Қуғыншылар "босаға аттадың" деп тастап кетті...

Қуғыншылар "босаға аттадың" деп тастап кетті...

Сәлеметсіздер ме құрметті оқырман! Менің тұрмыс құрғаныма әлі бір ай болған жоқ. Айтпағым, жақында бір нәрсе естіп алып, жаман болып жүрмін.

 

Мен үйден шықпайтынмын, сабаққа барып келгенім болмаса, жас болып сауық-сайран құрған емеспін. Бір күні нөмеріме смс келді, онда маған бір-екі бойы «сәлем, қалайсың, сені сыртыңнан бақылап жүрмін, сені танитындардан да сұрастырып жүрмін» деп жазған болатын. Мен одан кімсіз, танымадым деп сұрасам, «таныса жатармыз» деп жылы жауып қоя салған.

 

Ертесі күні сабақтан шығып үйге бара жатқан жолда көлікке үш жігіт салып алып қашып кетті, мен айқайды салып отырмын, еш тыңдар емес, телефонымды тартып алды, бір үйге әкелді, орамал жапқызбай үш сағат арпалысып, шаршап қуғыншы күтіп отырғанмын. Болашақ күйеуіңмін деп бір жігіт келіп тұр, аяғыма жығылып, жылап, мені ұятқа қалдырма, өзім оқытам, қалшы деп жалынды.

 

Осыдан кейін қуғыншылар келіп, «абыройды ойла, адам болып кетерсіңдер, Алла жар болсын, босаға аттап қойыпсың» деп тастап кетті.

 

Біраз уақыт өткен соң тойымыз болды. Арада бірнеше күн өткен соң құрдастарым үйге қонаққа келді. Сол кезде кластас ұлдардың бірі: «Сенің күйеуің біздің класта оқыған қызбен екі жыл жүрген, бірақ олар рулас боолғандықтан әке-шешелері үйлендірмеді. Бірақ олар жақындасып қойған болатын. Ал сен болсаң өзіңнің кластасыңның бұрынғы жігітіне тұрмысқа шықтың» деді. Осыны естігенде ішім алай-дүлей болып кетті. Не істерімді білмей жүргенде әлгі кластас қызымнан «басқа жігіт құрып қалды ма» деген смс келіп тұр.

 

Сөйтсем кластастарымның бәрі менің осы жігітке тұрмысқа шыққаным үшін өкпелеп жүр екен. Міне, кластас қызымнан неше түрлы смс келеді. Әбден басым қатты. Неге осы жағдайды маған той болмай тұрып айтпаған, мүмкін сол кезде үйіме кетіп қалар едім ғой артымнан келген адамдарға еріп.

 

Мен күйеуімнің жанына әлі жатпадым, үйренісейін деп өтініш жасаған едім. Енді не істеймін, кетіп қалсам ба екен.

 

Өзім нағашыларымның қолында өстім, әжеме не айтам білмеймін, ойым шашыраңқы, Мен әдейі істеген жоқпын ғой. Күйеуімді де жақсы танымаймын.

 

Біреудің қарғысына қаламын ба деп қорқамын. Ой қосыңыздаршы әпкелер, жеңгелер!

 

Аноним  

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста