Қайынсіңілім шалдарды "лақтырып" байып алды...

Қайынсіңілім шалдарды "лақтырып" байып алды...

Өмірі еш жұмыс істемеген қайынсіңілімнің қазір Алматының ортасында екі бөлмелі пәтері, астында жол талғамайтын көлігі бар. Екі ұлы шетелде оқиды. Мұның барлығына ол шалдарды «лақтырып», қол жеткізген десем, ешкім сене қоймас. Бірақ турасы осылай...

 

90-шы жылдары аумалы-төкпелі заманда біздің ауыл азаматтарының көбісі ішкілікке салынып кетті. Ал олардың жұбы Алматыдан киім-кешек тасып, отбасын асырады. Тағы біреулері Алматыға жақсы нәпақасы бар жұмыс іздеп кетті. Солардың бірі – менің қайынсіңілім. Күйеуі ішкілікке салынған соң ол екі ұлымен өз үйіне қайтып келді. Бірер аптадан соң «ауылда жұмыс жоқ» дегенді желеу етіп, ата-енеме екі баласын тастап, қалаға кетті. Содан ол он-он бес шақты жылға хабарсыз мүлде жоқ болды. «Ел құлағы елу» демекші, қайынсіңілім туралы түрлі сыпсың желікпе сөздерді сырттан естіп жүрдім. Бірақ оның ешбіріне сенбедім, жұмыссыз ерігіп отырған адамдар ойынан әңгіме тудыра береді дестік. Әрине, жақынын кім жамандыққа қисын?..

 

Алайда оның барлығы шын екендігін кейіннен білдік. Бұл арада қайынсіңілімді өткені үшін айыптайын деп отырған жоқпын, алайда жағдайы түзеліп, ақыл-есі әбден толысқан шағында да ескі әдетін қоймауы біздің жанымызға батады. Бәрінен бұрын ата-енемді қарызға батырып бітті. Үлкен адамдарға қиын ғой, жаманын жасыру үшін шабылады да жүреді. Елдің бетіне қайтіп қараймыз дейді.

 

Бір емес, бірнеше ақсақал үйімізге келіп, лаң шығарып кетті. Ұятымызға сызат түсіретін жаман оқиғаны енді ұмыта бастасақ, тағы біреулер үй есігін қағып тұрады. Ақыры ауданға қарасты қалаға көшуге де мәжбүр болдық. Бірақ бір жыл бұрын тағы біреулер үйге келіп кетті. Қалалық жер ғой, мұндағы адамдардың бір-бірінде шаруасы жоқ. Сол кішкене жүрекке түскен салмақты жеңілдеткендей болады. Алайда үлкен кісілердің аты үлкен емес пе, олар мұндайға төзе алмайды екен. Олардың жабырқаған жүзін, сынған сағын көріп менің жаным қатты ауырады.

 

Кезекті «разборка» кезінде енеме қызы жағдайын түсіндіріп, бұл сұмдықтың барлық кінәсін қасындағы әйелге жапқан еді.

 

Қалаға барған соң бір жыл бойына ыдыс-аяқ жуудан бастап құрылыста да түрлі жұмыс істеген қайынсіңілім көбіне жалақысын ала алмай, қатты қиналыпты. Өзі секілді жұмыс іздеп келген бір әйелмен бірге пәтер жалдап тұрыпты. Сол әйел өздері тұрып жатқан үйдің астыңғы қабатында жалғыз тұратын бір шалдың барын, оны айналдырып алсақ, пәтерінде тегін тұруға болатынын, ал егер шалды үйлендіруге көндірсек, онда бізге жұмыс істеудің де қажеті болмайды деп арам ойымен бөліседі. Содан екеуі үлкен жоспар құрып, ақыры шалақазақ шалдың бетін бері қаратады. Сөйтіп оның пәтеріне кіріп алады. Бірақ қаланың әккі шалы үйленуге еш асықпайды. Пәтерінде тегін тұрып, зейнетақысына малданған олар келесі «құрбанын» іздей бастайды.

