Қызғаныштың "қызыл иті" отбасымыздың берекесін кетірді

Менің күйеуім өте қызғаншақ адам. Қызғанғаны жақсы емес пе, жақсы көргендіктен қызғанады ғой деп ойлап отырған шығарсыздар, бірақ мүлде олай емес. Меніңше күйеуімнің қызғанышы дертке айналып кеткен. Құрметті «Алаш айнасы» оқырмандары қызғаныштың «қызыл иті» отбасымыздың берекесін кетірді. Менің жанайқайыма пікір қосуларыңызды өтінемін.
Менің тұрмысқа шыққаныма 5 жылдан асты. 22 жасымда жоғары оқу орнын бітірісімен Қуаныш атты жігітпен отбасын құрдық. Мен Қуанышпен 3-курс оқып жүргенде студенттік жатақханада таныстым. Бір бөлмеде бірге тұратын Ләззат деген қыздың жігітімен еріп келіп жүретін Қуанышты алғашында ұната қойған жоқ едім. Өйткені ол түр-келбеті келісті, сымбатты болғандықтан ба, оның мінезі маған тәкаппар секілді көрінді, көп сөйлемейді, күлмейді. Ал Ләзаттатың жігіті Әсет сондай көңілді, тілтабысқыш, жайдары жігіт еді. Ол маған ылғи қалжыңдап, «Қуаныш сені ұнатып жүр, неге қарамайсың» дейтін. Сонда мен: «Өзі маған бұрылып та қарамайтын, үнемі көзін төмен салып отыратын, сөйлемейтін жігітке мен не деп қараймын» деп әзілмен жауап беретінмін. Сөйтіп жүргенде Ләззат пен Әсет үшінші курсты бітіре салып үйленетін болып шешті. Олардың тойында мен Ләззаттың қызжолдасы, Қуаныш Әсетке күйеужолдас болдық. Осы тойдан кейін Қуаныш маған жиі келетін болды, туған күніме тосын сый жасап, өзінің ұнататынын айтты. Сонымен екеуміз университетті бітіргенше қыз бен жігіт болып жүріп жүрдік.
Қуанышпен жақын араласа бастағаннан кейін мен оның тәкәппар емес, өте тұйық екенін, ойын толық жеткізуге қысылатын ұялшақ екенін біле бастадым. Сырт көзге адамды менсінбей тұратын Қуаныш өзінің тұйықтығынан адамдармен тез тіл табысып кете алмайды. Кейде бір нәрсеге ренжісе де «ішімдегін тап» деп үндемей қояды. Ал мен ойымдағын бірден айтып салатын, үнемі көңілді жүретін, әзілдескенді жақсы көретін көпшіл адаммын. Былайша айтқанда, Қуаныш екеуміздің мінезіміздегі айырмашылық – жер мен көктей.
Мен Қуаныштың қызғаншақ екенін алғаш сезгенде қайта іштей қуанып, ол мені қатты жақсы көреді екен ғой деп ойлағаным рас. Менің аздап өлең жазатындығым бар. Студент кезімде дәптерлеріме жазған махаббат туралы, «Белгісіз жанға» деген секілді өлеңдерімді бірде Қуаныш оқып қалып, «Мына өлеңдерді кімге арнап жазып жүрсің, бұрын менен басқа жігітің болып па еді?» деп ренжіп қалған. Ол кезде біз әлі үйленбеген едік. Сонда мен оған мәз болып күлдім де: «Оның не, өлеңге де қызғана ма екен. Бұл менің сен кезіктірмей тұрған кезімде қиялымдағы жігітті суреттегенім ғой. Менің қиялымдағы адам кездесті, ол сенсің» деп түсіндіруге тырыстым.
Сосын бір қызығы, Қуаныш мені кино актерлерінен де, әншілерден де қызғанады. Менің жақсы көретін әншімді немесе актерді теледидардан көрсетіп жатса, өшіріп тастайды.
Жарайды оның бәрін қойшы, нағыз қызғаныш біз үйленгенен кейін басталды. Біздің үйлену тойымызға жиналғандардың арасында менің кластастарым өте көп болды. Мен өзі ылғи ұлдардың арасында 4-5 қыз оқыған класта оқығанмын. Кластас жігіттер келіп мені құттықтап, бетімнен сүйген сайын Қуаныш маған көзін алартып, той үстінде көңілденудің орнына мазасы қашып болды. Той өтіп, ыстық суығымыз басылған соң, Қуаныштың ауылынан Алматыға қайтып келіп, пәтер жалдап тұрып жаттық. Өйткені Қуаныштың жұмысы Алматы қаласында. Мен де бос отырмайын деп мамандығым бойынша мектепке мұғалім болып орналастым. Алғашында Қуаныш менің жұмыс істеуіме қарсы болды. Бірақ мен: «баламыз жоқ кезде төрт қабырғада қарап отырмай жұмыс істеп бір жағыңнан шығысайын, болашақта жер алып, үй саламыз» деп Қуанышты көндірдім.
