Қыз баланың отау құрған кезде ата-ене алдындағы ең бірінші қорқыншты сұрағы ол "қалай жақсы келін болам?". Әрине, бұл сұрақтың жауабы тек өзіңізге, өзіңіздің қарым-қатынасыңызға, өзіңіздің жүріп тұрғаныңызға, сөйлегеніңізге байланысты екенін ойлауыңыз керек. Қазіргі заманда қалай жақсы келін болуға болатыны жайлы аз ғана ұсыныс.
Негізі, келін боп бірінші рет түсіп жатқандықтан да көп нәрсені ескермей жатамыз. Өз үйіміздегі тәтті күндерді қимай бір жағы жаңа ортаға тап болғанның қиындығы бар біраз қате жіберіпте аламыз. Иа, түсінем сіз үйіңіздің жалғыз еркесісіз, сіздің сөзіңіз жүретін. Алайда, сіз енді бір үйдің келінісіз…
Үйдегідей үстемдікке ие болу үшін біраз «еңбек» сіңіруіңіз керек. Еңбек дегенім тек тірлік істеу емес, сыйлы бола білу, сыйлай білу, адамдармен тіл табыса алу. Бұл жайында кейінірек…
Алғаш келін болып түскенде көп қыздар «мен - қазіргі заманның қызымын, мен еркін заманның қызымын» деп ойлап көп қателік жібереді. Иа, сіз еркінсіз. Бірақ, сіз енді келінсіз. Осыны ескеріңіз, бұл сіздің жеке еркіндігіңізді жоқтығын білдірмейді. Бірақ, кейбір нәрселерді істемеу керек. себебі, осыдан бастап сізге енеңіздің, атаңыздың, қайын сіңіліңізді, көршілердің, жолдасыңыздың достарының көз қарасы осындай кішкентай нәрселерден қала бастайды. Сізді сыйламау осындай кішкентай нәрселерден басталатынын ұмытпаңыз.
Келін боп түскен алғашқы күндері, апталары ерте тұрыңыз. Үйде жұмыс жоқ болса да ерте тұрып шәйға дәмді нәрсе пісіріңіз, үйдегілер сізге риза боп қалады.
Алғаш түскен кезде атаңызға сәлем салып жүріңіз, ақылы кең ата болса өзі-ақ «рахмет қызым, ырзамын енді салмай ақ қойсаң болады» дейді.
Алғаш түскеннен бастап, орамал салып жүріңіз. Келіннің басты белгісі де орамал ғой. Әдемі жарасатындайғып қазірден бастап тағып үйреніңіз. Бұған күйеуіңіз өте қатты қуанады. Үй ішілеріңіз заманауи болса, өздері ақ той біткесін салмай ақ қоюға рұқсат береді.
Үйдегі жұмыстарды қандай қиын болса да істеуге кірісе беріңіз. Білмей жатсаңыз, ақырын ғана қайын сіңіліңізге немесе енеңізге «маған қалай істейтінін көрсетесіз ба, мен бірінші рет істейін деп тұр едім» деңіз. Бастысы ақырын шынайы жымиып қойыңыз, расымен істей алмайтыныңызға ұялғаныңызды білдіріңіз. Сонда, енеңіз де қайын сіңілі — әпкелеріңізде қуана көрсетіп, өздері де көмек береді.
Той кезінде достарыңыздың ортасында өзіңізді тым еркін сезініп, қатты күліп ерсі қылықтар көрсетпеңіз. Білем, сіз қатты қуанып тұрсыз. Бірақ, сырт көзді ұмытпаңыз. Жәй жымыиып күліп те қуанышыңызды білдіруге болады. Сіз өзіңізді қалай ұстағаныңызға қарай, елдер «өсек» таратқыш келеді. Әсіресе дос жігіттермен көп сөйлеспеңіз.
Төсек орын әкелген кезде, оларды алысырақ тұрыпта бәрін қарап алуға болады. Бірақ, жалмаңдап не әкелді дегендей қарамаңыз. Бастысы оның бәрі сіздікі.
Той бітіп, төркініңіз (қыздың өзінің ата-анасы) қайтқан кезде де төсек орныңызға қатты қарамаңыз. Жаңа киім, орамал анау мынауларыңыздан (қимай тұрсаңызда) абысындарыңызға, қайын сіңілі, қайын апаларыңызға бөліп беріңіз. Олар қатты риза боп кетеді. Қолыңызды ашықтығын көріп енеңіз сізге одан жақсысын сізге аямай беретін болады.
Мынау менің төсек орным анау-мынау деген әңгіме айтпаңыз, енеңіз өзі де біледі сіздікі екенін. Ақылы бар ене, қашан да өзі бөлек шығарарда сізге бәрін санап өткізіп береді.
Қыз ұзату тойын жасаған кездегі сыйлықтарыңызды өз анаңызға беріңіз, апа — сіңілілеріңізге бөліп береді. Қалғанын сізге қайтып береді. Ал ақшаны той шығынын жабуға әкеңізге беріңіз. Ата-енеңіз ол тойға келген сыйлықтан ештеме сұрамауы тиіс. Сұрап жатса, айтыңыз «анама бердім, той шығынын жапсын» деп.
Ал жігіт жасаған тойда келген сыйлықты енеңізге бәрінің көзінше беріңіз. Сіздің туысқандарыңыз берген сыйлықты енеңіз міндетті түрде өзіңізге береді. Оған уайым жемеңіз. Солай істеу арқылы ол кісілерді сыйлайтының білініп тұрады және енең өз орнын тартып алмағанына сеніп, сізге сене бастайды.
Біз берген кеңестер болмай жатса ақырын күйеуіңізге еркелеп айтыңыз: «мен заттың өзімде болғанын қалар едім» деп, сеніңіз күйеіңіз сізге беруін ақырын анасына өзі түсіндіреді.
Ең бастысы келін болып түскен кезде не болса да жымиып жүріңіз. Кішілерін еркелетін ат қойып алыңыз. Үлкендерінен «сіз» деп сыйлап тұрыңыз.
Үйдегілердің қызығушылығын біліп алуға тырысыңыз, сол тақырыпта сөйлесу арқылы ортақ тіл табысуға болады.
Не болса да, қанша ашулансаңызда ашуыңызды білдірмеңіз.
Бастысы шынайы болыңыз, себебі ол сіздің ендігі жанұяңыз!!!
Басқан қадамыңыз оң болсын! Барған жеріңізге судай сіңіп, тастай батыңыз!
neke.kz