 

Бірінші тәжірибелері сабақ боп, келесі жолы ауылдық қартты іздейді. Ол үшін мешіттің маңын маңайлайды. Сөзге тартып, қожайындары пәтерден қуып жібергенін, үйсіз-күйсіз қалғандарын айтып, көздерінен жас мөлдіреткен қос келіншек Ұзынағаштың бір шалының жүрегін елжіретеді. «Бүйткен өмірлерің құрысын, баратын жерлерің болмаса, одан да менімен ауылға жүріңдер» дейді ол. Бұған әлгі екеуі келісе кетеді.

 

Жол бойы ақсақалдың жалғыз ілік екенін біліп, бірі қылмыңдай бастайды. Ауылға барған соң екіншісіне де басы бос ағай табыла кетеді. Бірден екеуі де некесін заңдастыруды талап етеді. Сөйтіп ЗАГС-қа барып, некелерін бекітеді. Шалдардың 2-3 айлық зейнетақысына малынып-салынып шыға келген қос келіншек ауылдың барлық еркек кіндіктісінің есін кетіре бастайды, арасында жүріс те жасайды.

 

Қызғаныштан шалдың біреуі өліп кетеді, оған қайынсіңілімнің құрбысы мұрагерлік хат жаздырып та алыпты. Осылайша ол Алматы маңындағы ауылдан үйлі боп қалады. Ал біздікі бөтен егде еркекпен көңіл қосып, ақыры ол оны алып қашады. Алдыңғы некесін бұзып, оның үйі мен малының тең жартысына таласады. Сот ұзаққа созылады, бірақ қайынсіңілім дегеніне жетеді. Көп емес, бірақ біршама тиын-тебенге қол жеткізеді. Ал алып қашқанмен бір күні төбелесем деп басынан кәкпірмен ұрып, жарымжан етеді. Жүрегі қысылған ол тілден айырылып, қоларбаға танылады. Оған мұрагерлік қағаз жаздыртып, некесін бұздыртып, өзін көрші ауылдағы туысына апарып, үйді сатуға қояды. Ата-енеме келіп, мазасын алған осы ақсақалдың туысқандары еді. Сөздерінен ұққанымыз, сот шешімі қайынсіңілімді жақтаған. «Бұл әділетсіздікті болдырмау Сіздердің ғана қолдарыңыздан келеді» деп көз-жастарын төкті ақырында олар. Біз Мунираның баяғыда кетіп қалғанын, онымен араласпайтынымызды айтып, әрең құтылдық.

 

Келесі жылы үйге тағы біреулер келді. Өңкей сұсты еркектерді көргенде қатты шошып кеттік. Мен балаларды алып, себетке тығылып қалғанмын. Оным дұрыс та болған секілді. Тынышталды дегенде сыртқа шықсам, үй іші астан-кестен, еденді қан жуған. Ол күн есіме түссе әлі қорқамын. Өштерін алған түрі осы болды. Әйтеуір енеме тиіспепті. Ал күйеуім мен атам көкала қойдай. Күйеуімнің басы жарылып, қолы сынған, ал атамның аузына оңбай тиген жұдырық бүткіл тісін саудыратып түсіріпті. Міне, осы оқиғадан кейін ауылдан көшпесек болмайтынын түсіндік.

 

Мунираның тете өскен қос ұлы ауылдың орта мектебін тәмамдады. Екеуінің де оқу үлгерімі жақсы болды. Соңғы сыныптардағы демалыста олар мамасына қалаға барып жүрді. Ата-енемнің тыйымына ұлдар құлақ аспады. Ұлдардың әңгімесінен Мунираның Алматыда өз пәтері барын, жағдайы жақсы екенін білдік. Содан кейін бұл қыз әйтеуір өз-өзіне келіп, жаман әдетін қойған деп ойладық. 11-сынып бітірген үлкенді ол Қытайға оқуға жіберіпті. Оқуы – жартылай ақылы.

 

Осылайша тыныштала бастағанымызда жуырда қаладан бір жаман хабар келді. Мунира темір тордың ар жағынан шыққан дей ме... Мұны естіген ата-енемде ес қалмады.

