Сол үшін күйеуіммен арамыз суып барады

Сәлеметсіздер ме? «Алаш айнасынан» түрлі тағдырларды оқып, өзімнің де тағдырыммен бөліскенді дұрыс көріп отырмын. Қыз бала үшін ақ көйлек киіп, өз тойында өзін ханшайым сезініп жүруден басқа арман жоқ қой. Менің де «тойым болса екен» деген әп-әдемі арманым бар еді. Сол тойымда өзімді қалай жүріп тұрғанымды елестететінмін. Бірақ сол тойға жете алмай, оны туысқандарым бетіме басып, сол үшін жолдасым екеуіміздің арамыз суып барады.

 

Менің жасым 19-да. Тұрмыс құрғаныма екі жылдан асты. Бес айлық қызым бар. Күйеуім екеуіміз бір жылдай жүріп, шаңырақ көтердік. Жолдасымды қатты жақсы көремін. Жолдасымның әкесі қайтыс болып кеткен. Анасы екеуі пәтер жалдап тұрады. Бәрібір бізге той жасап беретіндей шамалары жоқ еді.

 

Үйленетін кезде жолдасым ақша іздеп, көп қиналды. Шаңырақ көтерген соң құдалық та, той да болмады. Өзімнің ата-анам құдалық жасап, қайын жұртымды шақырып жіберді.

 

Енді мені той жасамай ма деп қайта қайта сұрайды. Әкем мінезі өте қиын кісі. «Той жасасын» деп ашықтан ашық айтып, күнде звандайды. Оны естіп алып жолдасым жынданады. Қиналады. Сол үшін күнде ұрыс, күнде жылау.

 

Туыстарым да той, құдалық болмағаны үшін сырт айналды. Біреудің тойы болса, төркінім «тойын жасапты, молодц. Ұяты бар адамдар екен» деп айтып отырады.

 

Құрбыларым да «сонда той жасамайсыңдар ма?» деп жиі сұрайды. Әрқайсысынан сондай сөз естіген сайын, кірер жердің тесігін таппаймын. Қазір бөлектеніп құрбыларыммен де араласпаймын.

 

Қызымды босанған соң, төркінім кішкене тынш тапты. Алайда тойға шақырту билетін көрсем де, той көйлегін көрсем де жылай берем. Өзімді тойы болмаған бақытсыз қыз сезінем.

 

Бірақ бұл өкінішімді ешкімге айта алмаймын. Күйеуімнің көзінше жыласам, оның қиналатынын білемін де, көрсетіп те жылай алмаймын. Білемін бір тоймен бүкіл ғұмырдың өлшенбейтінін, сонда да тойым болмағаны үшін қиналамын. Жұрттың бәріне бұйыратын бір күндік бақыттың маған бұйырмағанына налимын.

 

Осы бір өкінішім туралы ойламауға кеңес беріңіздерші.

 

Жалпы елімізде тегін психолог кеңес беретін жерлер бар ма?

 

Алдын ала рахмет.

 

 

 

Самал, Алматы қаласы

alashainasy.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста