Басым қатып кетті, ұзақ болса, ренжімеңіздерші. Мен 0алада жұмыс істеп жүргенде басқа пәтерге қыздармен бөлек шықтым. Сонымен сол үйдің көрші бөлмесіне ерлі-зайыптылар көшіп келді, Сол бөлмедегі келіншек Сарамен тым жақсы араласып кеттім, кейін мені күйеуінің жолдас баласымен таныстырайын ба? - деп ойнап, қалжыңдасып жүрді, мен де қызық көріп, танысқым келді.
Алдында ең бірінші көшіп келген уақытта көргенмін ол жігітті, жүгін жайғастырып жүргенде көзіміз тоғысып қалған еді. Бірақ кейін Сара оның ажырасқанын айтты. Өте жақсы жігіт деді. Бір күні тамаққа шакырдық оны, сонымен әңгімеміз жарасып сөйлесіп кеттік. Бірнеше күннен кейін жүріп бастадық. Ажырасқан болса да онысына қарамадым, себебі мені қатты жақсы көріп қалды. Оның бір ұлы бар кішкентай, қатты жақсы көреді ұлын. Әйелімен ажырасқан себебі, ата-анасын сыйламапты. Намысына тиетін болған екен.
Мен де оны ұнаттым, бірақ сүю деген басқа ғой, өзімнің алғашқы махаббатымды ұмыта алмадым. Оның үстіне құрбыларым, қайтесің, ажырасқан, тұрақты жұмысы жоқ деп, маза бермеді. Оның үстіне соңғы кездері өте қызғаншақ болып, мені боқтайтынды шығарды. Кейіннен мен айттым, ертең осы түріңмен мені ұратын шығарсың деп. ''жоқ ант етемін, қолымның ұшы тимейді, қарымдасымдай көремін'' деп айтатын. Мен бәрібір күдіктенемін.
Бір күні қыздармен қыдырып, айтпай шығып кеткенмін, жай саябаққа қыдырып қайттық, келе жатсам, үйдің алдында тұр, түрі қатты ашулы, ''Эй, сен қай жігітпен кездесіп келе жатсың''- деп айқайлап, машинаға отырғызып мені әкетіп қалды. Қыздармен қыдырдым десем, алдайсың деп сенбейді. . Айдалаға апарған соң ашуы басылып, сені қатты қызғанамын, кешірші деді. Сонымен көп түсініспеушілікке шыдамай оны тастап кеттім. Бүкіл инстадан, вк-дан жазып, қайта оралшы, сенсіз өмір сүре алмаймын дейді. Бір жағынан қайтадан қосылғым келеді. Екінші жағынан қылықтары есіме түссе, жек көріп кетемін. Мүмкін бақытым шығар білмеймін.
Аноним