Сəлеметсіздер ме, құрметті оқырман. Жасым 23-те. Осыдан 1 жыл бұрын бір жігітпен таныстым. Мені көрген бойда бірден ғашық болып, артымнан қалмай қойды. Кейін білдім, бір рет үйленіп, ажырасқан екен. . Басында мінезі керемет болды. Ақкөңіл,бір сөзбен айтқанда мен үшін бəріне дайын екенін жасырмайттын.
Өзімді қатты сыйлайтын, жақсы көретін жігіт болған соң мен онымен жүре бастадым. Бірақ көп ұзамай, 4-5 айдан кейін ол мінезін көрсете бастады. Бірінші нөмірімді ауыстыртты, кейін әлеуметтік желілерге круіме тыйым салды. Кластастармен, группаластармен араластырмай тастады (ол кезде мед.колледжде 3 курс оқып жүрдім , қазір бітіргем). Ол мені қатты қызғанатынын айтады. Қызғаныштан ауыр сөздер айтатын, тіпті өзінің жақындарынан жəне кластас достарынан қызғанатын. Маған айғайлап, әбден жылататын.Мен оны өзім үшін бəрін жасағандықтан үнемі кешіретінмін.Қатты жақсы көргенджіктен қызғанады ғой деп өзімді өзім жұбатамын. Кейін қол көтеретінді, қылқындыратынды шығарды.
Ауылға барғанымда екі қолым көгеріп бардым. Үйлегілер сұрағанда құлап қалдым деп өтірік айттым. Ауылда болғанда үнемі жүрген, тұрғаныма беріп тұрдым. Тіпті өмірім қиындап кетті. жеке өмірім жоқ, бəрін өзі шешеді. Үйден бір аттам шықпаймын дүкенге шыққанда асығыс боп звандап ескертуге ұмытып кетсем, қырғын ұрыс болады, ең соңында жылап қалам. Жаңа жылда қалаға бардым, жігітім қалада тұрды. Баяғы қызғанып мені төпештеп ұрды, басым ісіп кетті. Қатты ашуланып, ызаланып жыладым. Ол менің жақындарымды, достарымды менсінбейді. Бірақ мен оның қылықтарын ешкімге айтпадым. Мені ренжеткеннен кейін үнемі кешірім сұрайды, енді қайталамаймын, бір мүмкіндік берші деп. Шыдамым таусылып, бəрі бітті, енді жүрмеймін деп шештім. Ол болса таскенеше жабысып алды, əлі де мазамды алуда. Кешірмесең ауылыңа барып қопарып кетем, сенің масқараңды шығарам дейді. Жақында жұмысқа тұрғанмын. Жігітсымағым, бастығыңа хабарласып, жұмысыңнан шығартам деп қоғқан лоқы жасайды. Оған оралсам бұрынғы өмірім қайтадан басталама деп қорқам. Не істеймін қыздар? Мен сол жігітке байланып қалған ауру сияқтымын.
Аноним