Педофилдің құрбаны болғаным есіме түссе, жынданып кете жаздаймын
Қазір педофил туралы жиі айтылып жатыр ғой. Менің ойымша педофил әр заманда болған секілді. Тек қазір олар туралы неғұрлым жариялы қылуға, жазалауға асығамыз. Мәселенің барлығы аналардың қыздарын қараусыз қалдыруында, ер-азаматтарға дұрыс тәрбие бермеуде жатқан секілді.
Менің де ата-анам ертелі кеш савхоздың жұмысымен жүретін. Сол кездерде 4-сыныпта оқитын мені, сіңілімді, және інімді сыртымыздан қамап кететін. Мен 10-ның кезінде тұрып інім мен сіңілімді тамақтандырып, сосын сабағымды оқуым керек болатын. Түсте шешем асығыс келіп, тамағымызды беріп, өзі асығыс шала-пұла бірдеңелерді жей сала қайта жұмысқа кететін. Түсте сабаққа кеткенімде інім мен сіңіліме алыстау ағайынның баласы, біздің үйде жатып оқитын сол кездерде 8-9 оқитын туысқан ағамыз ие болып қалатын. Есімде еміс еміс қалғаны кей кездері сол туысқан ағам тусте сабақтан келе сала менің о жер, бұ жеріме қол жүгіртетін. Бірақ жақсы емес нәрсе екенін ішім сезгендіктен ол туралы ешкімге айтпайтынмын. Расында да ол кездерде мұндай әңгіме мүлдем айтылмайтын. Шешеммен ондай әңгіме қылмақ түгілі, теледидардан да ертелі кеш жаласып жататындар болмайтын.
Еміс еміс есімде бірнеше рет жүрген жерімнен ізімнен ере келіп, қораның ішінде ойындағысын да іске асырды. Бірақ ол туралы ешкімге айтқан емеспін. Кейін 10 бітірген соң ол үйіне кетті, одан ары оқуға кетті деп естігем. Сонымен бұл оқиға жабулы қазан жабулы күйінде қалды. Кейін ойласам ол менен үш жас кіші сіңілімді де әурелеген секілді. Бірақ әлі күнге одан ол туралы сұрауға бата алмаймын. Ол оқиғаны мүлдем есіме де алғым келмейді. Кейін мен мектеп бітіріп, қалаға кеттім, тұрмысқа шықтым. Шынымды айтсам сол кездері педофилдің ірекетінің не екенін де түсінбейтінмін. Тұрмысқа шығар алдында сол туралы ойлап қатты қамықтым. Бірақ өмірім жақсы арнаға түсті. Бәрі ұмытылғандай болды. Бірақ кейде есіме түссе жанымды қоярға жер таппаймын. Аллаға шүкір, балаларым бар. Бірақ сол оқиға есіме түссе жаман болам. Кейін әкем дүниеден қайтты. Сіңілім де тұрмыста, Шымкент жақта тұрады. Анам інімнің қолына қоныс аударды. Қазір әлгі біздің үйде жатып алып білгенін істеген ағайдың қайда екенін де білмеймін. Бірақ ақыл есі дұрыс адамның сондай қылыққа неге барғанын түсінбеймін. Айтайын дегенім аналар қыздарығызды қараусыз қалдырмаңыздаршы. Педофилдің әрекеті менің тіс жармағанымның арқасында тыныш қалды. Алайда бүгінгі күні күн сайын айтылып жатқан педофилдерге қарап ойланам. Олар әрқашан болған, бола беруі де мүмкін. Тек өз өзімізге абай болайықшы.
Сабира, Алматы қаласы.