"Қызымды бір көрсем, арманым жоқ": Қордай тұрғыны ауыр дертке шалдыққан әйеліне қызын көрсетпей отыр (видео)

Ауыр онкологиялық дертке ұшыраған Алина Батурованың оқиғасы әлеуметтік желіні дүр сілкіндірді. Сүт безінің карценомасы диагнозы қойылған жас келіншектің бұл өмірде азғантай ғана уақыты қалған. Бір жылдан бері қызы Інжуді көре алмай жүрген Алина "Молодые мамочки КГ" тобының парақшасында жанайқайын жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Алинаның дерті асқынып кеткен. Бүгінде оған төртінші дәрежелі сүт безінің карценомасы диагнозы қойылды. Денесіне жайылып кеткен метастаздар оның миына, бауыры мен өкпесіне шауып барады. Науқас әйел әрбір төрт сағат сайын морфин қабылдайды, қазіргі таңда Бішкекте тұратын ата-анасының көмегі арқылы ракпен күресіп келеді.

 

Алинаның айтуынша, Қордайда тұратын күйеуі оған қызын мүлде көрсетпей, жүрегін жаралауда, тіпті ауыр дертке ұшырағанын естігеннен кейін хабарласуды, жағдайын сұрауды жөн санамапты.

 

Осы уақыт аралығында "еміме мүлде көмектеспей, бір жылдан бері қызым Інжуді көрсетпей, қинап отыр" деген әйелдің жанайқайын оның анасы да көпшілікке жария етуді жөн санап отыр.

 

"Қызым ауырғалы бері қасындамын. Бүгінде денсаулық жағдайы мүлде ауырлап барады. Мен Қордайдағы күйеу балама хабарластым. Оның анасына, құдағиыма да хабарласып, жағдайды түсіндірдім. Бірақ олар мені тыңдағысы келмеді, тіпті, балағаттап жіберді. Қазір Алинаның жалғыз арманы бар. Ол қызын көргісі келеді", - дейді Алина Батурованың анасы.

 

Бүгінде Алинаның денсаулығы мүлде нашарлап кетті. Ол бұл дүниеден өтер алдында қызын бір көріп, құшақтауға зар болып отырғанын айтуда.

 

Онкологиялық орталықтың кураторы да Алинаның күйеуіне бірнеше рет хабарласқанын алға тартып отыр.

 

Алайда, оның сөзіне сенсек, күйеуі әйелінің тезірек өлгенінін тілейтінін айтып, ауыр балағаттаған.

 

Осы орайда, желі қолданушылары Алинаның соңғы тілегін орындау үшін, қазақстандық журналистер мен блогерлерге хабарласуда.

 

KAZ.NUR.KZ Алинаның қайын енесіне бірнеше рет телефон шалған болатын. Алайда, өзге тараптан әзірге жауап болған жоқ.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста