Қалдарыңыз жақсы ма, құрметті оқырман! Тұрмыстағы əйелмін, екі балам бар шүкір Аллаға. Ата-енеммен тұрам. Менің айтайын дегенім, қайын апам жайлы. Тұрмыстан қайтқанына 2 жыл болды, 2 жасар ұлы бар, келгенде 1 жыл бізбен тұрды, өз үйі бола тұра жалға беріп қойып. Түске дейін ұйықтап жататы,н баласын енем бағып адам қылды, баласын емізгеніне ақы сұрайтын еді.
Менің де аяғым ауыр еді, қызым бірге тола сала артынан ұлымды босандым. Босанып перзентханадан шығып келгенде "келін, шай құйшы" деп төрде отырды ғой, өмірі үй шаруасына араласпайтын. Үйінің тұңғыш қызы болған соң ата-енем барын алдымен соның аузына тосып, балалары соның қалдығын киіп, қалғанын жеп өсіпті. Соны ғана оқытқан қаншама ақша шашып, жолдасым өзі жұмыс жасап, оқуын өзі төлеген. Байдан қайтып келіп отырса да əке шешесі алтындай көреді ғой сол қызды.
Бірақ менің бетіме қарап сөйлеп көрмеген, бір-екі рет келін сүйту керек бүйту керек деп міңгірлей бастағанда мен де қарап тұрмай: "сіз жақсы келін болсаңыз, бұл үйде неғып отырсыз, қайтып келген қыз келінге ақыл үйретпейді" деп айтқан соң қайтып маған ауыз ашпайды.
Негізі өзі кетіп қалған күйеуінен, босанып шілдехана жасап жатқанда күйеуімен ұрсысып қалыпты, күйеуі менің шешеме неге қарсы сөйлейсің деп итеріп жібергенде анау құлап түскен. Соны көтере алмай шілдеханаға тойғабарған əке-шешесімен еріп үйге келіп алды.
Содан бері 2 жылда қаншама еркекпен кездескенін мен санына жете алмаймын. Мұны өзі жасырмайды да. Енді 1 апта болыпты өзінен 6 жас кіші, үйленбеген еркекті үйіне кіргізіп алған, ата-енеме бəрібір, өзі біледі деп оның сөзін сөйлейді. Күйеуім мен қайын ағам намыстан жарылардай болып ана жігітті сабап тастаған, сүйтсе онысы полици қфзметкері екен. Ол жігіт тіпті менен кіші жасы. Бірақ үстінен арыз жазбады, күйеуім жынданып жүріп аварияға түсіп аяғын сындырып алды, неге некелеріңді қидырып бізге таныстырып адам сияқты тұрмайсыңдар десе, жігіттің əке-шешесі қарсы болып жатыр дейді. Енемнің айтқандары. Сосын мен де айттым: "Сіздің ұлыңыз баласы бар өзінен 6 жас үлкен қатын əкеліп тұрса үйге кіргізесіз ба" деп. Енем деген осы қызын мақтап "менің қызымдай болып алыңдар, соған жетіп алыңдар сендер" деп отырады ғой. Мен естіртіп тұрып байдан қайтқан қыздан үлгі ала ма есі дүзу адам деп айтып, енем ренжіген маған. Рас қой, қызы 10 байдан қайтса да, алтын шешесіне. Баласы əлі біздің үйде, енем менің 2 баламнан бұрын соның аузына тамақ тосады, ол ойыншық сұраса менің балаларымның қолындағы ойыншықты жұлып алып береді. Осы үшін кейде қырылысамыз енеммен, ұлыңыздың баласынан айдаладағы еркектің баласы артық па деп.Ал енді жаңадан кіріп алған еркегі жасыы үлкен қатынды пайдаланып жүргені айдан анық. Əлі ақ тартады ғой зардабын. Осындай қайын бикелерден құдай сақтасын!
Аноним