Мен бір үйдің жалғызымын, ата-анам мені 5 жыл дегенде əрең сүйген талай емшіге каралып жүріп. Содан болар өте ерке боп өстім. Оқу бітіріп өз күшіммен жоғарғы оқу орнына түстім грантқа. Сөйтіп жүріп бір жігітпен таныстым екеуміз 4 жыл жүрдік. Оқу бітірген соң махаббат сезіміне беріліп екеуміз некесіз қосылып қойдық.
Алдымда үлкен мақсат болатын, оқу бітіріп мұғалім болып жұмысқа кірем деп ойлағам, бірақ ойда жоқта аяғымның ауыр екенін білдім. Өмір бір сəтке тоқтап қалғандай болды. Жігітіме қоңырау шалдым жылап, ол бірден жетіп келді де мені құшақтап, сүйіп жатыр. Мен жылап жүрмін ата-анамның үмітін ақтай алмадым, ел жұрт туған-туыстың бетіне қалай қараймын десем, ол маған "жылама, үйленеміз бəрі өтеді де кетед"і деді.
Жігітім екеуміз қол ұстасып ауруханаға бардық УЗИ-ге түсіп едім, бала 5 апталық деді. Одан сайын егіліп жыладым бір айда ішім білінеді ғой деп. Сосын жігітіме қарадым да алдыртамын дедім. Ол маған: "Бұл бала менің қаным, менің жаным, алдыртсаң менен бас тартқаның. Баламнан айрылсаң менен де айрыласың" деді.
Содан не керек күнім жылаумен өтті əке-шешеме қай бетімді айтам деген ой жібермеді. Күндіз күлкіден түнде ұйқыдан айрылдым. Бірақ күш жинап ата -анама айттым. Анам жылады, əкем үндемеді. Туыстарды жинап қызым тұрмысқа шыққалы жатыр деп хабарлады. Ұлан-асар ғып қыз ұзатуымды жасап шығарып салды.
Келін боп түскенде балам іште 3 айлық, әжептуір ішім шығып қалған, ешқайда шықпайтынмын. Өсек, əңгіме қылады деп. Ата-анамды сағынып жылайтынмын, барайын десем тағы өсектен қорқам. Балам іште 8 айлық болғанда ауырып, уақытынан бұрын босанып қалдым. Өзім 10 күн реанимацияда жатып əрең дегенде шықтық ауруханадан.
Қазір шүкір балам 5 айлық. Балама қарап өткен қиындықтын бəрін ұмытам. Балама босанбай тұрып қалай өмір сүрем деген оймен жүрсем қазір баламсыз қалай өмір сүргем деп ойлаймын. Ата- анам да қатты жақсы көреді. Жан жарыма рахмет!
Қазір аяулы жар, асыл анамын, мұғалім болып жұмысқа да орналастым. Аллаға мында бір шүкір.Сондықтан менің айтарым құрметті, аяулы қыздар сəбиден ешқашан бас тартпаңыздар, қандай жағдай болмасын. Бала өмірміміздің бір бөлшегі!!
Аноним