Қадірімді қашырмау үшін сүйіктімнен бас тарттым

 Заманға ма, əлде өзімізге байланысты ма, əйел затының ер адамның алдында қадір-қасиеті жоқ болып бара жатыр. Əлеуметтік желі бұған өз үлесін аямай қосқаны сөзсіз. Инстаграм немесе вк-ны ашсаң болды, өзіңе қажетті адам туралы бəрін білесің. Жігіттер қазір өздері ұнатқан қыздардың нөмірін іздеп, хат жазып шаршамайды. Қазіргі қыздар жігіттер үшін оқылып қойған кітап немесе көріп қойған фильм сияқты, ешқандай қызығы жоқ... Жігіттер мұндай қыздардан тез жалығады. Мен үшін мұның бəрі таңсық, ал қазіргі жастарға бұл қалыпты. Ойлана келе өз басымнан өткен қызық оқиғаны сіздермен бөлісуді жөн көрдім.

2002 жылы Алматыға оқуға түстім. Өзім ауылдың қарапайым қызымын. (Тараз жақтың) жасым небəрі 17 болатын. Дене бітімім келіскен болғанымен, керемет сұлу емес едім. Бірақ өзімнің қағидаларым мен мақсаттарым бар тұғын. Оқуымды аяқтап, адал жар болу.

Біз төрт қыз пəтер жалдап тұрдық. 3 курқа дейін ешқандай жігітпен жүрмедім, бірақ сөз айтқандар болды. Жанымдағы қыздар жігіттермен жүреді, кезек-кезек жылайды (жігіттерімен ұрсып). Мен сонда айтатынмын: өлсем де ешкімді шын сүймеймін, сүйсем де сезімімді білдірмеймін, жігіт үшін жыламаймын деп... Бұл менің өмірдегі ең бірінші қағидам болатын. Бір күні азанда парға кешігіп жүгіріп келе жатып, универдің алдында аяғымды қайырып құлап қалдым. Бір жігіт келіп қолымнан ұстап көтермекші болды. Мен оған тарт қолыңды деп айқай салдым. Сізге жай көмектесейін деп едім дейді. Маған біреудің көмегі қажет емес деп, басымды көтеріп түріне қарап, сол тұрған жерде есім танып қала жаздадым. Керемет сұлу жігіт, ұзын бойлы, ақ құба, қасы-көзі қап-қара. Жүрегіп жиі-жиі соғып есім ауып қарап қалыппын. Менде бұрын - соңды мұндай жағдай болған емес. Орнымнан тез тұрып жүгіріп кетіп қалдым. Содан бастап ана жігіттің бейнесі есімнен кетпейді, түсіме кіреді, көргім келеді де тұрады. Қыздарға айтайын десем ұялам (алдындағы айтқандарым есіме түсіп). Асхананың алдында тұғанбыз қыздармен, артымнан біреу келіп, аяғыңыз қалай жақсы болды ма деді. Мен жақсы дедім. Таныссақ қалай болады деп қолын созды. Мен есімімді айттым, ол Дархан деді (есімін ауыстырып жаздым). Еш нəрсе айтпастан бұрылып кетіп қалдым. Группамның қыздары жүгіріп келіп, қайдан танисың деп сұрап есімді аударды жəне сол қыздардан оның 4 курс оқитынын, байдың баласы екенін естідім, ал мен қарапайым отбасынан шыққанмын. Оның машинасы да бар екен (БМВ) жəне соткасы да бар (ұялы телефондар енді шыққан еді ғой) Бірден өзімді одан төмен санадым, бірақ сол жігітті ойлай бердім. Күндіз-түні ойлаймын, сабақ оқудыда қойдым.

Дархан маған сөз айтты. Күнде өз-өзіме сұрақ қоямын: ол менің қай жеріме қызығып жүр, басқа сұлу қыздар көп қой деп. Мен оны шын сүйіп қалдым, ондай жігітті ұнатпау мүмкін емес, барлық қыздардың арманы десем де болады. Бірақ, оған "жоқ, сенімен жүрмеймін" дедім. Дос қыздарым ұрсып жүр, есің дұрыс па деп. Дархан да қайтпай қойды, күнде гүл, сыйлық... Ол менің соңымнан 1 жыл жүрді. Мен 3 курсты аяқтаған соң жазда оның сөзін қабыл алдым. Бəрі бізге қызығып та, қызғанып та қарайтын. Ол маған қолының ұшында тигізбейтін. Қыз-жігіт болып 1 жылдай жүрдік. Күнде ұрысып қаламыз, ол маған қырсықсың дейтін. Дархан маған ылғи ренжитін сен мені іздемейсің, сен мені жақсы көрмейсің деп. Менің сол баяғы қатып  қалған қағидам бар гой, 1 жылда бір ретте звандамадым жəне сезімімді ашық айтпадым, жаным деп те айта алмадым. Мен сені сүйемін деп айт деп мазамды алатын. Мен айта алмаймын, неге екенін өзім де білмеймін. Оны жан-тəніммен сүйемін, жоқ болса іздеймін, көрмесем тынысып тарылады. Бірақ сезімімді айта алмаймын.

