«Пәктік» жасатқаныммен, арыма тыныштық бола ма?
Есімім – Жібек. Жиырма бір жаста едім. Жамбылдағы пединституттың екінші курсында оқып жүрген кезім. Жатақхананы паналап,бір шəкіртақымен күн көріп жүрген шағым. Сол жатақханада Алмас есімді жігіт тұратын. Алғаш танысқан күннен сыпайы. Əдепті. Қыз көңілін қалай жаулауды білетін. Жігіттің түр-тұлғасы, жүріс-тұрысы талай қызды өзіне ынтық еткен. Ал, мен Алмасқа қатты ғашық болдым. Жігіттің де мен деген де шығарға жаны бөлек екенін аңғардым. Сосын кездесе бастадық. Желтоқсанның соңы маған шəкіртақым түспей, мен ауылға қайта алмадым. Ал, Алмас сол сəтті күткендей маған жаңа жылды бірге қарсы алайық деген ұсынысын айтты. Мен қуандым. Ғашық жанмен жаңа жылды қарсы алу - ертегі , əрі жүрегімдегі қалау еді.
Отыз бірінші желтоқсан келді. Алмас дастархан жайды. Сыйлығын сыйлады. Тəтті сөзге, жылы көзқарасқа жаным жадырап, алғаш ақ қайнардың дəмін таттым. Сол ақ қайнардан кейін Алмастың мені құшағына алып, аймалаған сəтінде оған тоқтам қоя алмадым. Əйел заты болған соң еріксіз əлсіз қарсылық көрсеттім. Ол əлсіз қарсылықты жас жігіт қабылдамады. Маған үйленетінін айтып, ант су ішті. Тамағымнан иіскеп, ернімнен сүйіп мені лəззаттың тереңіне тарта берді, тарта берді. Сол түні мен гүлімді үздірдім. Алмас мені пəктігімнен айырды. Сол оқиғадан бір аптадан соң Алмас тіптен өзгеріп шыға келді. Жатақханадан көшіп кетті. Шарқ ұра іздедім. Таппадым. Берген ант пен уəденің орындалмай қалғанына қынжылдым. Бəрін бір түн үшін жасаған ісіне өкінбейді ме? Менің де кінəм бар. Ол - сенгенім. Ауылдан ұзап шықпаған, сөз бен уəденің адамдарын көп көрген соң болар, мен Алмас жалған сөз айтады деп ойлаған жоқпын. Алты ай қыз бен жігіт болып жүрдік. Сол кезде менің көңіл көзімді соқыр етіп, мені өзіне жақындатты. Мені əке-шешесімен таныстырды. Сосын осал тұсымды пайдаланды.
Қазір, өзімді түсінеді-ау деген жігітті кездестірдім. Бірақ өмірімде болған ащы сабақты айта алар емеспін. Ал қазіргі медицина дамыған заманда жасалмалы «пәктік» жасатқаныммен,арыма тыныштық бола ма? Не істерімді білмей қатты қиналып кеттім.Грузиндердің əдеп туралы жазған бір философының сөзін кез-келген қыз ұмытпауы керек сияқты. " Жас қыз ер жігітпен кешке жалқы шай ішпе, я ісің бұзылады, я ұйқың бұзылады".
Менің ісім бұзылды, ұйқым бұзылды, жүйкем тозды. Мерекеде ағат қадамнан сақ болған жөн. Кейін бармақ тістеп өкінбес үшін.