Қызын зорлаған әке туралы кітап оқырмандарға ұнады (видео)

Қызын зорлаған әке туралы кітап оқырмандарға ұнады (видео)

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызының «Әйел» кітабы желіде қызу талқылануда
Instagram желісінде #әйел деген хэштегті терсеңіз, отандық әнші жұлдыздар мен блогерлердің танымал тележүргізуші Ләйлә СҰЛТАНҚЫЗЫНЫҢ су жаңа кітабы жайлы жазылған пікірлерді оқи аласыз.

Актриса Гүлназ ЖОЛАНОВА тіптен жаңа кітаптың үзіндісін өзінің жанкүйерлеріне дауыстап оқып берді:

«Сіздерге ішіме симай жүрген сырымды айтқым келеді. Кішкентай кезімде әкем жол апатынан қаза болды. Анамыз екінші рет отбасын құрды. Мен ол кезде 12-де едім. Өгей әкем мені ұнатпайтын. Үйде ешкім жоқта тиісіп, зорлап жүрді. Осылай 16 жасыма дейін зорланып келдім.



Қыстыкүні өгей әкем қораға тыр жалаңаш қылып шығарып мәз болатын. Бір күні шыдай алмай анама бар шындықты айтып бердім. Ол өзімді сабай жөңелді. Көрмегенді көрдім. Сөйтіп жүргенде бір жігіт мені алып қашып кетті. Алғашында бәрі жақсы болды. Аяғым ауыр кезде жолдасым қол көтере бастады. «Сен қыз болмай келдің, мына бала менен емес» деп ұрып, үйден қуып жіберді. Аналар үйіне келіп, егіз босандым. Балаларымды бөбектер үйіне өткізуді ойлап жүрмін», - деген Гүлназдың видеожазбасы #әйел хэштэгын тағы бір толықтырды.

Ал қазақша белсенді түрде жазатын блогер Жадыра ҮМІРБАЕВА жаңа кітапты оқып шығып, сан түрлі көңіл-күйге бөлінген екен.

«Ләйлә Сұлтанқыының "Әйел" кітабын оқып бітірдім. Шынымды айтсам, не жазарымды, не ойларымды білмей отырмын. Кітапты оқып жыладым да, күлдім де, таң қалдым да, ұрыстым да, кей жерлерде өзім көргендей де болдым. Бір түрлі түсініксіз сезімде отырмын. Бірақ, бір нәрсені нақты айта аламын, ол - әр қазақ қызы осы кітапты оқу керек. Себебі, қыз тағдыры, ол ұлт тағдыры... Кешеден бері кітаптың үзінділерін салып сіздерді әбден қызықтырғаным анық, менің парақшама 60-қа жуық қыздар қандай кітап деп сұрап жатыр», - деген қызықты жазбаны қалдырды.

Сұлтанқызының сөзіңше, ол 100-ден аса әйелдің сұрағына жауап беру үшін білікті мамандардың көмегіне жүгінгенін айтады. Айтуынша, олардың қатарында еліміздегі “ең” мықты деген псиxолог, гинеколог, маммолог, сексолог мамандар бар.

“Көмек сұрай xат жазған 123 әйелдің басындағы жайт қоғамда кең етек алғандықтан, бірін аурудан айықтырып, екіншісін псиxологиялық қолдап, басқасын суицидтен сақтап қалсын деген ниетпен ұсынып отырмыз. “Ләйлә апай…” деп xатын бастайтын қаракөз қыздарымызға жеке-жеке жауап беру мүмкін болмаса да, үнсіз қалғым келмеді”, – деп түсіндірді Сұлтанқызы.

Еске салайық, кітаптың тұсаукесері жақында Алматыда өткен еді. Тележүргізішінің үшінші әдеби туындысы әйелдердің әрқилы оқиғалары негізінде жазылған. Кітапқа тағдырдың тәлкегіне түскен жүзден аса нәзік жандардың оқиғасы енген. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста