"Сифилис жұқтырды": Дәрігердің қате диагнозы тараздық келіншектің отбасын ойран етті

"Сифилис жұқтырды": Дәрігердің қате диагнозы тараздық келіншектің отбасын ойран етті

Тараздық Ақмарал Рахметова небәрі 10 ай бұрын тұрмыс құрып, ажырасудың шақ алдында тұр. Бәріне кінәлі, дәрігерлердің жас келіншекке қойған диагнозы. Ақ халаттылар оның мерез, басқаша айтқанда "сифилис" ауруына шалдыққанын айтқан. Алайда Ақмаралдың жары Абылайдың таза болып шығуы отбасында шу тудырған. Бұл туралы Stan.kz "Астарлы ақиқат" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

 

Сифилис – 97% жағдайда жыныстық жолмен жоғады. Алайда Абылайдың өзі әйелінің таза екеніне сенімді. Тұрмысқа шыққанда пәк болып келген, дейді. Диагноз анықталғанда, дәрігерлер бұл сырды екеуара сақтауды сұраған. Алайда уақыт өткеннен кейін, белгісіз біреу бұл ақпаратты жігіттің отбасына жеткізген. Бүгінде бүкіл ауыл біледі деп отыр.

 

"Өзім қаралған емханадағы медицина қызметкерлері, өзіміздің көршілерімізге дейін біліп отыр. "Сенің келінің дәрімен ғана жүрген адам, ол ауру, ал балаң сау. Ішіндегі бала мүгедек болып туылады, алдырып тастасын" деген", - деп көзіне жас алды 23 жастағы Ақмарал.

 

Жас келін өзінің таза екеніне сенімді. Бағдарламаға өзін ақтап алу үшін келген.

 

"Күйеуім сенген жоқ. Мен әйелімнің қандай екенін білемін. Ел не айтса оны айтсын, мен әйелімді жақсы көремін. Менде ешқандай басқа адам болған емес, тек күйеуіммен ғана… Мен өзімді аурумын деп есептемеймін, өзімді ақтағым келеді", - деген Ақмарал тұрмысқа "қыз" болып шыққанын растады.

 

Ал енесі о бастан Ақмаралдың жақсы келін болмағанын айтады.

 

"Егер рас болса, мен Ақмаралды қабылдамаймын. Маған ондай келіннің керегі жоқ. Кезінде де келін болып жарытқан жоқ. Аяқ асты шешесі келіп алып кетті. Сенің балаң надан, дейді. Менің баламнан шықса, қалай жазаласа да ештеңе демейтін едім. Бірінші өз қызын дұрыстап алсын", - дейді ол.

 

Ал қыздың анасы Манар Рахметова Ақмаралдың таза екеніне сенімді. Тіпті, ауру болған күннің өзінде перзентімді кеудеден итермеймін деп отыр.

 

"Бұл оқиға болған кезде құдам келіп: "Ішіндегі баланы алдырасың болмаса қызыңды үйіңе алып кет", деп құдасына айтты. Мен сыртта естіп тұрмын, жүрегім қарс айырылды. Өзінің қаны ғой. Соны естіген соң, тыным таппадым. Қызым жылап звондады. "Мыналар бәрі жабылып баланы алдыр деп жатыр. Не істеймін?" деді. Гинекологқа қаралғанын, баланың дені сау екенін білдім. "Сен ауру болсаң да, мен сені қабылдаймын. Сен менің қызымсың" дедім. Жұмыстан кейін, кештетіп үйлеріне бардым. Құдағиға жолықтым.

 

Айқай шығарған жоқпын, тек екі жас бір-бірін қимай тұр, білесіз бе? Құда мен құдағи қанша айтып кеткенімен, мен қимай тұрмын. Өйткені жаңадан үйленген жастар ғой", - дейді ол.

 

Манар Рахметова өздері қарапайым отбасы болса да, балаларын намысшыл етіп тәрбиелегенін, өзін ақтау үшін соңына дейін баратынын айтты.

 

Түсірілім тобы Жамбыл облысы, Жуалы ауданының Бауыржан Момышұлы ауылына барып, Ақмарал емделген ауруханаға бас сұққан. Зерттеу барысында, Ақмаралдың қайын атасының бұрын сол жерде басшылық қызметте болғанын анықтаған. Бұл орайда о баста келінді жақтырмаған ата-ененің қитұрқы әрекеті емес пе деген күдік туды.

 

Мәселенің ақ-қарасын анықтау үшін Ақмаралдан қайтадан қан анализі алынды. Ол теріс нәтиже көрсетіп, келіншек елдің алдында ақталды.

 

Өз кезегінде, Ақмаралдың жары Абылай бағдарламаға тек келіншегін ақтау үшін келгенін мәлімдеді.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста