана өз баласына жаман болсын десін? Түсінуге тырыстым.

Жігітім ренжіп "кетеміз" деп үйінен мені ертіп шығып алып кетті. Бір жерге барып отырып жақсылап сөйлестік. Мен "əуелде қарсы болғанымның себебі осы еді. Осылай боларын білдім. Мен үшін анаңмен ұрсыспа. Осы жерден тоқтата салайық. Мен анаңды түсінем" дедім. Ол:  "Оңайлықпен ештеңе жоқ. Бақытты болғымыз келсе, күресуміз керек. Сені ұнатам, енді тағы да осындай əңгіме айтсаңе ренжимін саған. Ешқашан сені тастамаймын, қандай жағдай болса да, мен тек сенімен қосылғым келеді. Алсам, тек сені, алмасам ешқашан үйленбеймін,  сəл шыдайықшы" деп құшақтап көзінен жас та шығып кетті.

Содан бері міне 3жыл уақыт өтті. Баламның, өзімнің ішіп-жем тамағымыз, киімімізді өзі мойнына алып қарайласып, көмектесіп келеді. Өз əке-шешем де ол жігітті таниды, қатты сыйлап, баласындай жақсы көреді. Бірақ аға-апа, анасы бəрі қарсы. Қосылғымыз келеді, бірақ болмай жатыр. Алладан күнде сына, сынап иілдірсең де мені сындыра көрмеші, қосылуды жазбаған болсаң, неге ғана жолықтырдыңыз? деп сұраймын. Ақыл қосыңыздаршы. Басымды ажыратып жөніммен кеткенім дұрыс па? Бірақ 3 жыл ішінде маған тіпті дауыс та көтеріп сөйлеп көрмеген. Не істесем болады? Ақыл кеңестеріңізді айтыңыздаршы! Ерінбей оқып шыққан жандарға рахмет!

Аноним 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста