Пластикалық операциядан опық жеген әйелдің оқиғасы

Пластикалық операциядан опық жеген әйелдің оқиғасы

«Адам өзінің Құдай берген түр-келбетін қабылдау керек екенін пластикалық отадан кейін түсіндім«, – деп аһ ұрады 28 жастағы Меруерт.

Қызылорда облысының Жаңақорған ауданынан келген қыз Алматыда музыкалық училищеге түсіп, әнші болғысы келген.

Маған мұрным ұнамайды!

«Әйелдерге арналған түрлі журналдарды қарап, сұлу қыздардың суреттерін көріп, менікіндей мұрынмен табысқа жету екіталай», деп ойлады.

– Маған өз мұрным ұнамайтын! Тым кесек, үлкен, ұзын көрінетін. Осы уақытқа дейін тұрмыс құра алмағаным да содан болар, өйткені жігіттермен танысқанда бәрі менің мұрнымды ғана көретін сияқты болатын. Ешқайсысымен ұзақ қарым-қатынас болмады. Пластикалық ота жасату туралы ой жатсамда, тұрсам да мазалай берді. Анамды бәрі жақсы болады деп иландырып жүріп, әрең көндірдім. Себебі, ол кісі Алла берген түрге қанағат ету керек, біздің дінімізде, оны еріккеннен өзгерту жаман болады, дейтін.

Меруерт қажетті соманы бірнеше ай бойы жинады. Сонымен ота жасайтын күн де белгіленді.

Енді мұрным бырқ-бырқ етеді!

«Өзімді өте жақсы сезініп жүрдім, медбике бәрі жақсы болатынын айтып, мұрным әдемі, шағындалып, сүйкімділігімді арттыратынын айтты. Қуанғаннан жақындарыма хабарласып айттым. Сонымен ота жасалды. Мұрнымдағы мақта тығынын дәрігерлер екі күннен кейін алды. Бірақ, гипс бос тұрған сияқты, оны емін-еркін көтеріп мұрнымды көруге болатын еді. Медбикеге айтып едім, солай болуы керек, ісігі қайтып барады деді. Он күннен соң гипсті алды. Мұрным жалпиған, жотасында екі сүйек айқындалып тұр. Бірақ, дәрігер бәрі дұрыс, ісік қайтқан соң, бәрі орнына келеді деді.

Жарты жыл өтті, мұрным енді ұзын, үлкен, қоңқиған күйден үлкен, жалпақ күйге ауысқан. Оның үстіне оң жақ бөлігі кішілеу, желбезегі қысқа, жоғарғы жағында сүйек шығып тұр. Дәрігер менің терімнің қалың екенін айтып, ісік қайтаратын уколдар жасады. Уақыт өте келе, мұрыннан тыныс алуым қиындады, әркез мұрным бырқ-бырқ етіп жүреді және жағымсыз иіс шығып тұрады. Сосын ота жасатқалы бір жыл өткесін, ештеңе өзгермеген соң учаскелік лор-дәрігерге бардым. Оның айтуымен компьютерлік тексеруден өттім, маған қойылған диагноздан салым суға кетті: аралық қалқа қисайған, оны үші жерден дәнекерлеп жабыстырған, шеміршектер түгел алынып тасталған.

Бұдан кейін пластикалық хирургтерге бардым, олар қайтадан ота жасау керектігін айтады. Құлақтың шеміршегін алып қондыру керек дейді. Маған ота жасаған алғашқы дәрігеріме қайтып барып едім, «Бәрін дұрыс жасадым, сіздің ағзаңыз солай қабылдады, аралық қалқан өздігінен жылжып кетті«, деді. Сонда көз тұсындағы шығып тұрған сүйекке де менің ағзам кінәлі екен. Ол қайтадан тегін ота жасап беремін деді. Бірақ мен қорқып, ұсқынсызданған мұрныма кеткен қаражатымды талап еттім. Бірақ, клиника мұрнымның маған көрік беріп тұрғанын айтып, маған психологке қаралуға кеңес берді. Бұрынғы мұрнымнан ұялушы едім, енді мына жаңа мұрыннан тіпті елге қара алмайтын болдым», дейді көзі мөлдіреген Меруерт.

Жасанды сұлулық – сұлулық емес!

Иә, қазір пластикалық ота жасату Алматы мен Астанада кеңінен таралды. Аршын төс, дүрдиген ерін, қима бел, жұмыр бөксе тәрізді жасанды сұлулық сәнге айналды. Біреулер қысық көзінен, қисық аяғынан ұялып, кәріліктен қашып пышаққа түсіп жатса, енді біреулердікі тіпті еріккеннің ермегі. Әсіресе, еуропалық қабақ синдромы кең етек алуда. Пластикалық хирургтер отаның дәл осы түрін жасатуға күніне кем дегенде екі адам келетінін айтады. Оның үстіне, елімізде оның бағасы Ресеймен салыстырғанда айтарлықтай арзан, 100 мың теңгеден басталады. Бұдан кейінгі кезекте қыз-келіншектердің артық майдан арылу үшін «липосакция» жасатуы. Қарын майларын сылып тастау 500 доллардың маңайында. Келбетіне көңілі толмағандар бет терісін тарттырып, омырауын көлеміне қарай 1000 доллардан бес мың доллар аралығында үлкейте алады. Бағалары қатардағы қарапайым халықтың қалтасына сай келмейді. Сондықтан пластикалық отаға он екі мүшесі сау болса да, қартаймас үшін жанталасқан отандық эстрада жұлдыздары, бақуаттылар мен шенеуніктер жиі жүгінеді. Және жасару синдромына ұшырағандар қатары артып келеді. Сәнқұмар қыз-келіншектердің дене бітімін өзгертуге деген құштарлығын байқағандар Қазақстанда да арнайы клиникалар ашып, кәсіптерін дөңгелетуде. Ұсқынсыз кейіппен кірген адамды сұлу етіп шығаратын отандық клиникалардың нақты саны бүгінде белгісіз.

Ал, Алла жаратқан дене мүшелерін өзгертіп, «мүйіз сұраймын деп, құлағынан айырылған» сәнқұмар қыз-келіншектер бармағын тістеуде. Сондықтан, мүмкіндігінше күтініп, әркім өзінің қайталанбас бірегейлігін, өзіндік ерекшелігін жоғалтпай өз уақытымен қартайғанға не жетсін.

Аяжан Төрехан 

kaz.365info.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста