Шаңырақ көтермей жатып қосылып қойдық

Шаңырақ көтермей жатып қосылып қойдық

Сәлеметсіздер ме? Мен өзімнің үш жыл жүрген жігітіме тұрмысқа шығып ажырастым. Біз шаңырақ көтермей қосылып қойдық. Бірақ оған пәк болып қосылдым. Оған өзінің көзі де жетті. Арада уақыт өткен соң мен көтеріп қойдым. Ең алғашында оған аяғымның ауыр екенін айтқанымда қуанды. Бірге жоспарлар да құрып, бірге армандадық та.

 

Алайда содан соң ол жоғалып кетті. Не істерімді білмей арада екі айдай уақыт өтіп кетті. Бір күні чатта отырған жерінен, онлайн болып тұрғанын көріп, ұстап алдым. «Неге жоқ болып кеттің, бір хабарын бермейсің бе, ішімдегі бала өсіп кетті» деп ем, «баланы алдырып таста» деді.

 

Сонымен ырың-жырыңмен жүргенде уақыт өтіп кетті. Құрсағым да білініп қалды. Бір күні әпкем біліп қалып, у-шу қылып мені алдырды. Сондағы маған айтқаны «бала менікі емес» дейді. Қыз болып келгенімді, өзінен басқа ешкіммен жүрмегенімді көре отырып, айтқан кінәсі сол болды.

 

Келін болып түскен соң да «аяғы ауыр ау» деместен күнде ұрып соқты. Бәріне шыдадым. Бала туылған соң, өзінен екеніне көзі жетіп өзгерер деп бәріне көндім. Кесерево арқылы босандым. Перзентханадан үйге шыққан күні тағы ұрып, ота тігісін жыртып жіберді. Балам әкесіз өспесін деп сонда да көніп қала бердім.

 

Баламыз төрт айға толғанда қатты ауырды. Алдында жолдасым екі күн үйге қонбаған. Қоңырау шалып, «ұл ауырып жатыр, ауруханаға апарайық» десем, «мен енді ол үйге бармаймын» деді. Сосын ақыры бұған бала керек емес екен деп өз үйіме кетіп қалдым.

 

Одан бері де бір жылдай уақыт өтті. Бір де бір рет хабарласып, баласының жағдайын сұрауға жарамады. Енді өзім тұрмысқа шығып, болашағымды жоспарлайын десем бойымда үрей бар. Жігітпен жүрейін десем де, жолдасым қайтып келе ме деп, оның көзіне шөп салғандай болмайын деп алаңдаймын. Жасым 20-ға енді келді. Сәтсіз некеден соң, жас бола тұра өз жолымды өзім кестім. Не істерімді білмеймін. Не істесем болады?

 

 

Мақпал, Атырау қаласы

alashainasy.kz

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста