Қазақ жігіті жүкті қып тастап кеткен конголық әйел аяқ-қолын бауырына алды

Бұрын «Жетімдер үйі» деген түсініктен арылуға асығушы едік. Оған енді «әйелдер үйі» деген қосылды. Қосағынан таяқ жеп, барар жері, басар тауы қалмаған, көмекке қатты мұқтаж аналар мен бойжеткендер паналайды бұл жерді. Арасында өзге ұлт өкілдері де бар.

Мәселен, бөпесін мәпелеп, өз тілінде бесік жырын салып отырған мына конголық келіншектің есімі Моника. Былтыр елде ЭКСПО көрмесі өткенде Қазақстанда қалып қойды.Қазақ жігіті көңіл білдіргендіктен. Алайда, кейін құрсаққа бала біткенін естігенде, тайып тұрған деп хабарлайды Евразия арнасы.

Мұны электронды сөздік арқылы жеткізген әңгімесінен түсіндік. Қазір Моника жалғызбасты ана. Қызы Маша осыдан сегіз күн бұрын 3 келі салмақпен дүниеге келді.

Аналар үйін мекендеп отырған тағы бір бұрымдының оқиғасы тіптен қызық. Ол 21 жасқа келіп, енді әріп танып жатыр.

Біз оның есімін көрерменге айтпаймыз деп өзіне уәде еттік! Өйткені, ұялады. Тағдыр тартқызған тауқыметі үшін. Ол қазақ қызы. Әкесін өмірі көрмеген. Ал, анасы, анасы болса арақтың арбауына түсіп, тастап кетті. Жетім қызды кезінде үйінде босанғандықтан, бойжеткеннің бірде-бір құжаты болмаған. Сәйкесінше ел қатарлы білім алудың орнына, көлік жуып, еден сүртіп күнелткен. Ал, 18 жасында жолдасын кезіктіріп, тұрмысқа шықты. Алайда, азаптың көкесі сонда басталған көрінеді.

Осыдан кейін жолдасы оған қоқан-лоқы көрсетуге көшіп, ақыры үйінен қуып шыққан.

«Ата-енемнің сол анаң орыс, көп ішеді. Оқымағансың, артыңнан дүние келмеген, сауатсызсың деп айтады көбісі. Уақыт өткен сайын одан бетер тисе бастады. Сосын ойладым ертең бала тисе бастаған соң, балама да айтады. Оның бәрін балам көтере алмайды деп ойладым», – дейді ол.

Өкініштісі түрлі жағдайда тағдырдың тауқыметін тартып, өздеріне пана іздеп жүрген мұндай қыздардың саны қазір бізде көп. Сәйкесінше кризистік орталықтардың да саны артып келеді. Ел бойынша 18-і бар. Оның өзі аз дейді біріне басшылық ететін Анна Рыль!

«Бізге жыл сайын 300-400 әйел көмекке жүгінеді. Түрлі жағдаймен.Құжат мәселесі, тұрмыстық зорлық-зомбылық. Біз көбіне қеңес береміз. Себебі бәріне жатар орын қаражат табуға қиналамыз. Сол кезде мемлекеттік «Кризистік орталықтарға» жөнелтуімізге тура келеді» – дейді қоғамдық қор директоры Анна Рыль. 

SN.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста