Шаршадым, күйеуіммен бірге тұрғым келмейді
Не істерімді білмей отырмын мына үйде жынды болып қалатын шығармын. Ақыл кеңестеріңіз аса қажет.
Келін болып түскеніме бір жылдан енді ғана асты. Өз қалауыммен келгем жоқ. Күйеуім бір көріп алып қашып кетті.
Анам сол кезде қаламасаң алып кетем деп артымнан келді. Қайтқым келді бірақ менен кейінгі сіңлімді де танымайтын адам алып қашып кетіп қалмаймын дегесін əкеп қойып едік. Мен де үйге қайтып барсам ''мына үйдің үлкен екі қызыда босаға аттап келген'' деген өсекке əке шешем ұялады деп амалсыздан осы үйде қалдым. Əттең.
Көп өтпей жүкті болдым. Бөпем болатынына қатты қуандым. бірақ
Күйеуім екеуіміз өте көп ұрсысамыз. Мен қырсықпын күйеуім менен өткен қырсық. Осыған дейін ұрып соққан емес бірақ бəрібір көп ұрсысамыз. Бір айда отыз күн болса соның ары кетсе он күнін ұрсыспай жақсы өткізсек жиырма күні де ұрсысып, ренжісіп өткіземіз. Сөйлеспей жүре береміз. Жаз соңында бөпелі болдық. Енді жақсы болатын шығар десем жоқ олай болмады. Қайта оданда көп ұрсысатын болдық. Қызым өте жылауық. Таңнан кешке дейін үй шаруасы бала қараумен түнге əрең жетем. Қызым түнімен жылайды ұйқысы құс ұйқы. Үш төрт тəулік бойы ұйқы көрмеген кезім болады. Сол кездерде тым болмаса екі сағат ұйықтап алшы мен қараймын демейді ғой шіркін күйеуім. Мейлі маған жаны ашымаса ашымасын қызынада жаны ашымайды. Сыртқа шығып кетіп қызым жылап, шыңғырып, көгеріп қалса да қарап, бесігін тербетпейді. Мінезіне қоса жалқаулығы мен салақтығы да жетіп жатыр.
Міне қазір тағы ұрсысып қалғанымызға екі апта болды. Сөйлеспей жүрміз. Екі аптадан бері бөлек жатамыз əрдайым осы. Ұят та болса айтайын, еркек ретінде əйелдің оған керегі де жоқ. Шіркіннің бір тəтті сөзі жоқ-ау. Шаршадым тұрғым келмейді күйеуіммен. Дəл қазір ажырасып кеткім келеді. Күніге түнде жылаймын ''таң атсын қызымды аламында бұл үйге қайтпастай болып кетіп қаламын'' деп. Ал оған батылым жетпейді. Ұрмайтын, соқпайтын күйеумен неге ажырастың деп əке-шешем кешірмейтін шығар. Неі стейін?
Ақылдарыңызды айтыңыздарш өтініш. Жауаптарыңызға алдын ала рахмет.