Амансыздар ма, әпкелер, сіңлілер! Менің жасым 23-те, күйеуiм бар, ұлым бар 1.5 жаста шүкір, енеммен бірге тұрамыз. Мендегі мәселе қайын әпкем, ол кісі де тұрмысқа шыққан, 2 баласы бар, ата-енесiмен тұрады, бiрақ аптаның 5 кунiнде біздің үйде. Осы жазда мен декретте болғасын 2 баласын бiздiн үйге тастап, жұмысқа шыққан болатын. Сондағы айқаны, балаларын маған емес, мамасына қарауға беріпті, маған рахметi де жоқ.
Кiшi ұлы 1.3 ай кезі,нде үлкен ұлы 4 жаста еді жазда. Сонда енем қызының екі баламен тозып кеткенін маған айтып."жалғыз қайын апаң ғой, сыйлап, шыдай сал, жұмысқа шықсын" деді, жақсы ундемедім.
Өзімнің ұлым 10 айлық қана болатын, күні бойы үшеуiне жалғыз өзім қараймын. Солармен жүріп тамақ жаса, әрқайсысының бұттарын жуып, шәйларына дейін суытып, тура тегін бала күтушісі болдым. Бала-шаға шулаған үйде не тыныштық жоқ. Кейде ашуланып, балаларға ұрсатын болдым, оны балалары айтып қойып, қайын апам айғай шфғарып кетті. Балаларыма бір дауыс көтерсең, быт-шытыңды шығарам деді. Күзде бір баласын біздің жақтағы мекепке берді, Енді 5-ке келген баласын күнде мен мектепке тасмын, апарам, алып келем. Өз баламды жетектеп, таң атпай тұрып, қайын апамның баласын тасып жүргенімді түсініп жатқан ешкім жоқ. Киімін жуып, жинап шаршадым. Үйде таңертеңгісiн ешкім болмайды, күйеуім, енем жұмыста. Қайынапамның балалары баламды кейде ұрып жібереді. соны көріп қаным қайнайды. Қайын апамның іздейтіні бәле, келе сап баласынан кім тиісті деп сұрайды. Баласына жаны ашып бара жатса, өзі неге қарап отырмайды үйінде? Менің де жұмысқа шыққым келеді! Ақыл-кеңес беріңіздерші.