Әуестік пе, ақымақтық па? Қалтадағы ақша ма? Өмірдің өзім біле бермейтін бір қырын қызықтағым келді де, «Жас сұлу жоғары ақылы қызметке дайын», – деген жарнамадағы телефон нөмерін тере қойдым.
Ар жағынан: «үйде қабылдаймын» деген соң, мекен-жайын біліп алдым да тарттым. Қалай барғанымды, қалай қабылдағанын айтып жатудың қажеті жоқ, жұрт айта беретін қызықты көрдім. Құмардан шықтым. Ару десе – ару, сұлу десе – сұлу. Кәсібін жетік білетіннің нақ өзі. Жап-жас болып соның бәрін қайдан үйренгеніне таң қаласың. Оның бәрін порнофильмдерден үйренгенін жасырмайды. Ол ол ма, нақ әртістей образға еніп, он екі мүшеңді балқытпай қоймайтындай дәрежеде орындайды.
Ал «шаруа» біткен соң түк болмағандай баяғы қалпына заматта келе қояды. Маған бәрінен қызығы да, керегі де — оның осы жолға қалай түскенін білу еді, соған арнайы дайындалып барғанмын.
– Рахмет саған, бірақ ақша төлеп кете салу ыңғайсыз болып тұр. Құрқол келмеп едім, біраз әңгімелесіп отыруға қалай қарайсың? – дедім киініп жатып.
– Уақытым бар, қарсы емеспін, – деді ол.
– Ендеше, мынаны дұрыс алған екенмін, – деп, коньяк пен шоколадты ортадағы стол үстіне қоя салдым. Ол ас үйге барып рюмкаларды әкелді.
Таныстық үшін, денсаулық үшін алдық, арасында музыка тыңдай бұралқы әңгімелерді араластырдық. Не керек, бір-біріміздің сенімімізге енгендейміз.
– Бір нәрсе сұрауға бола ма? – деп алдым әуелі.
– Манағы жасағандарыңыздан өрескел емес шығар, сұрай беріңіз, – деді ол. Әлде, мінезі солай ма, әлде ішке кеткен ащы судың әсері ме, жүзінен де, үнінен де шіміркенудің ізі де білінбейді.
– Осы жолға қалай түстің?
– Оның қажеті қанша?!
– Әп-әдемі қыз болған соң мына кәсіпке қимағаным ғой.
– Бұл кәсіппен тек жаман адамдар айналысады деуге болмайды.
– Сонда да біртүрлі… Өмірде көңілдес, ашына – жай адамдарды көріп жүрміз. Дегенмен… ақылы қызмет көрсетіп, әдемі дүниені кәсіпке айналдыру… – деп, міңгірлеп қалдым.
– Қалай ойлайсыз, студенттің стипендиясымен басқаны былай қойғанда күн көру мүмкін бе? Жоқ. Ендеше, бізді бұл кәсіпке итермелеп отырған қолында билігі бар шенеуніктер. «Мұның не?!» – деген ренішті сұрағыңызды маған емес, соларға қойыңыз. Ал маған университетті бітіріп, (жыл сайынғы миллионға тарта ақшасы бар. Ақылы бөлімде оқиды) мамандық алып шығу керек, әйтпесе мүлде «жерде қаламын». Жерде қаламын деген жай сөз, аштан өлуім мүмкін. Ал қолдан келіп тұрған соң оқып, білім алу қажет. Бұл үшін арды аяққа басудан басқа таңдау қалған жоқ. Сіз «қыздықтан неге айрылдың?» – деп ренжірсіз. Сіздіңше, дұрыс. Жалпы дұрыс. Дұрыс болғанмен қайтпекпін? Ауылдағы әке-шеше мұндағы мені асырамақ түгіл, қолдарындағы қалған балаларын ашықтырмаса болғаны. Басқа ешкімім жоқ. Жаны ашығансып отырған Сіз әлгі жүз долларыңызды «жай» неге бермедіңіз?
– Жай да берер едім!
– Қанша уақыт? Мен төрт жыл оқиды екенмін. Одан кейін тағы да екі жылдық магистуратура бар. Сонша тегін асырап, киіндіріп тұрар ма едіңіз?
– Енді қолдан келгенше, – деп міңгірледім.
– Ә, солай ма, ал мендей студент қыз қаншама?!
– Ащы шындықты айттың. Қолдан келер қайран жоқ. Жарайды, басқа әңгімеге көшейікші, – дедім ішім удай ашып.