 

Ол соңғы құрбанынан ештеңе ала алмаған, әрине үй-жайына таласқан, ал шетелдегі қызы келіп, әкесінің мүрдесін тексертіп, оның уланып өлгенін анықтатқан, сөйтіп Мунираға ол бәле боп жабысқан (шын кінәсі болса, бұл сұмдық енді, ондай адамнан қандай қайыр күтуге болады).

 

Алматыға екі аптаның бірінде барып, екеуінің зейнетақысы сонымен кетіп жатты. Ақыры енем үйді сатуға қоятынын айтты. Мен тулап шықтым. Сатса сол қаладағы өз үйін неге сатпайды деп. Сөйтсем оның құжаттары дұрыс емес дей ме, ұқпадым...

 

Шағын қала дегенмен мұнда үйдің бағасы көп-көрім. 25 мың доллар сұраған, 20 мыңға өтті. Соның арқасында қайынсіңілім 2 жыл «условно» алды.

 

Есесіне ата-енем, менің отбасым далада қалдық. Қазір пәтер жалдап тұрып жатырмыз. Мунирадан тағы хабар жоқ. Шетелдегі екі бала бізге хабарласады. Ата-енемнің зейнетақысы солардың шотына құйылады. Онда да бұл мардымсыз ақша көрінеді. Тағы ақша сұрайды, шетелде өмір сүру қымбат секілді. Енем кредит те алған көрінеді. Оны ашып айтпайды. Бір күні қатты ашуланғанымда: «Қайтсын екеуі де, байдың балалары емес, өзіміз тентіреп жүргенде, шынымен де болыса алмаймыз ғой» деп айғайладым.

 

Ата-енемді мен асырап отырмын. Ал олардың зейнетақысы қыздың екі немересіне кетіп жатыр. Бір күні шыдамай Алматыға тарттым, енемнің қойын кітапшасында жазылған мекен-жайға Мунираны іздеп бардым. Ондағы ойым – екі баланы шетелге жіберген өзің, ең құрымағанда, осы жауапкершілікті мойынына ал демекпін.

 

Есікті егде тартқан ер адам ашты. Мунираны сұрап едім, жұмыста дейді. Ауылдан келген туысымын деп едім, үйіне кіргізді. Шай ішіп, әңгіме-дүкен құрдық. Жалғыз ұлы оны үйінен қуып шығыпты. Соған назалы шал: «Мунираға рахмет, мені үйіне паналатып, жай-күйімді жасап отыр. Ұлымнан үйімді тартып аламын, өйткені ол менің атымда, кезінде қызмет еткен жерім берген. Қадірімді түсінбеген ұлға бұйырғанша, оны қайырымды Мунира алсын» деп сайрап қарап отыр. Шошып кеттім. Үйді алса ала берсін. Бірақ тағы айғай-шу, дау-дамай басталады. Оның барлығы біздің отабысымызға жетеді, тағы да ата-енем шабылады. Мұның барлығынан шаршап кеткендіктен де осында отыр емеспін бе?.. Әрине, Мунираны Құдайдан көріп отырған мына шал менің сөзіме әзір құлақ аспайды, ақыры өзін күтейін деп бек шешіндім.

 

Бетбақ десе бетпақ қой. «Ойбай, сол балалар үшін зыр жүгіріп жүрмін емес пе, солардың қамы ғой бұл» дейді әбден алаяқтық қанына сіңіп кеткен қайыңсіңілім. Ары қарай оны тыңдағым келмеді, сондай жиіркенішті, құды әзәзілдің өзі алдымда тұрғандай. Бұл арадан тезірек табанымды жалтыратайын деп ойладым. Бірақ ол лақтырған «шалдар» зардабы бізге де тиетінін ойласам, ішім қыж-қыж қайнайды. «Басқа түскен баспақшыл» демекші, міне осылай пәтерде өмір сүріп жатқан жайымыз бар...

 

 

 

Ерке

alashainasy.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста