Ұлыбританияда бірнеше жыл бұрын болған қазақстандық қызға қатысты қылмыстық іс жалғасын тапты. Сүйіктісінен кек алу мақсатында оған қатысты порно видеоны таратып жіберген ер адам қайғылы оқиға кезінде марқұмның қасында болмағандықтан тергеу оны қылмысқа қатысы жоқ деп таныды. Бұл туралы BBC-ге сілтеме беріп Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Дамели Жүсіпалиева 2017 жылы Лондондағы пәтерінен 24 метр биіктіктен құлап кеткен. Бұл әрекетін жас қыз бұрынғы жігіті порнографиялық видеоны таратқан соң жасаған.
21 жастағы Қазақстаннан шыққан Дамели Жүсіпалиева 2017 жылдың 3 маусымында қайтыс болды. Экс-жігіті Алессио Бьянки қыздың отбасына оның кокаин қабылдап жатқаны көрінетін суреттер мен видеоны көрсетемін деп қорқытқан. Бір апта өткен соң жас қыз өзіне қол жұмсаған.
Сержант Эмма Кирби 21 жастағы марқұмның өз топтасы Алессио Бьянки өзіне зиян тигізетін қарым-қатынаста болғанын айтты.
Тергеуші қайғылы жағдай оның отбасымен қарым-қатынасы, есірткі, алкоголь қолдануы, оқуы мен жігітімен қарым-қатынасына қатысты болғанын айтады.
Жұп Лондондағы Риджентс университетінде бірге оқыған.
"1 маусымға қарай оның психикалық жағдайы едәуір нашарлады, ал 3 маусымда оның экс-жігіті сүйіктісі өзіне қауіп төндіретіндей жағдайда деп мәлімдеген. Полиция 3 маусымда қыздың үйінде бірден келіп жеткенімен, Дамелиді аман алып қала алмады", – деді тергеуші Ричмонд.
Оның айтуынша, сағат 01:22-де Жүсіпәлиева Пэддингтондағы пәтерінің терезесінен қасақана құлаған.
"Оның сана сезіміне нұқсан келді және бұл жағдайда ол өзін-өзі өлтіруге ниет білдірді. Бұған оның экс-жігіті мен ата-анасына жазған қоштасу жазбалары дәлел бола алады", – дейді ол.
Сержант Кирби сотта Қазақстаннан келген қыздың өзіне қатысты ашық сипаттағы видео жайлы білгенін хабарлаған. Ол видеода қыз телефон будкасында жыныстық қатынасқа түскен. 30 жастағы Бьянки досына бұл видеоны таратуды сұраған.
Сауд Арабиясының Джидда қаласында дүниеге келген Бьянки бұған дейін тергеуге 2017 жылдың мамыр айында Жүсіпәлиева досына қызының жыныстық қатынасқа түскен видеосын жібергенін айтқан.
Тергеушілердің айтуынша, жұп порно видеоға қатысты туындаған проблеманы шешіп, қарым-қатынастарын қайта жандандырған.
“Университетте ол ағылшын тілінде өте жақсы сөйлейтін. Оның ноутбуктағы және телефонындағы жазбалары арқылы ағылшын тілі өте жақсы болғанын байқауға болады”, – дейді тергеуші.
Ричмонд сержант Кирби ұсынған деректерді біріктіріп, бұл қайғылы жағдайда үшінші тараптың еш қатысы жоқ деген шешімге келген.
Сержант Кирби бейнебақылау камераларының жазбалары тексерілгенін растап, полиция Бьянкидің Жүсіпәлиева өліміне белсенді қатысушы болғанын жоққа шығарды.
2018 жылдың сәуір айында Бьянки Жүсіпәлиеваны ұрып-соғу арқылы азап шегу мақсатында жыныстық сипаттағы жеке суреттер мен фильмдерін жариялағаны және бір рет шабуыл жасады деп айыпталған.