Мен оқуымды бітіріп диплом алайын деп жүргем, ол үйленеміз, ата-анаңа айт деді, мен саған тұрмысқа шықпаймын дедім, Дархан ашуланып кетіп қалды. Сол кеткеннен 1 ай жоқ болып кетті. Қатты уайымдадым, құса болдым, сағындым. Тіпті ауырып та қалдым.  Ауруханадан шыққаннан соң Дархан келіп кешірім сұрады. Мен оны құшақтап ұзақ жыладым. Өз - өзімді өзгертуге бел будым. Оған арасында қоңырау соғамын, ол болса мəз болатын. Бір күні Дарханға звандасам бір қыз алып тұр, мен Дарханды сұрадым. Ол қыз болса: сен кімсің менің жігітіме звандайтын деді? ар жағында Дарханның дауысы естілді, мен трупканы қоя салдым, ал тоқтамай жылайын (қазір есіме түссе күлкім келеді, сол кезде мен өліп қала жаздағам). Дархан артынша звандады, мен телефонды алмай қойдым, ол үйге келді, кешірім сұрады. Өзі қызып алған, кафеде болғанын, жаңағы алған дос қызы екенін айтып жатыр. Мен оған сенбейтінімді айттым, ол болса: "неге сонша керемет боласың, сен өзіңді кім деп жүрсің, сендейлердің талайы кездеседі" деп мені боқтап кетіп қалды. Ертесіне звандап кешірім сұрады, мен көп ойландым, əрине мен оны жақсы көрдім, бірақ Дарханның соңғы айтқан сөзін ұмыта алмадым. Тең теңімен, тезек қабымен деген мақал ойыма түсті. Маған 2 күннен соң дипломның вручениесі болатын еді жəне кешке Дарханмен бірге Қоштасу кешіне, яғни кафеге баратын болып келіскенбіз. Мен сол күні Қарағандыдағы апкемнің үйіне ешкімге айтпай кетіп қалдым. Жаз бойы сонда болдым. Тел номерімді ауыстырдым, құрбыларыма да айтпадым.

Дархан мені ауылға іздеп барыпты, сіздің қызыңызды аламын деп əкеме айтып кетіпті(əке-шешеме айтпаңдар деп ескертіп қойғам). Сосын бір күні үйге əкемнің сыныптасы құда түсіп келіпті, маған звандап жақсы жігіт екенін айтып, менің келісімімді сұрады. Мен ол жігітпен танысып, қазан айында оған тұрмысқа шықтым. Беташарым болған күні кешке маған Дархан звандады (тел.нөмірімді тауыпты), өзімен кездесуін өтінді, кездесуге бармасам, келіп үйіңді талқандап кетем деп қорқытты. Мен келістім. Киім-кешек алуға Алматыға баратынымды айттым. Күйеуім бізбен бармады, мен əке-шешеммен келдім. Дарханмен кездестім. Ол мені алғашында құшақтап жібермей қойды, мені дуалап алдың ба деп сұрап қояды. Көп жылады, мен де жыладым. Көп сұрақтар қойды. Екеуіміз қимай қоштастық (арам ойлап қалмаңыздар арамызда ештеңе болған жоқ). Мен жолдасыммен бірге тұрып жатқанымызға биыл 10 жыл болады, екі қызымыз бар. Жолдасыма мен адал болып келдім, ол маған осы уақытқа дейін қол көтерген емес, боқтаған емес, қатты сөз айтқан емес, мені қатты сыйлайды. Менде оны сыйлаймын, бауыр басыпт а кеттім. Қазір менім барым да, нарым да сол. Сіздер ойлап отырған шығарсыздар, мынау неге өзінше болған деп, мен Дарханнан өзімді төмен ұстадым жəне өмір бойы оның ығына жығылып өмір сүргім келмеді, сол үшін де одан бас тарттым. Қазір мүлде өкінбеймін, өз теңіме қосылғаныма қуанамын. Мен күйеуіммен алғашында Таразда тұрдым, 2 жыл бұрын Алматыға көшіп келдік. Осы жақында Абая Правда да такси тоқтатып тұрсам, Дархан келіп тоқтады. Біз біраз əңгіме айттық, ол екі рет ажырасыпты, қазір бойдақ жүр, маған күліп айтып жатыр, қыздар көп уайымдама деп жымиып қояды.

Аноним 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста