Сүйе тұра кешіре алмадым...

Қыркүйек айы. Кешкісін бөлем екеуіміз көшеге шықтық. Менің ойымда ештеңе жоқ, ал бөлем менен бұрын бір жігітпен танысыпты.

Сол жігіт келді де, ортақ танысымызға бардық. Ол біздің құда баламыз болатын. Жай әңгімелесіп, олардың сыныптастарына бардық. Онымен танысып біраз әңгімелестік те, машинамен ауылдың көшесінде қыдырдық.

Мен махаббатқа сенбейтінмін. Бір уақытта құда баламның сыныптасы А қолымды ұстағанда жүрегім бірдеңе болып кетті. Солай олармен екі күндей кездесіп, ортақ тақырыпта сөйлесіп жүрдік. Одан мен үйге қайттым, ал таныс балалар қалаға кетті. Содан жылжып бес жыл өтті. Мен жұмысымды ауыстырып сол баяғы А-мен танысқан ауылда жұмыс істеп жүрген болатынмын.

Кешкілік ойда жоқ жерде А-ны кездестірдім. Ол мені танымайтын шығар деп ойлағам, жаныма өзі келіп амандасты. Біраз әңгімелескеннен кейін менің телефон нөмірімді алды.


Мен жазғы демалысқа кеттім. Ол хабарласады деп ойлаған жоқ едім. Бір күні телефон шырылдады да ар жағынан оның дауысы естілді. Мен жұмысқа келгенде кездесетін болып келістік. Солай тамыз айы да келіп жетті.

Арамызда шын достық сезім оянды. Мен оны сол алғаш кездескен сәттен сүйетінмін, бірақ оған білдірмедім.

Дос болып жүре беру маған жеткілікті болатын. Бірнеше айдан кейін махаббат оты күшейіп жиі кездесетін болдық. Бірақ ол өз сезімін ешқашан ашып айтпайтын еді. Мен де одан ештеңе талап етпедім.

Солай төрт жылды артқа тастаппыз. Кездескен төрт жылда бірнеше рет ажырасып, бірнеше рет татуластық. Ол менің өзін жақсы көретініміді біледі, соны пайдаланатын сияқты. Үйленейік деген сөзіме «әлі мен дайын емеспін» дейтін.


Биыл маусым айының 26- сы маған ең сұмдық күн болды. 25-нде А үйленіпті деген хабарды естігенде, төбемнен суық су құйып жібергендей болды. Кімге үйленді десем, аты шулы бір қызды кіргізіпті.

Мені соған айырбастағанына жыным ұстады. Күні бойы көзімнің жасын тоқта алмай, өзімді қоярға жер таба алмадым. Мұндай күйді ешкімге бермесін. Мас болып үйленіпті. Телефон нөмірін ауыстырып тастапты.

Жарайды деп бұған да мойынсындым. Менің қолымнан не келеді. Мен де телефон нөмірімді ауыстырып тастадым. Екі айдан соң ажырасып кетіпті деп естідім. Таныс балалардан менің жаңа нөмірімді тауып алыпты. Бірнеше ай хабарласып жүрді. Маған сенен басқа ешкім керек емес деп кешірімімді алды. Мен не істерімді білмей, қайта кешірдім.


Бірақ қуанышым ұзаққа бармады. Басқа бір қыздың аяғы ауыр болып қалып, соған үйленуге мәжбүр болды. Тағы да босаттым, бірақ кет десем де кетпейді. Мен ол қызбен тұрмаймын деп мазамды алды. Шын сүйген адам кешірімді болады дейді, бірақ мен оны қашанғы кешіре беруім керек. Менің де отбасын құрып, сәби сүйгім келеді. Осы жолы сүйіп тұрсам да кешіре алмайтынымды білдім.

Оны тағы кешірсем, болашақта адал жар бола ала ма? Не істеймін? "Кете бер" дейін десем, сүйемін."Кетпе "дейін десем жақсы отбасы болатынымызға сенбеймін.


Дереккөз: el24kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста