Қайын атам қатын секілді
Сәлеметсіздер ме! Ақыл-кеңес сұрайыншы үлкен әпкелерден. Менің жасым 23-те. Келін болғалы 2 жыл болды. Бұрынғы салт-дәстурді қатты ұстанып калған отбасыға келін болдым. Келін өйтпеу керек, бүйтпеу керек, қысқасы келін мінсіз болу керек.
Көп келіндер енелерін жамандайды, қызық деймін да, ене болғасын, әйел болғасын қандай сөз болса да, ұрыс болса да әйел затты үшін калыпты ғой. Ал менің атам менің енем сиякты. Барлық нәрсеге араласады. Тіпті асүйдің шаруасына араласады, азық-түлік азайып қалса, арамтамақсыңдар деп айқайлайды. Үлкенге үндеме дегесін ғана сөз кайтармай, ундемей отыра беремін. Басыма шығып бара жатқан сиякты. Кейде кетіңдер уйден деп куады. Кетсеңдер разы емеспін дейді. Әйелің сөз кайтарса куып шығам дейді күйеуіме. Разы емеспін келінге дейді. Мен көңілге тиетін сөз де айтпадым, ештеңе істемедім, ешкімге зияным тиген жоқ, үндемеймін бар жамандығым. Айтып тастағым келеді бәрін де. Куйеуімді ойлаймын, арамыз бұзылама деп. Жұмыс істесем, келінді неге алдық кызмет етпесе дейді, сол үшін жұмыстан да шықтым. Енді арамтамақн, жатыпішерлер деп маған қарата ақайлайды. Барлық тірлік менің мойнымда. Оны міндетсініп жатқаным жоқ. Сөздері көңіліме қатты келеді, не істерімді білмеймін. Кетіп калсам ба екен? Оған 100000 айлық алатын пысық келін керек. Ақыл айтыңыздаршы. Шаршап кеттім әбден.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу