Қызқұмар күйеуімді кешірем, кешіре берем...
Мен бүгін өзімнің отбасылық өмірім туралы жазбақпын. Біреуге сабақ болар, біреу баскаша түсінер. Әркімнің өз санасына берсін. Мен "Күйеуім біреумен жүрді" ажырасам" дегендерге кайран калам. Менің күйеуіммен отасканымызга 16 жылдан асты. Екеуміз де 40-тың бел ортасына келдік. Жолдасымды қатты жаксы көрем, сыйлаймын. Айтқанын екі етпей орындап, бетіне келген емеспін. Бірақ ол жас 40-тан асса да, жүрісін қойган емес.
Мен оған тұрмысқа шықпай тұрып та ол қыздармен көп қыдыратынын білгенмін. Аптасына 7 күннің 4,5 күнінде жолдастарымен жүреді. Үйге түнде келеді, кейде тіпті таңертең келеді. Мен қашан келсе де, оны күтіп ұйықтамай жатамын. Кім білсін олардың таңга дейін не істеп жүргендерін. Күйеуім қаншама рет жүріс жасады. Ол барған қыз-келіншектердің ішінде ажырасқаны да, күйеуге тимей отырып қалғаны да, тіпті жап-жас қыздары да болды. Олар кейде өздері хабарласып, шакырып мазамызды алатын. Талай рет ұстап та алдым. Тіпті өз құрбыларыммен ұстаған кезім де болды. Бірақ ешқашан ажырасу туралы ойлаған да емеспін, кешіріп келем.
Мен ажырасканмен қайда барам 2 ұлыммен. Ұлдарым алды мектеп бітірейн деп жатыр. Менің ұлдарыма кім өз әкелеріндей камкор бола алар еді? Ажырасып, баскаға тигеннен мен де бакытты болып кете аламын ба, жоқ па, белгісіз?! Балаларымның жағдайын жасап, калағандарын алып беріп, қазіргідей өмір сыйлай алар ма едім?
Жолдасымның ең үлкен кемшілігі – қыдырымпаздығы. Әйтпесе, ұлдарын жаксы көреді. Маған бір рет те кол көтермеген. Жұмысын істеп, бізді де, туған-туыстарды да асырап отыр. Аға-әпкелеріне үй, көлік алуға да көмектесті. Кейдк одан: "Саған не жетпейді, неге қыдырасың" деп сұрасам "мен еркекпін" деп қана жауап береді. "Жұмыс істеп шаршаймын, шаруалар дұрыс болмаса үйде отырып кайғырып отыргым келмейді, одан да сыртта демалып өзімді басамын" дейді.
Оның осы қылығына етім үйреніп те кеткен секілді, бірақ қызғанамын, жүрегім де ауырады. Ол қазір де бір кызбен байланысып жүр. Олардың бірге болғандарына 3 жылдай болыпты. Қазір ол қыздың аяғы ауыр, қыз күтіп отырған көрінеді.. Ол қыз баска калада тұрады. мен ол .кызды да, оның отбасын да жақсы танимын.Қанша ауыр болса да, көнуге тырысамын, өйткені күйеуім ол кызды қатты сүйеді. Өйткені бұрын қатарынан қаншама қыз-келіншектермен жүретін, қазір олардың бәрін тастаған.
Кейде ол қызға барып, сөйлескім келеді, бірақ, оған барып ұрыс шыгарып, шашын жұлғаннан түк өзгермейтінін білем, өз қадірімді оның алдында түсіргім келмейді. Олай етсем күйеуіме жеккөрінішті боламын. егер олай етсем, күйеуім менен қатты суып, тастап кетер еді. Туыстарына айтып, күйеуімді бәрінің алдында қадірсіз, жеккөрінішті еткім де келмейді. Кейде ол өзінің осы қылығына менің шыдап жүргенім үшін риза екенін, мені сыйлайтынын, басын иетінін айтып кешірім сұрайды. Меніңше, ажырасқан соң әйелдің өзі қиналады, ал еркектен түгі кетпейді. Сондықтан қыз-келіншектер шыдамды болғаны дұрыс шығар. Ұрыс-керіс шығарып еркегіміздің елдің алдында қадірін кетіргенімізбен ештеңе ұтпаймыз. Өйткені еркектер әйел адамнан тез суып кетеді. тіпті арадағы бала да некені сақтап қала алмайды.
Сандуғаш, Алматы