Жұмыстан кешке үйге келе салғандағы Қуаныштың бірінші әрекеті менің телефонымды ала салып тексереді. Кім хабарласты, не үшін бәрін тексереді. Егер алда-жалда бөтен нөмірді көріп қалса, оның кім екенін анықтамай қоймайды. Ал кейде ол жұмыстан ертерек келіп, мен сәл кешігіп жатсам бірден телефоныма хабарласады. Менің көлік кептелісінде тұрып қалдым дегенімді тыңдамайды да, «ар жағыңда сөйлеп жатқан кімдер, жаныңда кім бар, кіммен жүрсің» деп дүрсе қоя береді. Бірде кешкісін нан алуға дүкенге шығып едім, көрші тұратын әйелмен кезігіп қалып 10-15 минут сөйлесіп тұрып қалғам. Үйге келген соң Қуаныш әй-шәйға қарамастан «сен кіммен кездесіп келдің?» деп шапалақпен тартып жібергені. Осы уақытқа дейін қол көтермеген күйеуімнен мұндайды күтпеген едім. Көзімнен жасып ағып, қатты ашуға булығып, үйден қашып шықтым да дос қызымның үйіне барып түнедім. Екі күн бойы үйге баруға беттемедім, телефонды да көтермедім. Ойым сан-саққа жүгіріп, көңілім алай-дүлей? Не істемек керек? Қуаныш қызғануын қоймаса, осылай оның таяғына төзу керек пе? Жылай-жылай көзім күп болып ісіп кетті. Дос қызымның анасына болған оқиғаны айтып едім ол кісі: «Қызым, үйленгендеріңе бір жыл да болған жоқ қой. Ер адамның әйелге қол көтергені дұрыс емес, әрине. Бірақ сен ақылға салып, төзімділік танытуға тырыс. Уақыт өте келе, балалы болған соң қызғануын қоятын шығар» деп ақылын айтты.
Ашуым басылған соң, Қуанышпен жақсылап сөйлеспек болдым. Телефоныма жазған хабарламасына кездесетінімді айтып жауап жаздым. Кездестік, сөйлестік. Сөйлескенде ол маған «кешір» дегеннен басқа сөз айтпады. Ал мен оның қызғануына нендей себеп бар екенін, неге менен күдіктенетінін сұрап шырылдап барамын. Бірақ ол төмен қараған күйі үндеген жоқ. Осы оқиығадан кейін ол біразға дейін мені тергемей жүрді. Бірақ мен оның жасырын түрде менің телефонымды тексеретінін, қалтамдағы ақшаны түгендейтінін біліп жүрдім. Сонымен көп ұзамай аяғымның ауыр екенін білдім. Бұл жаңалыққа Қуаныш алғашында қатты қуанды. Бірақ ол менің аяғым ауыр кезде де қызғануын қоймады. Қонаққа бірге бара қалсақ, үйге келгеннен кейін «бағана дастархан үстінде пәленше неге саған күліп қарады, сен неге пәленшемен сөйлестің» деп ұрыс шығаратын. Қуаныш қызғанбасыншы деп онымен бірге барған жерімде басымды көтеріп айналама қараудан қалдым.
Мен Қуанышты түсінуге тырысып, тек оны ғана жақсы көретініміді білдіргім келіп мойнына асылып, еркелеп, аймалай бастасам, «әркімге бір осылай сылаңдап жүрсің бе, мұндай қылықтарды кім үйретті» деп мені бір жезөкше әйелдей төмендетінін қайтесің...
Тұңғышымыз дүниеге келгенде «балам маған ұқсамайды» деп бір шу шығарып, баласына жоламай да қойды. Осыдан бастап менің көңілім күйеуімнен әбден қалды. Жазықсыздан-жазықсыз мені кінәлап, ешқандай себепсіз қызғануы мен тойдырып бітті. Шынымды айтсам, күйеуімді тіпті жек көріп кеттім. Бір күні ыза болып ашумен басқа бір жанға кетіп қалуды да ойлаған күндерім болды. Күйеуімнің көзіне шөп салмасам да кінәлімін, одан да күнә жасап кінәлі болған жақсы ғой. Бірақ арым жібермеді. Мені баласының анасы ретінде сыйламайтын, өзгенің құшағына оңай құлай салатын әйел санайтын күйеуіме дауа жоқ. Міне, 5 жыл болды, қызғаншақ күйеуіммен арпалысып күн кешіп келемін Екі күннің бірінде ұрыс-керіс, ұрып-соғу. Баламыздың да әбден мазасы кетті. Бұрын көпбалалы ана болуды армандайтынмын. Қазір мынандай күйеуден бала да тапқым келмейді. Бір күні қызғанамын деп мені өлтіріп қоймай тұрғанында баламды алып кетіп қалсам, мүлдем ажырасып тынсам деп ойлап жүрмін...
Кім қандай ақыл қосады? Бәлкім бұл тығырықтан да шығар жол бар шығар деп үміттенемін...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста