Сол істеріме өкінем...
Сəлеметсіздер ме, құрметті қыз-келіншектер, оқырман қауым. Басымнан өткен мына бір оқиғамен өздеріңізбен бөліскелі отырмын. Біреу сенер біреу сенбес.
17 жастағы кезім, өзім өте сұлумын, əкеме тартсам керек осы сұлулықтың кесірінен талай жігітті жылатқаным бар. Соған қазір өкінем неге сол сөз салған жігіттің біреуімен отбасын құрмадым деп. Жə оны қойшы,солай жүргенде оқуға да түстім.
Бір күні колледжден қайтып келе жатқанымда бір жігіт*(Өзінің бойы ұзын, қара торы сұлу менің ойымдағы жігіт болатын) қарындас есіміңіз кім деп тисе жөнелді, жігіттердің маған қарап сөйлеуі қылмыңдауына үйреніп қалған мен елемегенсіп өтіп кеттім.
Содан не керек апта өтті, əдетімше сыртта құрбыларыммен отырған болатынмын, қарасам өткендегі жігіт. Жүрегім бүртірлү соқты неге екенін білмеймін,сөйтсем өзіміздің көшеде тұратын жігіт болып шықты мен туралы бəрін біліп алса керек. Содан артымнан жүгіруді тоқтатпады өзімше болып менсінбейтінмін. Ол тойларда шығып əн салатын даусы керемет, үйіне таң ата оралатынын түнделетіп көп қыдыратынын құрбыларымнан естіп алғам.
Не керек маған қатты ғашық болды мен де ұнатқаныммен бетіне айта алмадым. Күнде керемет гүлдер, қымбат сыйлықтар беруді шығарды. Достарынан не үйімнің алдына қойып кететін. Мен елемедім (Қолымды ешбір жігіт ұстамаған, саған да ұстатпаймын осы сұлулығыма лайық болуым керек ) осы еді менің мақсатым мінезім тым қаталдау болатын. Солай 2 ай өтті барлығы тынышталған секілді қуанып қалдым. Түн ортасы есікті біреу қағады, ағам ашса ол тұр ішіп алған ағамның аяғына жығыла кетіп жылады мені сүйетінін айтып. Мен одан сайын жек көрдім оны. Не керек жыл өтті ол əлі тоқтатпады сүйеем деп, кешкісін дүкенге бара жатырм ойымда түк жоқ алып қашты, көнбедім кетем деп тұрып алдым.
– Көркем неге сонша қаталсың сені сүйем ғой, мені неге түсінбейсің, сенімен бақытты болғым келеді, қалшы өтінем бақытты боламыз екеуміз – деп жалынды. ал мен болсам, оны балағаттап, ағама айтам деп қорқытып, ақыры көнбедім.
Сонымен соңымнан ағам келді, қуанып кеттім.
Сонымен ол маған қатты өкпелеп Алматыға кетіп қалды. Кетпес бұрын "Көркем мен кетіп барам, сен мойныңды да бұрар емессің, кейін мен атақты болам, сол кезде сені алып кетем, сонда көнерсің деді. Мен ішімнен кетпеші деп тұрдым, сонда түсіндім оған бауыр басықанымды. Үйге кіріп қатты жыладым, өзімнің ақымақ екенімді сонда білдім. Бəрі ұмытылды. Ал мен əлі тұрмысқа шықпадым, есесіне кезінде артымнан өзін өлтірмекке барған жігітті теледидардан күнде көрем. Ол қазір атақты əншінің бірі. Ал мен теледидардың бергі жағында отырып бір жылап алам. Өкінем істегеніме.
Қыздар, бірінші бақ – бақ деген, мен сияқты опық жеп қалмаңыздар. Қызық ол мені ойлай ма екен?
Көркем, Алматы облысы