– Қиналмай-ақ қойыңыз. Қазақ қыздарын көз көрмек түгілі, құлақ естімеген жаман кәсіпке жаппай итермелеген Сіз емессіз. Және оны болдырмау түгілі, тежеу енді мүмкін емес. Бәрі әлеуметтік теңсіздіктен туындайды. Қалап алған жолымыз болған соң көретініміз осы. Бәрінен өкініштісі – әлсіздің үнемі қорлық көретіні.
– Иә, – дедім, мұрын астынан міңгірлеп.
– Мені осы жолға салған күнкөрістің тапшылығы да емес, өйтіп-бүйтіп тамақ тауып жүргенмін алғашқыда…
– Ендеше сол жолдан неге айырылдың?
– Ол да оңып тұрған жол емес еді. Панфилов бағындағы мемориалға жұрттың гүл апаратынын білетін шығарсыз?
– Иә.
– Сол гүлдерді кешкісін, адам аяғы саябырсыған соң жинап алып, басқа жерге апарып, сатып жүрдім. Бұл іспен әлі күнге дейін жас студенттер айналысады. Қалай дегенмен де жейтін нан табуға болатын еді. Бір күні полицияға ұсталдым. Тірек пунктіне апарды да қамады. «Вандализм» дейді. Соттаймыз, дейді. Не керек, жылмаңдаған біреуі: «айтқаныма көнсең, түрмеде қалмайсың», – деді. Жалындым. Жыладым, болмады. Ақыры көндім. Білесіз бе, әлгінде сізбен болған уақытымда сізге ұнау үшін бар өнерімді салсам да, өзім де ләззат алып қалдым. Ал анаумен болғанымда… Құрысын, ойласам болды — құсқым келеді. Өзі бір шегірткенің айғырындай ғана неме екен және әйелдердің жағдайын жасамай сұққылай беретін өлі дүние дейтін бір дөрекі. Жыныстық қатынасқа алғашқы түсуім екенін ақ жаймадағы каннан-ақ біліп, бір қатынастан соң тиылу керек еді. Нақұрыс, түні бойы үстімнен түскен жоқ. Ертесіне жатақханама әрең жеттім. Келіп жылап-жылап жатып қалдым.
Содан ертесі күні тұрдым да өзіммен бірге оқитын жерлес досыма «Сен сутенер болып, клиент тап. Мен жезөкшелікпен айналысамын», – деп ашық айттым.
Досым жаны жайсаң ашық жігіт. Білетін ақылын айтып, жаман жолға түсуден қайтармақ болды. Бірақ мен болған оқиғаны бүкпесіз ашық айтып, көндірдім, әйтеуір. Міне, содан кейін осы кәсіпті бастадық.
Алғашқыда қиындау болды. Әйтсе де уақыт «шыңдады». Қазір міне, кәсіпқой жезөкшемін.
Қыз өзін-өзі мазақ қылғандай мырс етті.
Мен де өліктің бетіне шіміркенбей қарауға еті үйреніп кеткен мүрдехана қызметкерлері секілдімін.
– Табыс жақсы шығар, – дедім.
– Шынымды айтсам, банкте депозитім бар.
Мақсатым – университетті бітіріп, шетелге жұмысқа кету. Сосын баспана, машина алып, жұрттың жалақысын естігенде сілекейім ақпайтындай дәрежеге жеткен соң, күйеу алса тием, алмаса — баламды туып өздігімше тәрбиелеймін! Білгіңіз келгені осы болса, «кәсібім» жайлы жасырғаным қалған жоқ. Ризамысыз?
– Рахмет. Дегенмен кескін-келбетіңізге, сөзіңізге, ой-өрісіңізге қарасам, періште секілдісіз. Ал мынауыңыз күнә ғой.
– Құдай өзі кешірер. Жалпы алғанда күнәһар мен емес, мені осындай жолға итермелегендер.
Ең әуелі жеріміз бай бола тұрып халықты кедейлікке душар еткен басшылар күнәһар. Содан соң мені қыздығымнан айырған ана сүмелек полицей күнәһар.
Жалпы алғанда, халықтың көпшілігі күнәһар. Әсіресе, осының бәрін көріп, біле жүріп жоғары жаққа айтып, студенттерге жағдай туғызу керек деп айта алмай жүрген ғалымдар, жазушылар, ақындар, жалпы зиялылар күнәһар.
Ендеше… Қайтесіз, егер Алланың бары рас болса, тозақ отына жанатын жалғыз мен ғана емес екенімді өзіңіз де білесіз ғой?
Оның жақсы студент екенін, түбінде өзі айтқанындай жетістіктерге жететініне сөз саптасынан-ақ түсіндім де небір жақсыны жылатып, тығырыққа тіреп қойған мына заманға іштей лағнет айттым.
Қайтейін, қолдан одан басқа не келеді?
Досжан Жолдасбекұлы
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz